Меню

Страницы

Статья

Атырау облысында 6 айда жеке және заңды тұлғалардан 20 мыңға жуық өтініш келіп түскен

Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға 2020 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 18 211 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен өтініштер өткен жылдың алты айында 16 302 болған. Мамандардың айтуынша, биылғы жылы өтініштердің артуына карантин әсер еткен. Басым көбі медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты сондай-ақ еңбек қатынастары мәселелеріне байланысты сұрақтар. Сонымен қатар, осы жылдың 1 наурызынан бастап өңірде азаматтарды қабылдау жөніндегі фронт-кеңсе ашылған болатын. Мұнда  азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі сапалы қарастыру жөніндегі міндет қойылған.  Сондай-ақ, келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалып, кеңсе қажетті құрал-абдықтармен қамтылған. 
-    Қазіргі уақытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ұынылған сервистік әкімдік форматында Атырау қаласы және аудандар әкімдігінде фронт-кеңсе ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл өз кезегінде халықтың өтініш-тілектеріне құлақ асып, оларға құзырлы лауазымды тұлғалармен консультациялар және түсінік беру жұмыстарын жүзеге асыруға септігін тигізеді, - дейді облыс әкімдігі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Жандос Бөлекбаев.

Дата публикации
27 октября 2020
Дата обновления
27 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы