Меню

Страницы

Статья

Облыстың қаржы нарығының 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

   ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы

              № 6 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

                2020 жылғы 09 шілде

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстың қаржы нарығының

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдайы

 

Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы мамырда 2020 жылғы сәуірге тұтыну бағаларының индексі 100,5%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына - 101,5%, азық-түлік емес тауарларға - 100,2% және ақылы қызметтерге 99,5% деңгейінде қалыптасты.

2020 жылғы мамырда 2019 жылғы мамырға тұтыну бағаларының индексі 106,5% құрады.

Облыстың банк секторы. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктің 21* филиалы, 57 жеке үй-жайы, 74 айырбастау пункті жұмыс істеді.

Облыстың несие нарығы. 2020 жылғы қаңтар-мамырда облыстың ЕДБ филиалдарымен 146,5 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 4,8 %-ға немесе 7,4 млрд. теңгеге аз.

Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 9,9%-ға 70,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, жеке тұлғаларға - 15,3%-ға 76,1 млрд. теңгеге дейін азайды.

Ұлттық валютамен берілген несиелер 6,0%-ға 139,4 млрд. теңгеге дейін азайды, шетел валютасымен - 26,6 %-ға 7,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы қаңтар-мамырда 11,1 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-мамырдағы көрсеткіштен 43,0%-ға төмен.

2020 жылғы қаңтар-мамырда азаматтарға тұтыну мақсаттарға 60,8 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-мамырдағы көрсеткіштен 21,1%-ға төмен. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 41,5%-ды құрайды.

2020 жылғы қаңтар-мамырда халыққа берілген ипотекалық несиелер 6,9 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 17,2 % -ға төмендеген.

2020 жылғы 1 маусымға облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 485,2 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 21,3%-ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 маусымда облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7%-ға көбейді және 308,6 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 176,6 млрд. теңгені құрап, 14,3%-ға өсті.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 56,1 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 20,2 %-ға өсті.

* Соның ішінде «Қазинвестбанк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ филиалдары таратылу сатысында

Ағымдағы жылғы 1 маусымға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,9%-ға азайды және 42,9 млрд. теңгені құрады.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 ж. 1 маусымға 2019 ж. 1 маусыммен салыстырғанда 3,5%-ға өсті және 32,4 млрд. теңгені құрады. Осы ретте мерзімі өткен берешектердің жалпы көлеміндегі заңды тұлғалардың үлесі 66,0% құрады, жеке тұлғалардікі -34,0%.

Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы мамырда екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен барлығы 598,8 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2020 жылғы сәуірге қарағанда 8,7%-ға көп. Осы ретте жеке тұлғалардан 31,2 млрд. теңге (2020 жылғы сәуірмен салыстырғанда 14,6%-ға төмен) депозит тартылды, заңды тұлғалардан - 567,6 млрд.теңге (10,3%-ға өскен).

2020 жылғы 1 маусымға екінші деңгейдегі банктер филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 15,4%-ға көбейді және 371,6 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 1,2%-ға өсті, ал заңды тұлғалардікі - 47,6%-ға. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 60,9% (226,3 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі - 39,1% (145,3 млрд.теңге).

2020 жылғы 1 маусымға ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 52,5% немесе 195,1 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен - 47,5% немесе 176,5 млрд. теңге.

2020 жылғы 1 маусымға ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,2% құрады, шетел валютасында - 0,9%.

Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 106 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 74 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 17 – уәкілетті ұйымдардікі.

2020 жылғы қаңтар-мамырда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 35,6 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың сәйкес көрсеткішінен 11,3%-ға төмен. Сонымен қатар 1,3 млн. еуро (40,2%-ға азайды), 406,5 млн. ресей рублі (28,9%-ға азайды) сатып алынды.

Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы қаңтар-мамырда халыққа 107,9 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 30,7%-ға азайды. Бұдан басқа халыққа 4,1 млн. еуро (54,6%-ға азайды), 1 104,4 млн. ресей рублі (43,5%-ға азайды) сатылды.

2020 жылғы мамырда сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 417,59 және 422,70 теңге, 1 еуро үшін 457,07 және 463,23 теңге, 1 ресей рублі үшін 5,73 және 5,87 теңгені құрады.

Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтар-мамырда банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 6 858,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 18,1%-ға көп.

Осы ретте бес ай ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 834,4 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-мамырдағы деңгейден 36,5%-ға артық.

2020 жылғы 1 маусымға клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 9,5%-ға азайды және 193,1 млрд. теңгені құрады. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 37,7%-ға 35,5 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 16,0%-ға азайды және 157,6 млрд. теңгені құрады.

Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 маусымға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1 668,7 мың бірлікті құрайды (2019 ж. 1 маусымға – 793,7 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны – 1373,9 мың адам (өткен жылғы 1 маусымға – 642,1 мың адам). Облыста 607 банкомат, 5104 POS-терминал жұмыс жасайды.

2020 жылғы қаңтар-мамырда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 437,1 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7 есеге жоғары) 32 551,7 мың транзакция (өсім 6,9 есе) жасалды.

2020 жылғы қаңтар-мамырда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 287,3 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,7%-ға төмен) 5 617,5 мың транзакция (8,5%-ға төмен) жасалды.

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы