Меню

Страницы

Статья

Облыстың қаржы нарығының 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдайы

 

ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы

             № 2 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

              2020 жылғы 5 наурыз

 

 

 

 

 

 

Облыстың қаржы нарығының

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдайы

Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы қаңтарда 2019 жылғы желтоқсанға тұтыну бағаларының индексі 100,8%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына - 101,1%, азық-түлік емес тауарларға - 100,9% және ақылы қызметтерге - 100,4% деңгейінде қалыптасты.

2020 жылғы қаңтарда 2019 жылғы қаңтарға тұтыну бағаларының индексі 105,5% құрады.

Облыстың банк секторы. 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі жиырма банктің 21* филиалы, 57 жеке үй-жайы, 72 айырбастау пункті жұмыс істеді.

Облыстың несие нарығы. 2020 жылғы қаңтарда облыстың ЕДБ филиалдарымен 30,4 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылғы қаңтарға қарағанда 11,8%-ға немесе 3,2 млрд. теңгеге көп.

Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 8,0%-ға 11,4 млрд. теңгеге дейін азайды, жеке тұлғаларға – 28,4%-ға 19,0 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютамен берілген несиелер – 12,3%-ға 28,1 млрд. теңгеге дейін, шетел валютасымен 6,6 %-ға, 2,3 млрд. теңгеге дейін көбейді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы қаңтарда 2,2 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 10,1%-ға төмен.

2020 жылғы қаңтарда азаматтарға тұтыну мақсаттарға 15,1 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 20,8%-ға көп. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 49,8%-ды құрайды.

2020 жылғы қаңтарда халыққа берілген ипотекалық несиелер 1,8 млр. теңгені құрады, 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,0 % -ға өсті.

2020 жылғы 1 ақпанға облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 449,0 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда 14,8%-ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 ақпанға облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,0%-ға көбейді және 281,8 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 167,2 млрд. теңгені құрап, 3,2%-ға өсті.

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 54,7 млрд. теңгені құрады, 2020 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда 1,5 %-ға өсті.

*Соның ішінде «Қазинвестбанк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ филиалдары таратылу сатысында

Ағымдағы жылғы 1 ақпанға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,6%-ға азайды және 42,5 млрд. теңгені құрады.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 ж. 1 ақпанына 2019 ж. 1 ақпанымен салыстырғанда 0,5%-ға өсті және 31,2 млрд. теңгені құрады. Осы ретте заңды тұлғалардың мерзімі өткен берешектері – 1,0%-ға 21,3 млрд. теңгеге дейін төмендеп, жеке тұлғалардікі 4,1%-ға 9,9 млрд. теңгеге дейін өсті.

Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы қаңтарда екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен барлығы 617,8 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 2,5%-ға төмен. Осы ретте жеке тұлғалардан - 27,6 млрд. теңге (2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 28,9%-ға азайған), заңды тұлғалардан 590,2 млрд.теңге (0,8%-ға азайған) депозит тартылды.

2020 жылғы 1 ақпанға екінші деңгейдегі банктер филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда 22,2%-ға көбейді және 390,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы - 4,6%-ға, ал заңды тұлғалардікі 62,7%-ға өсті. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 59,7% (233,2 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі - 40,3% (157,7 млрд.теңге).

2020 жылғы 1 ақпанға ұлттық валютадағы салымдардың үлесі – 52,0% немесе 203,6 млрд. теңгені, шетел валютасымен 48,0% немесе 187,3 млрд. теңгені құрады.

2020 жылғы 1 ақпанға ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі – 8,0%, шетел валютасындағы салымдар бойынша 0,8%-ды құрады.

Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 105 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 72 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 18 – уәкілетті ұйымдардікі.

2020 жылғы қаңтарда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 10,1 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 43,8%-ға жоғары. Сонымен қатар 0,4 млн. еуро (18%-ға азайды), 108,0 млн. ресей рублі (5,1%-ға төмен) сатып алынды.

Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы қаңтарда халыққа 26,3 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда 9,0%-ға төмен. Бұдан басқа халыққа 1,4 млн. еуро (33,6%-ға көбейді), 201,8 млн. ресей рублі (39,6%-ға азайды) сатылды.

2020 жылғы қаңтарда сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 378,84 және 381,38 теңге, 1 еуро үшін 422,09 және 425,18 теңге, 1 ресей рублі үшін 6,06 және 6,14 теңгені құрады.

Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтарда банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 1 368,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда 16,5%-ға көп. Сонымен қатар бір ай ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 153,8 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылғы қаңтардағы деңгейден 42,9%-ға артық.

2020 жылғы 1 ақпанға клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 21,5%-ға 212,6 млрд. теңгеге дейін азайды. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 25,4%-ға 29,2 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 25,9%-ға төмендеді және 183,4 млрд. теңгені құрады.

Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 ақпанға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1 528,9 мың бірлікті құрайды (2019 ж. 1 ақпанына – 784,4 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны – 1347,3 мың адам (өткен жылдың 1 ақпанына – 632,7 мың адам). Облыста 717 төлем терминалдары, 582 банкомат, 5198 POS-терминал жұмыс жасайды.

2020 жылғы қаңтарда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 72,2 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,8 есеге жоғары) 5 408,1 мың транзакция (өсім 6,5 есе) жасалды.

2020 жылғы қаңтарда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 56,9 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда 7,2%-ға төмен) 1213,7 мың транзакция (2,3%-ға төмен) жасалды

Дата публикации
29 октября 2020
Дата обновления
29 октября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы