Меню

Страницы

Статья

Облыстың қаржы нарығының 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдайы

ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы

              № 3 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

                    2020 жылғы 2 сәуір

 

 

 

 

 

 

 

Облыстың қаржы нарығының

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдайы

Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы ақпанда 2020 жылғы қаңтарға тұтыну бағаларының индексі 101,0%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына - 101,0%, азық-түлік емес тауарларға - 100,7% және ақылы қызметтерге - 100,1% деңгейінде қалыптасты.

2020 жылғы ақпанда 2019 жылғы ақпанға тұтыну бағаларының индексі 106,1% құрады.

Облыстың банк секторы. 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі жиырма банктің 21* филиалы, 57 жеке үй-жайы, 73 айырбастау пункті жұмыс істеді.

Облыстың несие нарығы. 2020 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың ЕДБ филиалдарымен 68,1 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 27,1%-ға немесе 14,5 млрд. теңгеге көп.

Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 12,3%-ға 25,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, жеке тұлғаларға – 37,8%-ға 42,8 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютамен берілген несиелер – 28,1%-ға 64,6 млрд. теңгеге дейін, шетел валютасымен 11,1 %-ға, 3,5 млрд. теңгеге дейін көбейді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы қаңтар-ақпанда 5,3 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы көрсеткіштен 6,4%-ға төмен.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда азаматтарға тұтыну мақсаттарға 34,6 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы көрсеткіштен 32,3%-ға көп. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 50,9%-ды құрайды.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда халыққа берілген ипотекалық несиелер 3,7 млр. теңгені құрады, 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,2 % -ға өсті.

2020 жылғы 1 наурызға облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 488,4 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда 25,7%-ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 наурызға облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,6%-ға көбейді және 318,0 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 170,4 млрд. теңгені құрап, 8,2%-ға өсті.

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 55,3 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда 23,4 %-ға өсті.

* Соның ішінде «Қазинвестбанк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ филиалдары таратылу сатысында

Ағымдағы жылғы 1 наурызға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,8%-ға көбейді және 43,4 млрд. теңгені құрады.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 ж. 1 наурызға 2019 ж. 1 наурызбен салыстырғанда 12,8%-ға өсті және 34,5 млрд. теңгені құрады. Осы ретте заңды тұлғалардың мерзімі өткен берешектері – 11,8%-ға 23,5 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардікі 15,0%-ға 11,0 млрд. теңгеге дейін өсті.

Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы ақпанда екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен барлығы 733,5 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 18,7%-ға көп. Осы ретте жеке тұлғалардан - 34,6 млрд. теңге (2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 25,5%-ға өскен), заңды тұлғалардан 698,9 млрд.теңге (18,4%-ға өскен) депозит тартылды.

2020 жылғы 1 наурызға екінші деңгейдегі банктер филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда 19,8%-ға көбейді және 376,0 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 4,9%-ға өсті, ал заңды тұлғалардікі - 57,4%-ға. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 62,8% (236,0 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі - 37,2% (140,0 млрд.теңге).

2020 жылғы 1 наурызға ұлттық валютадағы салымдардың үлесі – 55,0% немесе 206,6 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен - 45,0% немесе 169,4 млрд. теңге.

2020 жылғы 1 наурызға ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,9% құрады, шетел валютасында - 0,8%.

Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 105 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 73 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 17 – уәкілетті ұйымдардікі.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 18,2 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 22,6%-ға жоғары. Сонымен қатар 0,7 млн. еуро (12,4%-ға азайды), 223,0 млн. ресей рублі (4,3%-ға өскен) сатып алынды.

Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы қаңтар-ақпанда халыққа 47,0 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 18,1%-ға азайды. Бұдан басқа халыққа 2,6 млн. еуро (1,0%-ға көбейді), 489,2 млн. ресей рублі (33,3%-ға азайды) сатылды.

2020 жылғы ақпанда сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 377,81 және 380,45 теңге, 1 еуро үшін 412,23 және 415,91 теңге, 1 ресей рублі үшін 5,83 және 5,92 теңгені құрады.

Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтар-ақпанда банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 2 956,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 28,9%-ға көп.

Осы ретте екі ай ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 326,8 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы деңгейден 48,4%-ға артық.

2020 жылғы 1 наурызға клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 19,6%-ға 181,7 млрд. теңгеге дейін азайды. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 26,6%-ға 28,9 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 24,8%-ға төмендеді және 152,8 млрд. теңгені құрады.

Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 наурызға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1 560,7 мың бірлікті құрайды (2019 ж. 1 ақпанға – 790,2 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны – 1396,7 мың адам (өткен жылдың 1 наурызына – 637,7 мың адам). Облыста 717 төлем терминалдары, 582 банкомат, 5198 POS-терминал жұмыс жасайды.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 160,9 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,4 есеге жоғары) 11 972,1 мың транзакция (өсім 7,7 есе) жасалды.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 121,3 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,9%-ға жоғары) 2 529,2 мың транзакция (11,6%-ға жоғары) жасалды.

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

19 октября 2026
16 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы