ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы
№ 4 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2020 жылғы 12 мамыр
Облыстың қаржы нарығының
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдайы
Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы наурызда 2020 жылғы ақпанға тұтыну бағаларының индексі 100,5%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына - 101,0%, азық-түлік емес тауарларға - 100,1% және ақылы қызметтерге - 100,1% деңгейінде қалыптасты.
2020 жылғы наурызда 2019 жылғы наурызға тұтыну бағаларының индексі 106,4% құрады.
Облыстың банк секторы. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктің 21* филиалы, 57 жеке үй-жайы, 74 айырбастау пункті жұмыс істеді.
Облыстың несие нарығы. 2020 жылғы қаңтар-наурызда облыстың ЕДБ филиалдарымен 107,6 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 30,4%-ға немесе 25,1 млрд. теңгеге көп.
Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 28,5%-ға 44,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, жеке тұлғаларға – 31,7%-ға 63,3 млрд. теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютамен берілген несиелер – 31,1%-ға 102,6 млрд. теңгеге дейін, шетел валютасымен 16,7 %-ға, 5,0 млрд. теңгеге дейін көбейді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы қаңтар-наурызда 7,4 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 23,5%-ға төмен.
2020 жылғы қаңтар-наурызда азаматтарға тұтыну мақсаттарға 51,2 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 24,4%-ға көп. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 47,6%-ды құрайды.
2020 жылғы қаңтар-наурызда халыққа берілген ипотекалық несиелер 5,3 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,4 % -ға өсті.
2020 жылғы 1 сәуірге облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 502,1 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда 27,7%-ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 сәуірге облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,5%-ға көбейді және 319,0 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 182,2 млрд. теңгені құрап, 14,8%-ға өсті.
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 56,0 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда 23,4 %-ға өсті.
* Соның ішінде «Қазинвестбанк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ филиалдары таратылу сатысында
Ағымдағы жылғы 1 сәуірге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,7%-ға азайды және 43,9 млрд. теңгені құрады.
Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 ж. 1 сәуірге 2019 ж. 1 наурызбен салыстырғанда 13,0%-ға өсті және 34,9 млрд. теңгені құрады. Осы ретте заңды тұлғалардың мерзімі өткен берешектері – 9,8%-ға 23,2 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардікі 20,0%-ға 11,7 млрд. теңгеге дейін өсті.
Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы наурызда екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен барлығы 476,4 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2020 жылғы наурызға қарағанда 35,1%-ға аз. Осы ретте жеке тұлғалардан - 49,4 млрд. теңге (2020 жылғы науырзбен салыстырғанда 42,6%-ға өскен), заңды тұлғалардан 427,0 млрд.теңге (38,9%-ға азайды) депозит тартылды.
2020 жылғы 1 сәуірге екінші деңгейдегі банктер филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда 18,4%-ға көбейді және 397,3 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 4,6%-ға өсті, ал заңды тұлғалардікі - 47,2%-ға. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 59,7% (237,0 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі - 40,3% (160,3 млрд.теңге).
2020 жылғы 1 сәуірге ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 50,4% немесе 200,2 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен - 49,6% немесе 197,1 млрд. теңге.
2020 жылғы 1 сәуірге ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,8% құрады, шетел валютасында - 0,8%.
Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 106 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 74 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 17 – уәкілетті ұйымдардікі.
2020 жылғы қаңтар-наурызда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 26,5 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 14,2%-ға жоғары. Сонымен қатар 1,0 млн. еуро (30,2%-ға азайды), 349,2 млн. ресей рублі (4,0%-ға өскен) сатып алынды.
Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы қаңтар-наурызда халыққа 78,3 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 8,2%-ға азайды. Бұдан басқа халыққа 3,3 млн. еуро (26,9%-ға азайды), 834,0 млн. ресей рублі (24,4%-ға азайды) сатылды.
2020 жылғы наурызда сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 416,23 және 427,16 теңге, 1 еуро үшін 458,25 және 470,71 теңге, 1 ресей рублі үшін 5,61 және 5,85 теңгені құрады.
Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтар-наурызда банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 4 273,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 25,9%-ға көп.
Осы ретте үш ай ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 524,1 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейден 57,1%-ға артық.
2020 жылғы 1 сәуірге клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 44,3%-ға өсті және 220,8 млрд. теңгені құрады. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 34,4%-ға 30,7 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 46,1%-ға ұлғайды және 190,1 млрд. теңгені құрады.
Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 сәуірге айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1 601,9 мың бірлікті құрайды (2019 ж. 1 сәуірге – 789,7 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны – 1327,5 мың адам (өткен жылдғы 1 сәуірге – 639,0 мың адам). Облыста 607 банкомат, 5104 POS-терминал жұмыс жасайды.
2020 жылғы қаңтар-наурызда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 264,2 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 6,4 есеге жоғары) 19 036,0 мың транзакция (өсім 7,4 есе) жасалды.
2020 жылғы қаңтар-наурызда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 187,1 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 10,5%-ға жоғары) 3 830,6 мың транзакция (8,2%-ға жоғары) жасалды.