Меню

Страницы

Статья

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялап, оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға міндетті.

Эфир уақытын, баспа алаңын және ақпарат көлемін шарттық негізде ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың және бірмандаттық  аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға және таратуға құқылы емес.

Үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді мына электрондық пошта мекенжайына жолдауға болады: tic_atr_obl@saylau.kz.

 Анықтама телефоны – 8(7122)529440, Есенжол Таңатарұлы Жұмағалиев.

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
22 октября 2026
22 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы