ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы
№ 1 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2020 жылғы 31 қаңтар
Облыстың қаржы нарығының
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы
ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының мемлекеттік қызметтері
|
Мемлекеттік қызметтің атауы |
2019 ж. қаңтар-желтоқсанда көрсетілген қызметтердің саны |
|
Валюталық операцияны тіркеу* |
23 |
|
Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау* |
2 |
|
Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру |
3 |
|
Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу |
1 |
|
Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу |
1 |
|
Барлығы |
30 |
«Уәкiлетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет тек электронды түрде «электрондық үкімет» порталы немесе электрондық лицензиялау арқылы көрсетіледі.
2020 жылғы 01 қаңтардан бастап «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» және «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызметтері ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциясы болып табылады.
Инфляция. Атырау облысы статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2019 жылғы желтоқсанда 2019 жылғы қарашаға тұтыну бағаларының индексі 100,6%-ды құрады. Тұтыну бағаларының индексі азық-түлік тауарларына – 101,0%, азық-түлік емес тауарларға – 100,6% және ақылы қызметтерге 100,2% деңгейінде қалыптасты.
2019 жылғы желтоқсанда 2018 жылғы желтоқсанға тұтыну бағаларының индексі 105,7% құрады.
Облыстың банк секторы. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі жиырма банктің 21** филиалы, 57 жеке үй-жайы, 74 айырбастау пункті жұмыс істеді.
Облыстың несие нарығы. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың ЕДБ филиалдарымен 437,0 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 25,8%-ға немесе 89,5 млрд. теңгеге көп. Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 19,4%-ға 189,2 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғаларға – 31,3%-ға 247,8 млрд. теңгеге дейін өсті.
______________________
* 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталынды.
** Соның ішінде «Қазинвестбанк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ филиалдары таратылу сатысында
Ұлттық валютамен берілген несиелер – 25,5%-ға 406,9 млрд. теңгеге дейін, шетел валютасымен 30,2 %-ға, 30,1 млрд. теңгеге дейін көбейді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 46,1 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 15,7%-ға төмен.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда азаматтарға тұтыну мақсаттарға 207,7 млрд. теңге берілді, бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көрсеткіштен 28,6%-ға көп. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 47,5%-ды құрайды.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда халыққа берілген ипотекалық несиелер 22,3 млр. теңгені құрады, 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 39,7 % -ға өсті.
2020 жылғы 1 қаңтарға облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 449,8 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 14,8%-ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8%-ға көбейді және 280,5 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 169,3 млрд. теңгені құрап, 3,5%-ға өсті.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 53,9 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 24,6 %-ға өсті.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,7%-ға азайды және 43,0 млрд. теңгені құрады.
Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2020 ж. 1 қаңтарына 2019 ж. 1 қаңтарымен салыстырғанда 2,0%-ға азайды және 30,4 млрд. теңгені құрады. Осы ретте заңды тұлғалардың мерзімі өткен берешектері – 4,3%-ға 20,6 млрд. теңгеге дейін төмендеп, жеке тұлғалардікі 3,4%-ға 9,8 млрд. теңгеге дейін өсті.
Облыстың депозит нарығы. 2019 жылғы желтоқсанда екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен барлығы 633,8 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2019 жылғы қарашаға қарағанда 11,8%-ға жоғары. Осы ретте жеке тұлғалардан - 38,8 млрд. теңге (2019 жылғы қарашамен салыстырғанда 34,2%-ға өскен), заңды тұлғалардан 595,0 млрд.теңге (10,6%-ға өскен) депозит тартылды.
2019 жылғы 1 қаңтарға екінші деңгейдегі банктер филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 8,8%-ға көбейді және 345,8 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы - 4,1%-ға, ал заңды тұлғалардікі 19,8%-ға өсті. Аталған мерзімге салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 67,0% (232,0 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі – 33,0% (113,8 млрд.теңге).
2020 жылғы 1 қаңтарға ұлттық валютадағы салымдардың үлесі – 58,4% немесе 202,0 млрд. теңгені, шетел валютасымен 41,6% немесе 143,7 млрд. теңгені құрады.
2020 жылғы 1 қаңтарға ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі – 8,0%, шетел валютасындағы салымдар бойынша 0,9%-ды құрады.
Облыстың валюта нарығы. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 108 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 74 – уәкілетті банктердікі, 15 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 19 – уәкілетті ұйымдардікі.
Айырбастау пункттерімен қолма – қол шетел валютасын сатып алу-сату көлемі млн. валюта
|
Валюта |
Сатып алу |
Сату |
||||
|
2019 ж. каңтар-желтоқсан |
2019 ж. қаңтар-желтоқсан 2018 ж. қаңтар- желтоқсанға, %-бен |
2019 ж. желтоқсандағы орташа безбенделген бағамы |
2019 ж. каңтар-желтоқсан |
2019 ж. қаңтар-желтоқсан 2018 ж. қаңтар- желтоқсанға, %-бен |
2019 ж. желтоқсандағы орташа безбенделген бағамы |
|
|
АҚШ доллары |
103,3 |
97,7 |
382,63 |
472,0 |
133,4 |
384,68 |
|
еуро |
5,4 |
136,5 |
423,60 |
25,5 |
118,3 |
427,30 |
|
ресей рублі |
1 431,4 |
90,1 |
6,07 |
4 672,1 |
44,8 |
6,15 |
|
ағылшын фунт стерлингі |
0,3 |
86,0 |
499,93 |
0,4 |
55,4 |
510,05 |
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 103,3 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2018 жылдың көрсеткішінен 2,3%-ға төмен. Сонымен қатар 5,4 млн. еуро (36,5%-ға өсті), 1431,4 млн. ресей рублі (9,9%-ға төмен) сатып алынды.
Облыстың айырбастау пункттерімен 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда халыққа 472,0 млн. АҚШ доллары сатылды, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 33,4%-ға өскен. Бұдан басқа халыққа 25,5 млн. еуро (18,3%-ға көбейді), 4 672,0 млн. ресей рублі (55,2%-ға азайды) сатылды.
2019 жылғы желтоқсанда сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 382,63 және 384,68 теңге, 1 еуро үшін 423,60 және 427,30 теңге, 1 ресей рублі үшін 6,07 және 6,15 теңгені құрады.
Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 15747,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 12,4%-ға көп. 2019 жылдың он екі айында жеке тұлғалардың шоттарына 1778,4 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 50,8%-ға артық.
2020 жылғы 1 қаңтарда клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2018 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 9,9%-ға 286,2 млрд. теңгеге дейін азайды. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 27,6%-ға 33,2 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 13,2%-ға төмендеді және 253,0 млрд. теңгені құрады.
Төлем карточкаларын пайдалану. 2020 жылғы 1 қаңтарға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1459,4 мың бірлікті құрайды (2019 ж. 1 қаңтарына – 778,2 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны – 1347,3 мың адам (өткен жылдың 1 қаңтарына – 627,5 мың адам). Облыста 717 төлем терминалдары, 582 банкомат, 5198 POS-терминал жұмыс жасайды.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 427,9 млрд. теңге сомасына (2018 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,6 есеге жоғары) 27008,9 мың транзакция (өсім 3,7 есе) жасалды.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 757,7 млрд. теңге сомасына (2018 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 16,4%-ға өсім) 15856,9 мың транзакция (өсім 24,4%-ға) жасалды.