Меню

Страницы

Статья

Атырау – адалдық алаңы

“Атырау - адалдық алаңы” жобалық кеңсесі
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды қалыптастыру - біздің ортақ мақсатымыз
Атырау қ. Темірханов көшесі 2 а

Атырауда «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Құрметті Атырау облысының тұрғындары және қонақтары!

Өңірімізде «Атырау-адалдық алаңы» жобасы өз қызметін бастап кетті.

Жобаның көздеген үш айқын мақсаты бар:

Олар:

  1. Өңіріміздегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту;
  2. Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру;
  3. Атырау облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту.

Осыған байланысты, жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құру мақсатында Атырау өңірінің тұрғындарын және аталған дертке бей-жай қарамайтын белсенді азаматтарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырады.

«Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тұрмыстық жемқорлықты жою мен азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында тұрғындардан келесі салалар бойынша ұсыныстар мен пікірлер қабылдайды:

  • Білім беру саласы;
  • Денсаулық сақтау саласы;
  • Әлеуметтік қамсыздандыру саласы;
  • Сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы;
  • Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салалары;
  • Мемлекеттік кіріс органдары саласы;
  • Сот және құқық қорғау органдары салалары;
  • Балық шаруашылығы.

Барлық ұсыныстарыңызды «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің adal_atyrau@bk.ru электрондық мекен-жайына жолдауыңызға болады.

Сонымен қатар,мемлекеттік қызмет алу барысында Сіздің құқығыңыздың бұзылу фактілері мен мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда +77026922652 (whatsapp), нөмірлеріне ескертулеріңізді жолдауыңызға болады.

Бұдан басқа, жобалық кеңсе Facebook («Атырау–адалдық алаңы») және Instagram(@atyray_adaldyq_alany) секілді әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жасап, жаңалықтарымен бөлісіп отырады. Аталған парақшаларға тіркелуге шақырамыз.

Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Қулманова көшесі, 113  «Жерұйық» бизнес орталығы 4 қабат 2.

Кеңсенің жұмыс уақыты: 9:00-13:00 // 14:30-18:00 (жұмыс күндері).

 

 

Дата публикации
02 ноября 2020
Дата обновления
02 ноября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы