2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттардың ұсынылуы бойынша Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты
09 ақпан 2023 жыл Атырау қ.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023жылдың 8 ақпаны, сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Облыс бойынша барлығы 496 кандидаттар ұсынылды.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутатын сайлау жөніндегі №13 бірмандаттық сайлау округіне 20 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде 16-ы өзін-өзі ұсынғандар, 4-уі саяси партиялардан (Аманат, Ақжол, Ауыл, ЖСДП).
Атырау облыстық мәслихатының 30 депутатының 50% (15 депутат) мажоритарлық жүйе бойынша, 50% (15 депутат) - партиялық тізімдер бойынша сайланады.
Атырау қаласы мәслихатының 25 депутаты, аудандардың мәслихаттарының 85 депутаттары толықтай мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын болады.
Тұтастай алғанда, алдағы сайлауда облыста 9 мәслихаттың 140 депутаты сайлануы тиіс.
Облыстық мәслихат депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлауға 15 мандатқа 6 саяси партиялардың партиялық тізімдерімен 68 кандидат ұсынылды.
Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 50 кандидат, Атырау қалалық мәслихаты депутаттығына 25 округтерге 84 кандидат, Жылыой аудандық мәслихаты депутаттығына 15 округтерге – 52 кандидат, Индер аудандық мәслихаты депутаттығына 12 округтерге – 40 кандидат, Исатай аудандық мәслихаты депутаттығына 11 округтерге – 34 кандидат, Құрманғазы аудандық мәслихаты депутаттығына 13 округтерге – 42 кандидат, Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттығына 12 округтерге – 37 кандидат, Мақат аудандық мәслихаты депутаттығына 11 округтерге – 36 кандидат, Махамбет аудандық мәслихаты депутаттығына 11 округтерге – 33 кандидат ұсынылды.
Кандидаттарды ұсыну туралы ақпараттар atyrau.gov.kz сайтында сайлау комиссияларының «Сайлау» бөлімінде жарияланған.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 956638, 956653, 354461
интернет-сайт: atyrau.gov .kz
tic_atr_obl@saylau.kz