ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы
№ 8 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2020 жылғы 09 қыркүйек
Облыстың қаржы нарығының
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдайы
ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының мемлекеттік қызметі. Тұтынушылар «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы алуға болады. 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 9 лицензия қайта рәсімделді.
Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы шілдеде 2020 жылғы маусымға тұтыну бағаларының индексі 100,5%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына 100,4% деңгейінде қалыптасты, азық-түлік емес тауарларға - 100,2% және ақылы қызметтерге - 100,8%.
2020 жылғы шілдеде 2019 жылғы шілдеге тұтыну бағаларының индексі 107,0% құрады.
Облыстың банк секторы. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктің 21* филиалы, 56 жеке үй-жайы, 74 айырбастау пункті жұмыс істеді.
Облыстың несие нарығы. 2020 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – ЕДБ) филиалдарымен 196,1 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 15,1 %-ға немесе 34,8 млрд. теңгеге аз.
Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 9,2%-ға 87,3 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғаларға 19,2%-ға 108,8 млрд. теңгеге дейін азайды.
Ұлттық валютамен берілген несиелер 13,9%-ға 188,8 млрд. теңгеге дейін азайды, шетел валютасымен - 37,1 %-ға, 7,3 млрд. теңгеге дейін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 16,2 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі көрсеткіштен 40,0%-ға төмен.
2020 жылғы қаңтар-шілдеде азаматтарға тұтыну мақсаттарға 86,1 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі көрсеткіштен 25,4%-ға төмен. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 43,9%-ды құрайды.
2020 жылғы қаңтар-шілдеде халыққа берілген ипотекалық несиелер 11,8 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 2,8 % -ға төмен.
2020 жылғы 1 тамызға облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 481,1 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда 15,4-ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 тамызда облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
* Соның ішінде «Қазинвестбанк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ филиалдары таратылу сатысында
19,5%-ға көбейді және 309,5 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 171,6 млрд. теңгені құрап, 8,7%-ға өсті.
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 58,4 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда 20,7 %-ға өсті.
Ағымдағы жылғы 1 тамызда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,9%-ға өсті және 43,3 млрд. теңгені құрады.
Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 ж. 1 тамызға 2019 ж. 1 тамызбен салыстырғанда 15,1%-ға өсті және 35,4 млрд. теңгені құрады. Осы ретте мерзімі өткен берешектердің жалпы көлеміндегі заңды тұлғалардың үлесі 67,2% құрады, жеке тұлғалардікі -32,8%.
Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы шілдеде ЕДБ филиалдарымен барлығы 575,4 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2020 жылғы маусымға қарағанда 30,2%-ға төмен. Осы ретте жеке тұлғалардан - 32,1 млрд. теңге (2020 жылғы маусыммен салыстырғанда 3,5%-ға төмен), заңды тұлғалардан 543,3 млрд.теңге (27,2%-ға төмен) депозит тартылды.
2020 жылғы 1 тамызға ЕДБ филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда 21,1%-ға көбейді және 405,7 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 5,2%-ға өсті, ал заңды тұлғалардікі - 51,9%-ға. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 57,2% (231,9 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі - 42,8% (173,8 млрд.теңге).
2020 жылғы 1 тамызға ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 52,4% немесе 212,4 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен - 47,6% немесе 193,3 млрд. теңге.
2020 жылғы 1 тамызға ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,2% құрады, шетел валютасында - 0,8%.
Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 100 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 74 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 11 – уәкілетті ұйымдардікі.
2020 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 49,8 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 24,5%-ға төмен. Сонымен қатар 1,7 млн. еуро (36,8%-ға азайды), 491,2 млн. ресей рублі (67,9%-ға азайды) сатып алынды.
Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы қаңтар-шілдеде халыққа 147,0 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 63,0%-ға азайды. Бұдан басқа халыққа 5,4 млн. еуро (79,0%-ға азайды), 1 349,5 млн. ресей рублі (70,7%-ға азайды) сатылды.
2020 жылғы шілдеде сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 412,68 және 416,60 теңге, 1 еуро үшін 475,86 және 482,00 теңге, 1 ресей рублі үшін 5,73 және 5,82 теңгені құрады.
Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтар-шілдеде банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 9 794,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 17,0-ға көп.
Осы ретте жеті ай ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 1 221,4 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейден 33,4%-ға артық.
2020 жылғы 1 тамызда клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 11,9%-ға азайды және 195,7 млрд. теңгені құрады. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 33,9%-ға 37,0 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 18,4%-ға азайды және 158,7 млрд. теңгені құрады.
Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 тамызға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1 741,4 мың бірлікті құрады (2019 ж. 1 тамызға – 1 489,5 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны - 1 445,3 мың адам (өткен жылғы 1 тамызға – 1 308,6 мың адам). Облыста 613 банкомат, 5563 POS-терминал жұмыс жасайды.
2020 жылғы қаңтар-шілдеде төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 664,7 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 5,5 есеге жоғары) 51 201,8 мың транзакция (өсім 7,0 есеге) жасалды.
2020 жылғы қаңтар-шілдеде карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 406,3 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,1%-ға төмен) 7 560,1 мың транзакция (14,6%-ға төмен) жасалды.