Меню

Страницы

Статья

Облыстың қаржы нарығының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы

№ 9 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2020 жылғы 08 қазан

 

 

 

Облыстың қаржы нарығының

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

 

ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының мемлекеттік қызметі. Тұтынушылар «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы алуға болады. 2020 жылғы қаңтар-тамызда 9 лицензия қайта рәсімделді.

Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы тамызда 2020 жылғы шілдеге тұтыну бағаларының индексі 100,2%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына 100,1% деңгейінде қалыптасты, азық-түлік емес тауарларға - 100,2% және ақылы қызметтерге – 100,2%.

2020 жылғы тамызда 2019 жылғы тамызға тұтыну бағаларының индексі 107,0% құрады.

Облыстың банк секторы. 2020 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктің 21* филиалы, 55 жеке үй-жайы, 74 айырбастау пункті жұмыс істеді.

Облыстың несие нарығы. 2020 жылғы қаңтар-тамызда облыстың екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – ЕДБ) филиалдарымен 227,3 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 19,3%-ға немесе 54,3 млрд. теңгеге аз.

Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 21,2%-ға 98,2 млрд. теңгеге дейін азайды, жеке тұлғаларға –17,7%-ға 129,1 млрд. теңгеге дейін.

Ұлттық валютамен берілген несиелер 13,4%-ға 219,7 млрд. теңгеге дейін азайды, шетел валютасымен – 72,7 %-ға, 7,6 млн. теңгеге дейін.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы қаңтар-тамызда 18,1 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы көрсеткіштен 42,8%-ға төмен.

2020 жылғы қаңтар-тамызда азаматтарға тұтыну мақсаттарға 101,0 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы көрсеткіштен 24,6%-ға төмен. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 44,4%-ды құрайды.

2020 жылғы қаңтар-тамызда халыққа берілген ипотекалық несиелер 15,7 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 15%-ға өскен.

2020 жылғы 1 қыркүйекке облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 483,9 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда 11%-ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 17,6%-ға көбейді және 311,8 млрд. теңгені құрады, заңды тұлға-лардікі 172,1 млрд. теңгені құрап 0,7%-ға өсті.

* Соның ішінде «Қазинвестбанк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ филиалдары таратылу сатысында

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ипотекалық несиелер бойынша халықтың берешегі 61,0 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда 23,4 %-ға өсті.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,5%-ға азайды және 42,5 млрд. теңгені құрады.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 жылғы 1 қыркүйекке 2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда 13,8%-ға өсті және 34,5 млрд. теңгені құрады. Осы ретте мерзімі өткен берешектердің жалпы көлеміндегі заңды тұлғалардың үлесі 66,1% құрады, жеке тұлғалардікі – 33,9%.

Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы тамызда ЕДБ филиалдарымен барлығы 96,1 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2020 жылғы шілдеге қарағанда 83,3%-ға төмен. Осы ретте жеке тұлғалардан 23,3 млрд. теңге депозит тартылды (2020 жылғы шілдемен салыстырғанда 27,4%-ға төмен), заңды тұлғалардан – 72,8 млрд.теңге (86,6%-ға төмен).

2020 жылғы 1 қыркүйекке ЕДБ филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда 27,1%-ға көбейді және 398,4 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 7,7%-ға өсті, ал заңды тұлғалардікі –71,2%-ға. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 58,8% (234,4 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі – 41,2% (164,0 млрд.теңге).

2020 жылғы 1 қыркүйекке ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 49,7% немесе 197,9 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен – 50,3% немесе 200,6 млрд. теңге.

2020 жылғы 1 қыркүйекке ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,2% құрады, шетел валютасында - 0,8%.

Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 100 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 74 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 11 – уәкілетті ұйымдардікі.

2020 жылғы қаңтар-тамызда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 57,8 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 10,5%-ға төмен. Сонымен қатар 1,9 млн. еуро (86,0%-ға азайды), 539,1 млн. ресей рублі (66,5%-ға азайды) сатып алынды.

Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы қаңтар-тамызда халыққа 166,5 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 53,5%-ға азайды. Бұдан басқа халыққа 6,1 млн. еуро (94,5%-ға азайды), 1 524,9 млн. ресей рублі (86,7%-ға азайды) сатылды.

2020 жылғы тамызда сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 420,05 және 423,47 теңге, 1 еуро үшін 493,71 және 499,09 теңге, 1 ресей рублі үшін 5,63 және 5,72 теңгені құрады.

Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтар-тамызда банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 11 160,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 13,8-ға көп.

Осы ретте сегіз ай ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 1 426,6 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 33,5%-ға артық.

2020 жылғы 1 қыркүйекте клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 2,5%-ға өсті және 209,4 млрд. теңгені құрады. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 28,8%-ға 36,4 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 1,8%-ға азайды және 172,9 млрд. теңгені құрады.

Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 қыркүйекке айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1 782,3 мың бірлікті құрады (2019 жылғы 1 қыркүйекке – 1 521 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны - 1 480,5 мың адам (өткен жылғы 1 қыркүйекке – 1 335 мың адам). Облыста 613 банкомат, 5563 POS-терминал жұмыс жасайды.

2020 жылғы қаңтар-тамызда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 795,3 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 5,5 есеге жоғары) 61 923,9 мың транзакция (өсім 7,1 есеге) жасалды.

2020 жылғы қаңтар-тамызда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 463,3 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 4,6%-ға төмен) 8 482,4 мың транзакция (17,2%-ға төмен) жасалды.

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы