Меню

Страницы

Статья

Баспасөз релиз 22.10.2020

22 қазан 2020 жыл                                     Атырау қ.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы №439 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалды.

2016 жылғы 20 наурызда сайланған Мәжіліс депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімі 2021 жылғы наурызда аяқталады.

Сайлау заңнамасына сәйкес Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын Президент кемінде бес ай бұрын тағайындайды және ол Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын өткізіледі.

Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқаны көрсетілген конституциялық мерзімдерге сәйкес тағайындалды және кезекті болып табылады.

Орталық сайлау комиссиясы белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті мен Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады.

Осыған байланысты, қолданыстағы заңнама нормалары негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына оның аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан, 25 жасқа толған және бәсең сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша кандидат бола алмайды:

1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.

Саяси партия партиялық тізімдерді бекіту кезінде оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз проценті мөлшерінде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды қамтиды.

Бекітілген жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну кезеңі дауыс беру күнінен екі ай бұрын басталады және дауыс беру күнінен қырық күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Яғни, ағымдағы жылғы 10 қарашадан бастап 30 қараша күнгі сағат 18-00-ге дейін.

Партиялық тізімдерді тіркеу сайлаудан екі ай бұрын басталады және сайлауға бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады, яғни 2020 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсан күнгі 18-00 сағатқа дейін.

Конституциялық Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Осылайша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының жалпы ұзақтығы тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 82 күнді құрайды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында Орталық сайлау комиссиясының мәслихаттардың кезекті сайлауын тағайындау өкілеттігі көзделген.

Осыған байланысты мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қаңтардағы №29/334 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалды.

Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес, әкімшілік-аумақтық бірлік халқының санына сәйкес 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысымен олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтады.

Алдағы науқанда Атырау облысында 9 мәслихаттың 141 депутаты сайлануға тиіс. Олардың ішінде: облыстық мәслихаттың 31 депутаты, Атырау қалалық мәслихатында 24 депутат, аудандардың 7 мәслихатында 86 депутат бар.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша алдағы сайлау науқанының бірқатар ерекшеліктері бар:

Біріншіден, мәслихатқа сайлау алғаш рет саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша өтуде.

Екіншіден, сайлау туралы Конституциялық заңдағы өзгерістерге сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде бірыңғай аумақтық сайлау округі құрылады.

Үшіншіден, жиырма тоғыз жасқа толмаған әйелдер мен адамдардың саны партиялық тізімге енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Мәслихат депутаты болып жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Кандидаттың бәсеңі сайлау құқығы болуы керек. Яғни, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді аумақтық сайлау комиссиялары қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты ҚР ОСК-мен 2020 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары қабылданды. Соның негізінде әрбір аумақтық комиссия екі күн мерзімде Күнтізбелік жоспарлар қабылдайтын болады.

Осыған сәйкес депутаттыққа кандидаттарды ұсыну кезеңі 2020 жылғы 10 қарашадан бастап 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-ге дейін жалғасады.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен нөл сағатта аяқталады.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындыларын тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей белгілейді.

Мәслихаттардың сайланған депутаттарын тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

Атырау облысында 9 аумақтық, 265 учаскелік сайлау комиссиялары, оларда барлығы 1988 сайлау комиссиясының мүшелері бар.

Өңірде 265 сайлау учаскелері бар, олардың 11-і жабық учаскелер (ауруханалар, уақытша қамау орны, әскери бөлімше).

2020 жылғы 1 қазандағы жағдаймен облыста 409 133 сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытта сайлаушылардың тізімін нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, яғни 2020 жылдың 21 желтоқсанына дейінгі мерзімде әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкімдер қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырады.

Сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орындары, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттар 2020 жылдың 31 қазанына дейінгі мерзімде облыстық газеттерге және atyrau.gov.kz интернет-сайтына жарияланатын болады.

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 270256, 354461, 270969

интернет-сайт: atyrau.gov.kz tic_atr_obl@saylau.kz, aotik2012@mail.kz

Дата публикации
23 октября 2020
Дата обновления
23 октября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы