ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы
№ 7 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2020 жылғы 04 тамыз
Облыстың қаржы нарығының
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдайы
ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының мемлекеттік қызметі. Тұтынушылар «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы алуға болады. 2020 жылғы қаңтар-маусымда 7 лицензия қайта рәсімделді.
Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы маусымда 2020 жылғы мамырға тұтыну бағаларының индексі 100,5%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына 100,9% деңгейінде қалыптасты, азық-түлік емес тауарларға - 100,4% және ақылы қызметтерге - 100,1%.
2020 жылғы маусымда 2019 жылғы маусымга тұтыну бағаларының индексі 106,8% құрады.
Облыстың банк секторы. 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктің 21* филиалы, 57 жеке үй-жайы, 75 айырбастау пункті жұмыс істеді.
Облыстың несие нарығы. 2020 жылғы қаңтар-маусымда облыстың екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – ЕДБ) филиалдарымен 176,8 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 7,2 %-ға немесе 13,7 млрд. теңгеге аз.
Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 2,0%-ға 81,5 млрд. теңгеге дейін өсті, жеке тұлғаларға 13,9%-ға 95,3 млрд. теңгеге дейін азайды.
Ұлттық валютамен берілген несиелер 6,4%-ға 169,6 млрд. теңгеге дейін азайды, шетел валютасымен - 22,2 %-ға, 7,2 млрд. теңгеге дейін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы қаңтар-маусымда 15,0 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткіштен 33,5%-ға төмен.
2020 жылғы қаңтар-мусымда азаматтарға тұтыну мақсаттарға 75,9 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткіштен 20,0%-ға төмен. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 42,9%-ды құрайды.
2020 жылғы қаңтар-маусымда халыққа берілген ипотекалық несиелер 9,4 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 7,6 % -ға төмен.
2020 жылғы 1 шілдеге облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 485,1 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда 18,1%-ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 шілдеде облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
* Соның ішінде «Қазинвестбанк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ филиалдары таратылу сатысында
24,2%-ға көбейді және 312,2 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 172,9 млрд. теңгені құрап, 8,4%-ға өсті.
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 57,3 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда 20,8 %-ға өсті.
Ағымдағы жылғы 1 шілдеге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,3%-ға өсті және 44,4 млрд. теңгені құрады.
Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 ж. 1 шілдеге 2019 ж. 1 шілдемен салыстырғанда 4,9%-ға өсті және 32,8 млрд. теңгені құрады. Осы ретте мерзімі өткен берешектердің жалпы көлеміндегі заңды тұлғалардың үлесі 65,9% құрады, жеке тұлғалардікі -34,1%.
Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы маусымда ЕДБ филиалдарымен барлығы 779,5 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2020 жылғы мамырға қарағанда 30,2%-ға көп. Осы ретте жеке тұлғалардан - 33,3 млрд. теңге (2020 жылғы мамырмен салыстырғанда 6,7%-ға жоғары), заңды тұлғалардан 746,2 млрд.теңге (31,5%-ға өскен) депозит тартылды.
2020 жылғы 1 шілдеге ЕДБ филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда 17,7%-ға көбейді және 393,3 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 3,4%-ға өсті, ал заңды тұлғалардікі - 45,3%-ға. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 57,7% (227,0 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі - 42,3% (166,3 млрд.теңге).
2020 жылғы 1 шілдеге ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 53,8% немесе 211,4 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен - 46,2% немесе 181,9 млрд. теңге.
2020 жылғы 1 шілдеге ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,2% құрады, шетел валютасында - 0,9%.
Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 105 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 75 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 15 – уәкілетті ұйымдардікі.
2020 жылғы қаңтар-маусымда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 43,0 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 8,9%-ға төмен. Сонымен қатар 1,5 млн. еуро (40,6%-ға азайды), 452,5 млн. ресей рублі (34,3%-ға азайды) сатып алынды.
Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы қаңтар-маусымда халыққа 129,2 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 40,0%-ға азайды. Бұдан басқа халыққа 4,7 млн. еуро (62,9%-ға азайды), 1 234,7 млн. ресей рублі (48,4%-ға азайды) сатылды.
2020 жылғы маусымда сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 402,16 және 406,66 теңге, 1 еуро үшін 449,92 және 455,01 теңге, 1 ресей рублі үшін 5,77 және 5,86 теңгені құрады.
Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтар-маусымда банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 8 387,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 22,1%-ға көп.
Осы ретте алты ай ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 1 035,3 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейден 36,8%-ға артық.
2020 жылғы 1 шілдеге клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 2,6%-ға азайды және 198,6 млрд. теңгені құрады. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 32,4%-ға 36,3 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 8,0%-ға азайды және 162,3 млрд. теңгені құрады.
Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 шілдеге айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1 721 мың бірлікті құрады (2019 ж. 1 шілдеге – 789,5 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны – 1 441,1 мың адам (өткен жылғы 1 шілдеге – 641 мың адам). Облыста 613 банкомат, 5563 POS-терминал жұмыс жасайды.
2020 жылғы қаңтар-маусымда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 548,6 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 5,6 есеге жоғары) 41 825,9 мың транзакция (өсім 7,0 есеге) жасалды.
2020 жылғы қаңтар-маусымда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 350,7 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,0%-ға төмен) 6 672,8 мың транзакция (11,1%-ға төмен) жасалды.