Меню

Страницы

Статья

Ақылды басқару

https://geo.eatyrau.kz/

Атырау облысында электронды қызмет алу автоматтандырылды.

Көптеген адамдар белгілі бір құжатты, рұқсатты немесе келісімді алуға, әсіресе жер учаскесін алу немесе құрылыс жүргізу кезінде көп уақыт жұмсау керек екені белгілі. Кейбір келісулер жарты жылға дейін және одан да көп уақытты талап етті. Енді "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының аясында цифрлық форматқа көшіру және автоматтандыру есебінен мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту мақсатында Атырау қаласында Электрондық қызметтер мен сервистер порталы іске қосылды.

Www.eatyrau.kz мекен-жайы бойынша орналасқан портал өтініш берушіге үйден немесе кеңседен шықпай қызмет алуға өтініш беруге мүмкіндік беріп қана қоймай, қаланың мемлекеттік органдары мен коммуналдық ұйымдары арасындағы келісу процесін толығымен автоматтандырады. Осылайша құжаттарды жіберу және олардың әрқайсысынан жауап күту уақыты қысқарады.

Қазіргі уақытта жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы барлық қызметтер автоматтандырылды. Олардың ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмаларын (СЖТ) алу, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды, эскиздік жобаларды келісу, жер учаскесіне құжаттарды ресімдеу және т. б. сұранысқа ие болып табылады. Портал өз жұмысын ағымдағы жылдың қаңтар айында бастады және 1000-нан астам өтінім электронды түрде берілді және өңделді.

Кез келген уақытта жеке кабинетте өз өтінішінің өңдеу барысын бақылауға мүмкіндік бар. Ал әрбір құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылады, бұл оған толық заңдылық береді. Құжаттың түпнұсқасы QR кодында оның әрбір бетінде шифрланған мекен-жай бойынша әрқашан қол жетімді.

Әрбір қызмет қажетті құжаттардың сипаттамасы, сондай-ақ оны көрсету стандартына сілтеме болады. Бұдан басқа, қазіргі уақытта қаланың Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Атырау облысының электронды қызметтер мен сервистер порталының арнайы оқытылған кеңесші мамандар жұмыс істейді. Олар өтінішті беру барысында, қажетті құжаттар мен қызметті алу мерзімі бойынша кеңес бере алады. Порталда кеңестер алу, пікірлер мен ұсыныстар беру үшін барлық қажетті байланыстар көрсетілген.

Атырау облысының Геоақпараттық порталында жер учаскелері, бөлу, инженерлік желілер және т.б. туралы барлық қажетті мәліметтерді жинау бойынша Атырау облысы әкімдігінің жұмысының арқасында мүмкін болды. Аталған жұмыстар 2018 жылы аудан орталықтарында жүргізілді және қазіргі уақытта барлық аудан орталықтарын осы порталға қосу жұмыстары басталады. Сондай-ақ, қызметтерді оңтайландыру және біріктіру есебінен қызмет көрсету мерзімдерін одан әрі қысқарту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарда бар.

 

Дата публикации
08 октября 2020
Дата обновления
08 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
22 октября 2026
22 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы