Меню

Страницы

Статья

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №536 «Атырау облысы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы» бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Атырау облысы әкімі аппараты басшысы міндетін атқарушысының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №474 бұйрығы

Атырау облысы әкімі аппараты
басшысының 2016 жылғы
20 желтоқсандағы №536 «Атырау
облысы әкімі аппаратының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту
туралы» бұйрығына толықтыру енгізу
туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Атырау облысы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №536 «Атырау облысы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы» бұйрығына келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атырау облысы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартында:

келесі мазмұндағы 5-1-тармақ толықтырылсын:

«5-1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, егер олардың мазмұны азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын болса алдын ала қоғамдық талқылауды, оның ішінде жобаларды Қоғамдық кеңес отырыстарында талқылау, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында және әкімдіктің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесін ғана басшылыққа алу;

3) өзі немесе үшінші тұлға үшін игіліктер алу мақсатында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге жол бермеу;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін теріс өкілеттіктер мен нормаларды жою.».

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Атырау облысы әкімі аппараты
басшысының міндетін атқарушы Ә.Ермекқали

Дата публикации
12 октября 2020
Дата обновления
12 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы