Атырау қаласының тұрғындарымен кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 

Атырау қаласының тұрғындарымен кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

№

Мәселенің қысқаша мазмұны

Жауапты
орындаушылар

Орындау мерзімі

1.               

Екі құлағы жоқ болып туылған балаға бандаж түріндегі бас сүйегі арқылы еститін аппарат алып беру немесе демеушілік арқылы сатып алу үшін қаражатпен көмектесу

Денсаулық сақтау басқармасы,

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

10.04.2026 жыл

 

2.               

Ауыз судан хлордың иісі шығатындықтан,                                          хлорсыз тазалау әдісін қолдану

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,

«Атырау су арнасы» КММ,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

10.04.2026 жыл

3.               

Орфандық аурулығына байланысты қажетті дәрімен қамтамасыз етуді Облыстық мәслихат арқылы шешіп беру.

Орындалысы: Жергілікті бюджет қаражаты есебінен орфандық және онкологиялық аурулармен бірқатар науқастарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Аталған препараттар мәслихаттың тиісті шешімімен бекітіліп, қамтамасыз етіледі. Орындалуда.

Денсаулық сақтау басқармасы (жиын)

 

10.04.2026 жыл

4.               

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетін жаңа ғимаратқа көшіру

 

Мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасы (жиын)

10.04.2026 жыл

5.               

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған жаңа мектеп салу мәселесін қарастыру

Білім беру басқармасы (жиын)

10.04.2026 жыл

6.               

Жайық жағасына балықшылар үшін қоқыс жәшіктері мен әжетхана қоюды сұрайды

Атырау қаласының әкімдігі

10.04.2026 жыл

7.               

«Ақжайық» қонақ үйі маңындағы «Цветы Атырау» дүкені орнын мемлекет мұқтаждығына алмауды сұрайды

Атырау қаласының әкімдігі

10.04.2026 жыл

8.               

Мемлекет мұқтаждығына алынған көлікжайдың өтемақысына келіспейді, қайта қарауды сұрайды

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының алдындағы мүсінді фонтан аумағында қалдыруды сұрайды

Атырау қаласының әкімдігі

10.04.2026 жыл

9.               

Тұрғын үйлерді сүру жұмыстары тоқтап қалды. Бұзу уақытын тұрғындарға нақты айту мәселесі

Орындалысы: Ағымдағы жылға тұрғын үйлерді сүру жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен қаражат сұратылуда. Сәйкесінше, қаражат көзі бөлінуіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.Орындалуда

Атырау қаласының әкімдігі

15.01.2026 жыл

10.           

М.Ломоносов мектебіне жаңа ғимарат салу мәселесі

Орындалысы: «Атырау қаласындағы қолданыстағы  ескі ғимаратты бұза отыра орнына 900 орындық Ломоносов атындағы орта мектептің  құрылысын салу үшін ЖСҚ байламы» жобасын жасақтау жұмыстары аяқталды. Жобалаушы мекеме «Жастар-плюс» ЖШС. 

ҚНжЕ сәйкес, қолданыстағы мектептің жер теліміне 900 орындық мектеп гимаратының сыймауына байланысты,  қосымша 1,77 га жер теліміне кеңейтілді.  Қалалық әкімдік қосымша жер телімін заңдастыру мәселесін толықтай шешкеннен кейін, жоба жұмысы «Мемсараптама» РМК  жолданатын болады.Орындалуда

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

Білім беру басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

10.04.2026 жыл

11.           

«Нұрсая» шағынауданындағы 2016 жылы салынған балалар ойын алаңын жаңартып беруді сұрайды

 

Атырау қаласының әкімдігі

10.04.2026 жыл

12.           

«ТШО» ЖШС 2026 жылдан бастап газды АЖЭО-на «QazaqgazAimaq» мекемесі арқылы береді, сәйкесінше тариф  бағасы көтеріледі деген ақпарат бар. Осы мәселе қалай шешіледі? Орындалысы: Бүгінгі күні аталған мәселені шешу мақсатында ҚР Энергетика министрлігімен тиісті уәкілетті органдардың қатыстырылуымен жұмыс тобы құрылып, қаралуда. Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер үшін тарифтердің көтерілуі бойынша мораторий белгіленіп, жалғасуда.

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

01.03.2026 жыл

13.           

Электр жарығының өшуі жиі орын алады;

Қоқыс жәшіктерін жаңартып, көбейтуді және қоршауын салып беруді сұрайды;

Аялдамалар қажет;

Рысмағамбетов көшесінің жартысында көше жарығы жоқ;

Бұралқы иттер көп жүреді, осыған шара қолдануды сұрайды

Атырау қаласының әкімдігі

01.03.2026 жыл

14.           

Тұрғын үйлердің ірге қабатында орналасқан кальян барды алдыртуды сұрайды; Тұрғын үйде тәулікке жалданатын пәтерлері өте көп, шара алуды сұрайды.

Орындалысы:

Полиция басқармасымен  (2025 жылғы 24 желтоқсанда ) «Baraq bar» лаундж-барының түнгі тыныштықты бұзып, тұрғындардың мазасын алуы туралы тұрғынның (Г.С. Утеуова, Нұрсая шағынауданы, Абулхайыр хан көшесі, 63/1- 1)  арызы бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, «Baraq bar» лаундж-барына қатысты әкімшілік хаттама жасақталды. Тексеру барысында 2025 жылы                    24 желтоқсанда сағат 03:05 шамасында аталған мекеме тарапынан түнгі тыныштықты бұзу фактісі анықталып, яғни сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін әрекеттерге жол берілгені белгілі болды. Осыған байланысты мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Орындалды

Атырау қаласының әкімдігі,

 Полиция басқармасы

01.02.2026 жыл

 

15.           

«Ескі әуежай» шағын ауданындағы ауыз су мәселесі,                         судың қысымы аз, судың құбырын ауыстыруды сұрайды;

Орындалысы: «Ескі әуежай» шағын ауданындағы ауыз су мәселесі бойынша қазіргі таңда су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (мердігер «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС). Қазіргі таңда Атырау қаласы Ескі әуежай шағын ауданындағы автокөлік жолында ағымдық жөндеу (ямочный ремонт) жасалатын көшелердің тізіміне енгізіліп, 2026 жылы жол құрылысын салу жоспарланған.

Орындалуда

«Атырау су арнасы» КММ,

Атырау қаласының әкімдігі

01.02.2026 жыл

16.           

«Жерұйық» шағын ауданындағы КНС «Атырау СуАрнасы» мекемесіне қашан тапсырылады?

Орындалысы:

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен  Жерұйық шағын ауданындағы  иесіз кәріз сорғы станциясын  есепке алу үшін жылжымайтын мүлікке  құқықты мемлекеттік тіркеу бойынша тиісті рәсімдер жүргізілуде.

Орындалуда

«Атырау су арнасы» КММ,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

17.           

«Нұрсая» ықшам ауданы Ақжарма көшесінің бойындағы үйінің алдындағы кәріз құдығына күніне 10-12 вакуум көлігі лас суды құйып кетеді, шара алуды сұрайды;

Ақжарма көшесінде 45 үйге жүргізілген электр энергия желісін «Атырау Жарық» мекемесі теңгеріміне алуды сұрайды;

«Сұңқар» ТҮК қасында қараусыз қалған ғимарат мәселесі.

Орындалысы:

«Нұрсая» ықшам ауданы Ақжарма көшесінің бойындағы үйінің алдындағы кәріз құдығын тексеру барысында вакуумдық көліктермен лас судың төгілу фактісі құбырлардың істен шығуы кезінде орын алғандығы анықталды. Алағы уақытта қайталанған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылатын болады.

Нұрсая ықшам ауданы Ақжарма көшесіндегі 45 үйге жүргізілген  ӘЖ-0,4 кВ электр желісі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің теңгерімінде.

«Сұңқар» ТҮК қасында қараусыз қалған ғимарат орнына тұрғындар сұранысы негізінде  электр таратушы ғимарат салу (РП) үшін, қазіргі уақытта қалалық құрылыс бөлімімен иесіз ғимаратты бұзу жоспарланды.

Орындалуда

Атырау қаласы Полиция басқармасы,

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

18.           

«Сарықамыс» шағын ауданы бойынша мектептің аумағындағы питомникті алдыртуды сұрайды;

Шағын аудандағы жол мәселесі, жол салуды сұрайды;

Қашан жеке тұрғын үй статусын алады;

Электр желісін жаңасына ауыстыру жұмысы үшін бір бағаны бекітуді сұрайды;

Қоқыс жәшіктерінің санын көбейтуді сұрайды;

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынған мектеп сапасыз, жасалатын жерлері өте көп. Осыны ескеруді сұрайды.

Орындалысы: Мектеп ғимаратына қарсы тұрған питомникті  басқа жерге ауыстыруға иесіне ұсыныс беріліп, келіссөздер жүргізілуде, мәселенің шешілуі көзделуде. 

Сарыөзек шағын ауданының автомобиль жолдары толықтай жол жабындысымен қамтылды. Осыған орай, бұрынғы жол жабындысы төселмеген автомобиль жолдарына жобалау-сметалық құжаттамалар жасақталып, жол жөндеу жұмыстары жасалатын нысандардың тізіміне енгізілетін болады.

Аталған саяжайға инфрақұрылым (жол, су, жарық және т.б) тарту жұмыстары Атырау қаласының бас жоспарына өзгеріс енгізіліп, елді мекен мәртебесі берілген соң жүзеге асырылады.

Мердігер «Айком» мекемесімен жаңа электр желісі жүргізілді, ал әр тұрғын техникалық шарт алып, үйлеріне өз күшімен тарту керек, әр үйдің ток нүктесінен арақашықтығы әр түрлі болуына, яғни  жұмыс ауқымдылығына қарай бір баға бекіту мүмкін емес.

2025 жылы қала әкімдігімен 500 дана қоқыс жәшігі алынып қойылды, ағымдағы жылы да санитарлық тазалық жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында 500 дана қоқыс жәшігін сатып алу жоспарланған, қойылатын орындары белгіленуде.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынған мектепті тексеру барысында ақаулар анықталды. Кейбір жасалатын жұмыстардың күрделілігіне байланысты оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін қалпына келтіру жұмыстары оқу кезеңі аяқталғаннан кейін «Каспий құрылыс ЛТД» ЖШС тарапынан жүргізіледі. Орындалуда.

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

01.02.2026 жыл

19.           

Қуандық деген кәсіпкердің футбол алаңы үшін беріп отырған 19х40 жер учаскесіне футбол алаңын салып беруді сұрайды.

Орындалысы: тұрғындардың сұранысы негізінде 2026 жылы  аталған мекенжайға кіші аяқ доп алаңын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Орындалуда

Атырау қаласының әкімдігі

 

01.02.2026 жыл

20.           

Жерұйық» шағын ауданы орталық кәріз жүйесіне қашан қосылады? Мал базарын қала сыртына көшіруді сұрайды

Орындалысы:

«Жерұйық» шағын ауданы орталық кәріз жүйесіне қосу жұмыстары бойынша, қазіргі таңда аталған мекенжай орталық кәріз жүйесін салу жұмыстарының жобасына енгізілді. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамалары (ЖСҚ) жасақталуда. ЖСҚ аяқталғаннан кейін тиісті мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу үшін жолданады. Жобалар бойынша бас жобалаушы - «Стримлайн» ЖШС.

Мал базарын қала сыртына, яғни Атырау-Доссор тас жолы маңына ауыстыру қаралуда. Орындалуда

Атырау қаласының әкімдігі

01.02.2026 жыл

21.           

СМП шағын ауданындағы тұрғын үйлерді №6 үйдің кәріз желісіне қосуды сұрайды

Орындалысы:

Тұрғындар  «Атырауоблысысуарнасы» КМК-нан техникалық шарт алу  арқылы қосылу нүктесіне өз күшімен жүргізеді.

Орындалды

Атырау қаласының әкімдігі

01.02.2026 жыл

22.           

«ARKANTOR» мердігер мекемесінің қаладағы тұрғын үйлерінің құрылыстары аяқталмаған, басқа аймақта  өз құрылыстарын жүргізіп отыр

Орындалысы:

Прокуратура, мердігер, салымшылар (тұрғындар) және жаңа инвестор арасында құрылысты одан әрі аяқтау туралы келіссөздер жүргізілуде. Орындалуда

Мемлекеттік сәулет құрылысы бақылауы басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

23.           

Орындалысы:

«МВ таус» тұрғын үй кешенінің құрылысы жанар-жағар май стансасының санитарлық қорғау аймағында салынуына  байланысты тұрғын үй құрылысын заңсыз деп тану туралы сот шешімі қабылданды, қазіргі уақытта «Қазақойл» АҚ мен «МВ таус» пәтер иелері арасында келіссөздер жүргізілуде. Орындалуда

Мемлекеттік сәулет құрылысы бақылауы басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

24.           

Береке ауылы Жаналы көшесінде газдың қысымы  төмен, газ құбырын салуды сұрайды

Орындалысы:

Алмалы ауылдық округі әкімдігімен округ бойынша, оның ішінде Жаңа құрылыс көшесіне инфрақұрылым желілерін тарту бойынша ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Қорытындысы күтілуде, нәтижесіне қарай қажетті қаражат сұратылатын болады. Орындалуда

Энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

25.           

Мемлекеттік балабақша аз, бала саны көп, мемлекеттік балабақша салуды сұрайды;

Орындалысы: 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен 920 орындық 4 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. (Атырау қаласы Құрманғазы ауылы 280 орын, Талғайран ауылы 280 орын, Исатай ауданы Нарын ауылы 80 орын, Жылыой ауданы Болашақ ы/а 280 орын). Демеушілік есебінен 880 орындық 4 балабақша құрылысы жүргізілуде (Атырау қаласы Өрлеу ы/а 160 орын, «Жұлдыз-2» ы/а 280 орын, «Ақсай-2» ы/а 160 орын, Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылынан 280 орын) Орындалуда

Білім беру басқармасы (жиын),

Денсаулық сақтау басқармасы,

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

01.02.2026 жыл

26.           

Ерекше балаларға бейімделген ойын алаңдары «100 аула» және «150 аула» жобаларында қарастырылған ба;

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген жалдамалы пәтерлерді иелері жалдап қояды, осыны тексеруді сұрайды.

Ерекше балалардың тісін емдету және сүндетке отырғызу бойынша мәслихатпен қаражат бөлінуін сұрайды;

Мейрамхана немесе сұлулық салонына бару сияқты қызмет алу үшін инватакси қызметін ұсыну;

Орындалысы:

Ерекше балаларға бейімделген ойын алаңдары «100 аула» және «150 аула» жобаларында қарастырылмаған. Қала әкімдігімен қалада 3 мекенжайда мүмкіндігі шектеулі жаңдарға арнайы балалар ойын алаңдары салынып, халықтың қолданысына тапсырылды.

Мемлекет қорынан берілген пәтерлер жыл сайын тексеруде.

Медициналық көмек пен әлеуметтік қолдаулар көрсетуде протездеу орталығын салу, ТМС аппаратын алу, ерекше балаларды сүндеттеу, бандаж бас сүйегі арқылы еститін аппарат алу, ДЦП балаларды емдейтін невропатологпен қамтамасыз ету, басқа да арнайы жетілдірілген аппараттар алу, арнайы аяқкиімдердің жеткіліксіздігі мәселелері қаралуда.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету» 2013 жылғы 1 қарашадағы  №859 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі төмендегіше белгіленген:

1.  Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;

2.  Мүгедектігі бар адамның оқу орны;

3.  Жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

4.  Сот және прокуратура;

5.  Әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;

6. Заң консультациялары;

7.  Нотариус;

8.  Медициналық мекемелер (жедел медициналық көмекті көрсету жағдайларын қоспағанда);

9.  Әуежай, теміржол  вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;

10.  Арнайы  әлеуметтік қызметтерді  көрсететін ұйымдар;

11.  Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері үшін массаж қызметтерін көрсететін ұйымдар.

Орындалуда

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,

Денсаулық сақтау басқармасы,

Полиция департаменті,

Атырау қаласының әкімдігі (жиын)

01.02.2026 жыл

27.           

Теміржол вокзалынан әуежайға дейін тікелей жүретін қоғамдық көлік жоқ;

Орындалысы:

«Әуежай-теміржол вокзалы» бағыты бойынша күнделікті №21 8 автобус Самал мөлтек ауданы арқылы қатынайды. Теміржол вокзалынан әуежайға тіке қатынайтын автобус шығару басқа қоғамдық көліктер бағытымен қайталанып кетуіне байланысты тиімсіз деп танылды.

Атырау қаласының әкімдігі (жиын),

Денсаулық сақтау басқармасы

01.02.2026 жыл

28.           

Есту қабілеті нашар баланы психикалық аурухананың есебінен шығарып беруді сұрайды

Орындалысы: Есту қабілеті нашар баланы психикалық аурухананың есебінен шығару туралы мәселе қарастырылуда.

Денсаулық сақтау басқармасы

01.02.2026 жыл

Құрманғазы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

29.           

Азғыр өңіріндегі ауылдардың ауылішілік жолдарын уақытша шебен төсеп, ағымдағы жөндеу жүргізу.

Орындалысы: Аудан әкімдігімен тиісті басқармаға Сүйіндік ауылының ауылішілік жолы 9,6 км, Балқұдық ауылының ауылішілік жолы 6,5 шақырым ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржыға сұраныс жолданды.

 Тапсырма орындалуда.

Құрманғазы ауданы әкімдігі

10.04.2026 жыл

30.          2

 «Сүйіндік» ЖШС-нің пайдаланылмай жатырған шұрайлы (жайылымы, құдығы бар) жерлерін де үкіметке қайтарып, халық игілігіне берудің мүмкіндігін қарастыру.

Орындалысы:

Сүйіндік ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Сүйіндік ауылдық босалқы жері қорынан 2008 жылы 154 000 га жайылым жер учаскесі берілген.

2018 жылы -20000 га жер қайтарылды.

2024 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, аталған серіктестіктің өз өтініші бойынша 134000 га жерінің ішінен 53737 га жайылым жер учаскесі Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 219 қаулысымен ауданның босалқы жер қорына мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты меншігінде ауыл шаруашылығы мал есебіне сәйкес 80263 га жайылым жер учаскесі өзіне қалдырылды.

Сүйіндік ауылдық округінің шаруа қожалық иелеріне ол жағдай бойынша толық ақпарат түсіндірілді. Қайтарылған ауыл шаруашылығы жайылым жер учаскелері конкурс негізінде ауыл шаруашылығы айналымына беріледі. Тапсырма орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Құрманғазы ауданы әкімдігі

(жиын)

 

10.12.2026 жыл

 

31.          3

Киіктердің көбейіп, жайылымдықты тоздыруына байланысты, шара қолдану үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс енгізу.

Орындалысы: Киіктердің көбейіп, жайылымдықты тоздыруына байланысты, шара қолдану үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс енгізілді. Тапсырма орындалды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

30.12.2025 жыл

32.          4

Сүйіндік ауылынан Азғыр өңіріне ортақ бір аурухана қалдырып, қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Орындалысы: Қазіргі уақытта Азғыр өңірінде Сүйіндік ауруханасы жұмыс жасауда. Тапсырма орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Ақпан, 2026 жыл

33.          5

Азғыр өңіріне алынатын арнайы техникаларды (автокөтергіш (автовышка), К-700  тракторы, автогрейдер, ассинизатор т.б.) сенімгерлік басқаруға беріп, осы өңірде қалдыруды ұйымдастыру.

Орындалысы: Азғыр өңіріне қарасты Сүйіндік ауылдық округі әкімі аппаратының теңгерімінде: Камаз (ассинизатор), Трактор Белорус-80.1, Газ 3307-1012 (водавоз), АГП автокөтергіш арнайы техникасы бар. Осының ішінде АГП техникасы «Атырау Жарық» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілген.

Азғыр ауылдық округі әкімі аппаратында: Трактор Белорус-80.1, Газ 3307-1012 (водавоз), Камаз (ассинизатор), Автоцистерна (водовоз), Трактор К700А. Осының ішінде Автоцистерна (водовоз) «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС-на, Трактор К700А «Құрманғазы жолдары» ЖШС-на сенімгерлік басқаруға берілген.

Асан ауылдық округі әкімі аппаратында: Трактор Белорус-80,1 шаруа қожалығымен меморандум жасақталған, Камаз (ассинизатор) «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС-да сенімгерлікте және Газ 3307-1012 (водавоз) техникасы бар.

Осы арнайы техникалардың барлығы жергілікті жерде қызмет атқаруда. Тапсырма орындалды.

Құрманғазы ауданы әкімдігі

Мамыр, 2026 жыл

34.          6

Қоянды топтық су құбырының жаңадан жасалған 6 су скважинасының қазір тек 3 скважина жасап тұр. Қояндыдағы су қорын барлау (разведка)

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

25.06. 2026 жыл

35.          7

Құрманғазы ауданы орталығынан Азғыр өңіріне электр желісін жүргізу.

Орындалысы: Құрманғазы ауданының Азғыр аймағы тұтынушыларын Ресей Федерациясынан тәуелсіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында «Ганюшкино» қосалқы станциясынан (Ганюшкино кенті) «Асан» қосалқы станциясына (Азғыр аймағы) дейін ұзындығы 205 км болатын 110 кВ әуе электр жеткізу желісін қосымша салу жоспарлануда. Жобаны іске асыру EPC-келісімшарты негізінде көзделуде.

Орындалуда.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

28.12.2025 жыл

36.          8

Әскери полигонның жерін мал жайылымы үшін пайдалану бойынша үш жақты меморандумға отыру мүмкіндігін қарастыру.

Орындалысы: Әскери полигонның жерін мал жайылымы үшін пайдалану бойынша үш жақты меморандум жасасу мүмкіндігін қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселе қарастырылуда.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Құрманғазы ауданы әкімдігі

(жиын)

01.02.2026 жыл

өзгеріссіз

37.          9

Сүйіндік ауылдық амбулаториясына анализ қабылдайтын лаборант маман қарастыру.

Орындалысы: Сүйіндік ауылдық амбулаториясында аптасына 1 рет анализ алу жұмыстары ұйымдастырылды. Орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Қаңтар, 2026 жыл

38.          10

«Ауыл аманаты» бағдарламасы заңнамасының «бағдарлама арқылы мал алу үшін міндетті түрде жерің болуы қажет» деген бөлігіне қатысты жауапты мемлекеттік органға ұсыныс енгізу. Орындалысы: «Ауыл аманаты» бағдарламасы заңнамасының «Бағдарлама арқылы мал алу үшін міндетті түрде жерің болуы қажет» деген бөлігіне қатысты жауапты мемлекеттік органға ұсыныс енгізілді. Орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

Қаңтар, 2026 жыл

Исатай ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі              ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

39.           

Аққыстау ауылындағы кәріз желілері және имаратының құрылыс жұмыстарын жеделдетіп аяқтап,  іске қосылуын сұрайды.

Орындалысы:

Нысан құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында басталды. Жобаның шарт бойынша жалпы құны – 2 798,9 млн. теңге. Игерілгені – 2 661,5 млн.теңге.  Бүгінгі күні негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары, сондай-ақ КСС (КНС) технологиялық жабдығын орнату бойынша жұмыстар аяқталды. 2022 жылғы қарашадағы мұнай құбырын қорғау аймағы мәселесі бойынша сот процесі нәтижесінде «Қазтрансойл» АҚ-мен бейбіт келісім жасақталып, келісімге сәйкес №8а КСС (КНС) 50 метрге ауыстырылды. Нысанды толық аяқтау үшін іске қосу жұмыстарын бастау керек, сонымен қатар, биологиялық бактерияларды белсендіру және өсіру бойынша жұмыстарды жүргізу қажет. Алайда, аталған биологиялық бактерияларды өсіру үшін қазіргі таңда ауа-райы қолайсыз. Осыған байланысты, нысанның құрылысы 2026 жылға тапсыру жоспарлануда. Орындалуда.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Желтоқсан, 2025 жыл

 

40.           

Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесіне автокөлік жолын салу мәселесі.

Орындалысы: Аққыстау ауылы ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту (16,2 шақырым).

Бастапқы мердігер «Информстройсервис» ЖШС (жоба құны 1 млрд. 534 млн. теңге) өз міндеттемелерін орындамауына байланысты 2024 жылғы сәуірде келісімшарт бұзылды. Сот шешімі шыққанымен (аванс - 41 млн. тг, қамтамасыз ету - 11 млн. тг), бүгінгі таңда сот орындаушылары тарапынан бюджет қаражатын қайтару жұмыстары баяу жүруде. Осы мәселе бойынша Атырау облыстық Әділет департаментіне ресми хат жолданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қатысуымен Ішкі аудит департаменті тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша (25.06.2025 ж. нұсқама) артық төленген 289,7 млн. теңгені қалпына келтіру және кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

 Ағымдағы жағдай: Аққыстау ауылішілік автомобиль жолдарының 4-кезеңі бойынша асфальт төсеу жұмыстары 2026 жылдың 2-жартыжылдығына жоспарланған. Облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Орындалуда.

Исатай ауданының әкімдігі

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Шілде,  2026 жыл

 

41.           

Аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеу  жұмыстарын жеделдетіп аяқтау.

Орындалысы: Аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеуі аяқталды. Орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

Қазан, 2025 жыл

 

42.           

Х.Ерғалиев ауылынан Махамбет ауданының Таңдай ауылына дейінгі автокөлік жолының құрылысын аяқтау.

Орындалысы:

Х.Ерғалиев ауылы мен Махамбет ауданы Таңдай ауылының арасындағы автокөлік жолының 0-10 және 35-45 км автожол учаскесі бойынша мердігер мекеме «СП«СинеМидасСтрой» ЖШС-мен келісімшарт жасақталды. Жоба құны 2,6 млрд.тг-ні құрайды. Маусым айының басында құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, көлік қозғалысы қамтамасыз етілді, қабылдау жұмыстары жүруде. Ал 10-35 км автожол учаскесі бойынша мердігер мекеме «Бекет Сат» ЖШС-мен 1,2 млрд.тг-ге келісімшарт жасақталды. Күні бүгінге 25 км автожолдың                      11 км аяқталды.  Ауданаралық экономикалық сот шешіміне сәйкес ЖСҚ-ға түзету енгізілуде. Сараптаманың оң қорытындысы а.ж тамыз айында алынады, құрылыс монтаждау  жұмыстары 2026 жылдың III тоқсанында аяқталады. Орындалуда.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2025 жыл аяғына дейін

43.           

«Прогресс» ЖШС қосалқы мердігер мекемесінің жұмысшылар алдындағы берешектерінің өтеп беру мәселесі.

Орындалысы: Аталған мекеменің банкрот деп танылуына байланысты берешектер өтелмеді. Орындалды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті

(келісім бойынша)

2025 жыл аяғына дейін

44.           

Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін зерделеп, шөп таситын жүк көліктерінің жолда жүру рұқсатын (габарит) алу. Орындалысы: Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін зерделеп, шөп таситын жүк көліктерінің жолда жүру рұқсатын (габарит) алу бойынша Атырау облысы көліктік бақылау инспекциясына хат жолданды. Орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

Полиция департаменті (келісім бойынша)

 Көліктік бақылау инспекциясы

 (келісім бойынша)

2025 жыл аяғына дейін

45.           

Тұщықұдық ауылында 280 орындық балабақша құрылысын салу бойынша ЖСҚ жасақтап, құрылысын бастау.

 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

Шілде, 2026 жыл

46.           

Құм өңіріндегі мал ауруының көбею себебін анықтау. Орындалысы:  2025 жылы Исатай ауданы бойынша бруцеллез ауруын анықтау мақсатында жылдық жоспар бойынша қан сынамасы толықтай ветеринариялық зертханаға жеткізіліп тексерілді. Нәтижесінде бруцеллезге зерттелген жануарлардан мүйізді ірі қара - 3 бас оң нәтиже анықталып, санитариялық сойылып жойылды. Санитариялық союға тапсырылған жануарлар иелеріне жергілікті бюджеттен    193 518 тг өтемақы төленді. Орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

Қыркүйек, 2025 жыл

 

47.           

 «Атырау - Дина Нұрпейісова»  бағытындағы теміржол пойызының жүру уақытын қайта қарастыру.

Орындалысы: Экономикалық тұрғыдан тиімсіздігіне байланысты «Атырау - Дина Нұрпейісова»  бағытындағы пойыз тоқтатылды. Орындалды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Қыркүйек, 2025 жыл

 

48.           

Тұщықұдық ауылындағы жазғы су құбыры Күнбатыс көшесінің кейбір тұрғын үйлеріне жетпей қалған.

Орындалысы: 2025 жылдың қыркүйек айында Тұщықұдық ауылының Күнбатыс көшесінің кейбір тұрғын үйлеріне жазғы су желісінің жүргізілмей қалу мәселе зерделеніп, аталған тұрғын үйлерге мердігер мекеме «Гранд Мастер» ЖШС-нің  көмегімен жазғы су желісі жүргізілді. Көтерілген мәселе толығымен шешілді. Орындалды.

Исатай ауданының  әкімдігі 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Желтоқсан, 2025 жыл

 

49.           

Нарын құмы өңіріне интернет байланысын тарту мәселесі. Орындалысы: «Kcell» АҚ Нарын ауылында 3G және 4G стандарттары бойынша мобильді кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Нарын ауылында «Транстелеком» АҚ-ның тарапынан талшықты-оптикалық желісі орнатылған. Қазіргі таңда интернет провайдері мен инвесторлар арасында үй шаруашылықтарына дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасындағы келісім аясында «Жоғары жылдамдықты қолжетімділікті ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында 2026–2027 жылдары талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) көлік ортасын жобалау және салу, сондай-ақ халық пен заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін ұйымдастыру үшін оптикалық тарту желісін салу жоспарланып отыр. Атырау облысы бойынша 43 елді мекенді қамту көзделген. Оның ішінде Нарын ауылдық округі бойынша Жаңа-Жанбай ауылын қамту жоспарға енгізілген.

Сонымен қатар, облыстың шалғай елді мекендерінде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Starlink» спутниктік жабдықтарын орнату жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Исатай ауданы, Нарын ауылдық округіне қарасты Мыңтөбе елді мекені қамтылды. Орындалды.

Цифландыру және архивтер басқармасы

Желтоқсан, 2025 жыл

 

50.           

Қызыл үй елді мекеніне жол тарту мәселесі.

Орындалысы: Қызылүй ауылына кірме жолының сметалық құжаттамасы дайындалды. (Жобалық құны 1,6млрд.тг.)

Орындалуда: Қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу конкурс нәтижесі бойынша «Каскомсервис» ЖШС-мен келісімшарт жасақталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылдың сәуір айында бастау жоспарлануда. Орындалуда.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

Желтоқсан, 2025 жыл

 

51.           

Жолаушылар тасымалы қызметімен айналысатын жеке кәсіпкерлердің (такси қызметі) заңдылыққа сәйкес жұмыс жасауын қадағалау.

Орындалысы: 2025 жылы ауылішілік және ауданішілік (ауылдардың арасына) такси қызметтерінің қымбаттауы нәтижесінде тұрғындардың көптен қозғап жүрген жолаушылар тасымалы тамыз айынан бастап аудан орталығы Аққыстауда ауылішілік 3 бағытта күн сайын және аудан орталығынан Тұщықұдық, Х.Ерғалиев, Жанбай, Нарын және Исатай, Зинеден ауылдарына ауыларалық жолаушылар үшін тасымалы «БатысТехИнвест» ЖШС арқылы тесттік режимде іске қосылды. Жолаушылар тасымалы қолайлы болуы үшін аудан орталығы Аққыстау ауылына қоғамдық көліктерге арналған 10 дана аялдама орнатылды, ағымдағы жылы ауылдық округтерге аялдамалар кезең кезеңімен орнатылатын болады. Орындалды.

Исатай ауданының  әкімдігі 

Полиция департаменті (келісім бойынша)

Мемлекеттік кірістер департаменті

 (келісім бойынша)

Қазан, 2025 жыл

 

52.           

Нарын құмы өңірінде қасқыр аулау жұмысын ұйымдастыру.

         Орындалысы: Табиғатта қасқырлар санын азайту іс шараларын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру жоспарланған болатын.

       Алайда, Атырау облысының мамандандырылған прокуратурасының 2026 жылғы 28 қаңтардағы  №2-0509-26-00101 ұсыным хатына сәйкес аталған жұмысқа бюджет қаражатын негізсіз бөлу және мемлекеттік органдардың қызметін өзге заңды тұлғаға жүктеу заңсыз болып табылатындығы көрсетілген. Осыған байланысты  қазіргі уақытта  жұмыстар тоқтатылды. Тапсырма орындалды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

2025 жыл аяғына дейін

53.           

Облыстағы төрт түлік мал азығына қажетті жеммен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.

Орындалысы: 2025-2026 жылдарға арналған мал қыстатуға қажетті 605,0 тонна ірі сабақты мал азығының 608,5 мың тоннасы (100,6%) дайындалды. Биылғы жылға қажетті 44,5 мың тонна құрама жемнің 34,4 мың тоннасы сатып алынды (77,3%). Қажетті құрама жемнің қалған бөлігі жыл бойына қажеттілікке байланысты қосымша сатып алынады. 1 рулонның орташа бағасы 8 000 – 13000 тг, Жем бағасы: кебек 1 кг 100-116 тг, арпа 108-140 тг, бидай 120-140 тг. Орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

2025 жыл аяғына дейін

54.           

Өңірде дала өртіне қарсы жұмыстарға қажетті арнайы техника (К-704) қажеттілігі туындауда.

Орындалысы: Ауданда дала өртіне қарсы жұмыстарға арнайы техника сатып алу мақсатында Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тиісті қаражат бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Орындалуда. 

Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Исатай ауданының  әкімдігі 

Маусым, 2026 жыл

55.           

Шегірткеге қарсы улау препараттарының құрамын зерделеу қажет.

Орындалысы: Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің                  2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығы негізінде шегіртке тектес зиянкестерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін химиялық препараттарға биологиялық тиімділікті анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Пестицидтердің биологиялық тиімділігі – қолданылған препараттың зиянды организмдерді (зиянкестер, ауру қоздырғыштар, арамшөптер) жою немесе олардың санын азайту дәрежесін көрсететін негізгі көрсеткіш.

Биологиялық тиімділікті анықтаудың мақсаты

Препараттың әсер ету күшін бағалау

Ұсынылатын мөлшерінің дұрыстығын тексеру

Бағалау мерзімі

Инсектицидтер: 3, 7, 14 тәуліктен кейін

Фунгицидтер: аурудың даму қарқыны бойынша

Гербицидтер: 10–20 күннен кейін

Биологиялық тиімділік деңгейі

90–100 % – өте жоғары тиімді

70–89 % – тиімді

50–69 % – орташа тиімді

50 % төмен – тиімсіз

Аталған іс-шараларды ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы жүргізеді. Орындалды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы,

Облыстық аумақтық инспекция

(келісім бойынша)

2025 жыл аяғына дейін

56.           

Аудан аумағымен өтіп жатқан каналдардың түбін тереңдетуді сұрайды.

Орындалысы: 3 нысан  бойынша «Жасқайрат» - ұзындығы 8,8 шақырым, «Мартыши» - ұзындығы 20,4 шақырым, «Есиркеп» - ұзындығы 4,5 шақырым,) Аталған каналдарға  2020-2021 жылдары жасақталған ЖСҚ мерзімі өтіп кетуі себепті, «Табиғат» КМК-сы, жөндеу жұмыстарын өз күшімен жүргізілуде (арналарын шөгінді құм мен өскін қамыстардан механикалық тазалау жалдарын қалпына келтіру).

Атап айтқанда 2025 жылы 21,7 шақырымның жөндеу жұмысы орындалды:

«Жасқайрат» каналы бойынша – 0,7 шақырым;

«Мартыши» каналы бойынша – 16,5 шақырым;

«Есиркеп»  каналы бойынша – 4,5 шақырым. Орындалуда.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

«Табиғат» КМК

 Исатай ауданының  әкімдігі 

2026 жыл аяғына дейін

57.           

«Атырау-Астрахан» тас жолының Атырау қаласына кіреберіс бөлігінің күрделі жөндеу жұмыстарын жеделдетіп аяқтауды сұрайды.

Орындалысы: «Атырау-Астрахан» тас жолының Атырау қаласына кіреберіс бөлігінің күрделі жөндеу жұмыстары 40% аяқталды. Орындалуда.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Атырау қаласының әкімдігі

Маусым, 2026 жыл

58.           

Аққыстау ауылында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің (аудандық білім бөліміне қарасты «Барыс» клубы) күрделі жөндеу құрылысын аяқтау үшін қажетті шараларды ұйымдастырсын;

Орындалысы: Дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің күрделі жөндеуін жалғастыру үшін 308 719 мың теңге қаржы қажеттілгі бар. Жұмыс 35% аяқталды. Жобалау-сметалық құжаттамасы түзетіліп, сараптамадан өтті. Қазіргі уақытта бюджеттік сұраныс жолданды. Орындалуда.

Білім беру басқармасы

Исатай ауданының  әкімдігі 

2025 жыл аяғына дейін

59.           

Аққыстау ауылының 4-кезеңдегі автокөлік жолының құрылысын бастау үшін алдағы облыстық мәслихат сессиясында қаржы бөлу мәселесін қарастыру.

Орындалысы: Аққыстау ауылында 4-кезеңдегі жаяу жүргіншілер жолдары бар 12,1 шақырым ауылішілік автомобиль жолдарын салу (Мердігер «АКТИВ-А» ЖШС, жоба құны 3 млрд 390 млн теңге) жұмыстары басталды. Бюджеттен 100,0 млн тг қаражат бөлініп,  1 шақырым шамасында автомобиль жолдары жасалды. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған (облыстық бюджеттен - 1,5 млрд тг). Орындалды.

Исатай ауданының  әкімдігі,

Экономика және қаржы басқармасы,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Қыркүйек, 2025 жыл

 

60.           

Аққыстау ауылындағы құрылысы аяқталмаған
3 қатарлы 60 пәтерлік үш үйдің қазіргі жағдайына байланысты «ҚазҚСҒЗИ» АҚ («Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми – зерттеу және жобалау институты» АҚ) мен келісімшарт арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізу.

Орындалысы: Құрылыстың мердігері -«Дан-Строй-База-ЛТД» ЖШС. Авторлық қадағалаушы мекеме –«СпецСтройСогласование» ЖШС. Техникалық қадағалаушы мекеме-«КЦУП» ЖШС. Келісімшарт құны -2 977,0 млн.тг. құрайды. 2019 жылы -  346, 2 млн. тенге, 2020 жылы - 865, 0 млн. тенге, 2021 жылы - 1 020,7 млн. тенге қаражаттар игерілді. Игерілмей қалған қаражат 745,1 млн. тенгені құрайды.

Исатай аудандық құрылыс бөлімімен мердігер мекеме «Дан-Строй-БаЗа-ЛТД» ЖШС келісімшарт талаптарын толықтай орындамағандықтан (07.02.2022)  мемлекеттік  сатып  алудың  жосықсыз  қатысушысы деп тану, тұрақсыздық айыппұлын өндіру және келісімшарт талаптарын орындауды міндеттеу  туралы сотқа талап арыз берілді (2022  жылғы  06 сәуірде  6 519 935,0  тенге сотының шешімімен айыппұл өндірілді. 2023 жылғы 16 маусымда 61 845 292 тенге сотының шешімімен айыппұл өндірілді. 2024 жылғы 05 қазанда 89,310 млн. теңге қаражаты (келісімшарт бойынша жұмыстарды орындауға 3% кепілдік жарна) мемлекет кірісіне  кері қайтарылды).  «Дан-Строй-База-ЛTД» ЖШС-мен келісімшарт біржақты бұзылды. (05.10.2024 ж).

        Қазіргі уақытта жоба авторы «СпецСтройСогласование» ЖШС-мен жобалау-сметалық құжаттамаға түзету жұмыстары  жүргізілуде. Алайда күні бүгінгі үйлердің іргетастарында ақаулар пайда болуына байланысты нысанға толық техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ зерделеу үшін алдын ала келісім жасау бойынша жұмыстары жүргізілуде. Техникалық сараптама қорытындысына сәйкес әрі қарай нақты шешім қабылданатын болады. Орындалды.

Исатай ауданының  әкімдігі, 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

 Экономика және қаржы басқармасы

2025 жыл аяғына дейін

61.           

Исатай ауылындағы электр желісі құрылысының жобасын облыстық бюджеттік комиссияда қарау.

Орындалысы: Исатай ауылындағы электр желісі құрылысының жобасы бойынша облыстық бюджеттік комиссияға әкімдік тарапынан ұсыныс берілді. Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Экономика және қаржы басқармасы,

Исатай ауданының әкімдігі

Қазан, 2025 жыл

 

62.           

Аққыстау ауылындағы өрт сөндіру депосы құрылысының жобасына түзету енгізу жұмыстарын жеделдету.

Орындалысы: Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізіліп, облыстық бюджеттік комиссияның шешімінен кейін сараптамаға ұсыныс беріледі. Сараптаманың оң қорытындысын алынғаннан кейін, мердігерді анықтау үшін тендерлік рәсімдер жүргізілетін болады.Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

Исатай ауданының  әкімдігі 

Қазан, 2025 жыл

 

63.           

Исатай ауданында жедел жәрдем стансасына ғимарат салу мәселесі.

Орындалысы: Исатай аудандық аурухана ғимаратынан кабинет қарастырылуда. Орындалуда.

Денсаулық сақтау басқармасы,

Исатай ауданының әкімдігі 

2025 жыл аяғына дейін

64.           

Аққыстау ауылындағы орталық стадионның орнына дене шынықтыру - сауықтыру спорт кешенін салу үшін ЖСҚ жасақтап, құрылысын бастауды ұйымдастырсын.

Орындалысы: Тапсырыс беруші «Исатай аудандық құрылыс бөлімі» ММ, жобалаушы мекеме «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС. Екі мекеме арасында жобалық сметалық құжаттама жасақтау үшін меморандум жасақталды.  ЖСҚ-ны  2026 жылдың мамыр айына дейін аяқтау жоспарлануда. Сараптама қорытындысы бойынша құрылыс монтаж жұмыстарына қаржы сұратылады. Орындалуда.

Исатай ауданының  әкімдігі, 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Шілде, 2026 жыл

65.           

 «Атырау-Астрахан» тас жолының Х.Ерғалиев ауылы тұсындағы автокөлік көпірінің астынан адам өткелін (проход) жасау.

Орындалысы: Хамит Ерғалиев ауылында салынған «Атырау-Астрахань» трассасы бойындағы жаңа автокөлік көпірінің астынан Ұ.Сабыров көшесінің тұрғындары үшін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы 2025 жылдың күз айында басталды. Жұмыс 70-80%-ға орындалды. Көпірге әкелетін тротуар, сырлау,  абаттандыру жұмыстары жасалады. Орындалды.

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ (келісім бойынша)

2025  жыл аяғына дейін

Жылыой ауданының

 тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

66.           

Ауданның мүмкіндігі шектеулі азаматтарына «Қамыскөл» шипажайына жолдама беруді қарастыру.

Орындалысы: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар шипажай-курорттық емді әлеуметтік қызметтер порталынан өздері таңдайды. Осыған байланысты «Қамыскөл» шипажайы Әлеуметтік қызметтер порталына тіркелуі қажет. Әлеуметтік қызметтер порталына тіркелу жұмыстары жүргізілуде. Алайда шипажай құрылғыларының сатып алынған жүкқұжаты (накладной) жоқ болуына байланысты тиісті құжаттары қабылданбады. Порталға тіркелу жұмыстары жүргізілуде. Орындалуда.

Денсаулық сақтау басқармасы,

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Жылыой  ауданы әкімдігі

01.02.2026 жыл

 

67.           

Құлсары қаласы «Болашақ» ықшам ауданына 5G интернет байланысын орнату.

Орындалысы: «Болашақ» ықшам ауданына 5G интернет байланысын орнату үшін жер телімі бөлінді. 2026 жылдың мамыр айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланған. Орындалуда.

Цифрландыру және архивтер басқармасы,

Жылыой  ауданы әкімдігі

01.04.2026 жыл

68.           

Б.Ербосынов көшесін жабайы шөптерден  тазарту жұмыстарын жүргізу.

Орындалысы: Құлсары қаласы Б.Ербосынов көшесін жабайы шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

Жылыой  ауданы әкімдігі

31.12.2025 жыл

69.           

 «Болашақ», «СМП-615», «Мереке» ықшам аудандарына көше жарығын жүргізу.

Орындалысы: Құлсары қаласы «СМП-615», «Береке» ықшам аудандары көшелері мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында «Құлсары қаласы көше жарығы құрылысы» жобасы тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда «Батыстранзит» АҚ-мен келісімшарт жасақталып, құрылыс жұмыстары басталды.

«Болашақ» ықшам ауданына көше жарығын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау жоспарға енгізілді. Орындалуда.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Жылыой ауданы әкімдігі

01.10.2026 жыл

70.           

Күрделі жөндеуден өткен Теміржол вокзалын қабылдау жұмыстарын жүргізу.

Орындалысы: Құлсары қаласындағы Теміржол вокзалы ғимаратын «Данасай» ЖШС (құрылысшы) теңгерімінен «Исткомтранс» ЖШС (инвестор) теңгеріміне ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта ғимараттың техникалық төлқұжатын алу үшін құжаттар ХҚКО-на тапсырылды. Сонымен қатар, ғимараттың және ондағы мүліктердің құнын анықтау мақсатында тәуелсіз бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Құжаттар толық рәсімделгеннен кейін, сыйға тартушы «Исткомтранс» ЖШС теңгерімінен аталған ғимаратты Жылыой ауданының коммуналдық меншігіне қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың наурыз айының аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Орындалуда.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ, Атырау магистральдық желі бөлімшесі (келісім бойынша)

Жылыой ауданы әкімдігі

01.03.2026 жыл

71.           

Ауыл шаруашылығы саласын  қолдау бағытында субсидия бөлу.

Орындалысы: Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау, егін шаруашылығына берілетін субсидиялар, сондай-ақ «Ауыл аманаты», «Кең дала» бағдарламалары, ауылдық елді мекендерде микрокредит беру, аграрлық кредиттік корпорация сияқты жеңілдетілген несие беру жүзеге асырылады.

Аталған бағдарламалар жөнінде жергілікті ауыл шаруашылығы бөлімдерінен толық мәлімет алуға болады.

Субсидия беру Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы арқылы жүргізіледі және жеңілдетілген несие аграрлық қаржы институттары арқылы беріледі. Орындалуда.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

01.02.2026 жыл

72.           

Қоғамдық Кеңес төрағасына қатысты тиісті шаралар қабылдау.

Орындалысы: Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 наурыздағы №97 өкімімен бекітілді.  Сайланған кеңес мүшелері өздерінің арасынан Құлбаев Бекет Бағытжанұлын төраға сайлады.  Әлеуметтік желіде тарап жүрген жұмысшылар мен Б.Құлбаевтың арасында болған келіспеушіліктерге байланысты  Б.Құлбаевтың  депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазіргі уақытта Б.Құлбаевпен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Орындалды.

Жылыой ауданы әкімдігі

01.02.2026 жыл

Индер ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

73.           

Индер ауданының өндірістік потенциалын арттыру мақсатында «Индер-Мақат» теміржолын күрделі жөндеуден өткізу.

Орындалысы: «Мақат-Индербор» желісінің меншік иелерімен оны «Көлік сервис орталығы» АҚ балансына беру мәселесі бойынша:

 1) 16.04.2025 жылы «Атырау техникалық байқау компаниясы» ЖШС атына айыппұл тұрақсыздық айыбын төлеу және мүлікті қайтару туралы талаппен сотқа дейінгі талап жіберілді. 2)13.06.2025 ж. «Атырау «ӘКК» АҚ «Атырау Техникалық байқау компаниясы» ЖШС-на ұзындығы 175 390 метр болатын, 670,2 млн. теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алатын «Мақат-Индер» теміржол желісі түріндегі мүлікті қайтару туралы сотқа талап арыз берді;

3) 27.06.2025 ж. Сот ісін жүргізуге талап қоюды қабылдауды және азаматтық іс қозғауды (оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау (тараптарды шақырмай) айқындады;

 4) 2025 жылғы 18 шілдеде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Атырау «ӘКК» АҚ-ның іздестіру өтінішін қанағаттандырды.

 Орындалуда.

Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы,

Индер ауданы әкімдігі

01.06.2026 жыл

74.           

Елтай ауылынан заманауи мәдениет үйін салу;

Орындалысы: Мәдениет үй 2013 жылы күрделі жөндеуден өтті. Ғимарат 1974 жылы (200 орындық) пайдалануға берілген, яғни ескіруіне байланысты жаңа ғимаратты қажет етеді. Қазіргі уақытта жер телімін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы,

Индер ауданы әкімдігі

01.11.2026 жыл

75.           

Аудан орталығынан заманауи оңалту орталығын салу

Орындалысы: «SCS Инжиниринг» ЖШС (мердігер ұйымы) 2021 жылдың 31 наурызында Индербор кенті, Ш. Уәлиханов көшесі №15 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Индербор кенті әкімінің аппараты» ММ-мен келісімшарт жасаған. Шартқа сәйкес жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі — 2021 жылғы 19 қараша (ұзақтығы 7 ай). Алайда мердігер ұйым шарт талаптарын толық орындамағандықтан, «SCS Инжиниринг» ЖШС жосықсыз қатысушы деп танылды.

Қазіргі уақытта:

• «Құрылысты техникалық сүйемелдеу бюросы» ЖШС тарапынан ғимаратқа техникалық тексеру жүргізіліп, сараптамалық қорытынды алынды;

• Жобаға қажетті түзетулер мен өзгерістер енгізу үшін сметалық құжаттамалар Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясына жолданды;

• Жұмыстардың орындалу деңгейі 90–95% құрайды.  Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы,

Индер ауданы әкімдігі

01.07.2026 жыл

76.           

Индер ауданы бойынша мал қорымдарының қалыпты жұмыс жасауын ұйымдастырып, қажеттілігіне қарай құрылымдық өзгерістер (конструкция) енгізе отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу

Орындалысы: Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Индер аудандық ветеринариялық стансасы» ШЖҚ КМК мекемесінің теңгерімінде 7 типтік мал қорымдары Индер ауданы әкімінің 2025 жылдың 17 желтоқсандағы №275 қаулысына сәйкес Индер аудандық құрылыс бөлімінің теңгеріміне берілді. Қажеттілікке қарай құрылымдық өзгерістер (конструкция) мен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақтауға бюджеттік өтінім әзірленуде.

Орындалуда.

Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы,

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Индер ауданы әкімдігі

01.06.2026 жыл

Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

77.           

Ақтоғай ауылының ауылішілік көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату мақсатында жоба жасақтап, ұсыныс енгізсін.

Орындалысы: Ақтоғай ауылына көше жарығын жүргізу үшін демеушілік арқылы жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін, конкурстық жұмыстар өткізіліп, жеңімпаз мердігер «Атырау Құрылыс 2050» ЖШС болып анықталып, келісімшарттар жасақталды. Құрылыс жұмыстарына рұқсат талоны алынды. Орындалуда.

Махамбет ауданы әкімдігі

01.10.2025 жыл

78.           

Махамбет ауылдық округіне қарасты «Өткел» мөлтек ауданының тұрғындарын көшіру жұмыстарын, яғни заңға сәйкес тұрғын үйінің бағаланған құнын өтеу немесе басқа тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;

Орындалысы: Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты мәселе бүгінгі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Осыған байланысты мекеме 2026 жылғы ақпан айында Махамбет ауданы әкімі аппараты мен тұрғын үй және шаруашылық иелеріне қатысты Махамбет аудандық сотына талап арыз жолданған болатын. Алайда даудың Әкімшілік соттың қарауына жатуына байланысты аудандық сот талап арызды қабылдамады.

Қазіргі уақытта құжаттар қайта пысықталуда. Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) және аудандық архивтен тұрғын үйлер мен жер учаскелеріне қатысты мәліметтер анықтама ретінде сұратылып алынуда. Сонымен қатар, аудандық прокуратурадан құқықтық түсіндірме алынып, аудандық әкімдікпен бірлесіп зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған материалдар негізінде іс құжаттары дайындалып, Әкімшілік сотқа жолдау жоспарлануда. (Тұрғын үйлерді көшіру мәселесі сот шешімінен кейін ғана мүмкін болатындығын хабарлайды.) Орындалуда.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Махамбет ауданы әкімдігі

31.12.2025 жыл

79.           

B.B.NURA ЖШС-мен хабарласып, «Махамбет аудандық аурухана» ШЖҚ КМК-нан берілген арнайы бөлменің жөндеу жұмыстарын аяқтап, «Гемодиализ» еміне қарсы аппаратпен қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Махамбет аудандық ауруханасы ғимаратынан «B.B.NURA» ЖШС-на гемодиализ кабинетін ашу мақсатында 3 бөлме жалға берілді. Қазіргі уақытта нысанды іске қосу үшін қажетті дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде: ғимараттың ішкі өлшемдері алынып, косметикалық жөндеу жұмыстары жоспарланды. Жөндеу жұмыстары бюджеттік қаражаттың түсуіне қарай кезең-кезеңімен басталатын болады. Сонымен қатар, бөлмелерді арнайы медициналық мақсатқа бейімдеу шаралары қолға алынған. Гемодиализге қажетті негізгі аппараттар мен қосалқы жабдықтарды сатып алу процесі жүріп жатыр. Су тазарту жүйесіне арналған сүзгілер мен мембраналарға тапсырыс берілген, су сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында заманауи арнайы жүйе орнатылады. Барлық техникалық шешімдер жобалық-сметалық құжаттамалар аясында келісіліп, жұмыстар санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Орындалуда.

Денсаулық сақтау басқармасы

31.12.2025 жыл

80.           

Арнайы науқастарға берілетін дәрілер қорының болуы, уақытылы келуін және науқастарға мерзімінде берілуін қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы түрде және уақытылы жүргізілуде. Арнайы есепте тұрған науқастар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы №75 бұйрығына сәйкес тізімге енген дәрілік препараттармен толық көлемде қамтамасыз етіліп отыр.

Сонымен қатар, орфандық (сирек) аурулары бар науқастар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілуде. Орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Үнемі

81.           

Махамбет ауылындағы 3 қатарлы көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау мақсатында тұрғын үй иелерімен бірлесіп КМК (көппәтерлі үйлердің меншік иелері кооперативі) құру мүмкіндігін қарасын;

Орындалысы: Қазіргі уақытта аудан әкімдігі тарапынан Махамбет ауылындағы 3 қатарлы көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау мақсатында КМК құруға тұрғындарға және жеке кәсіпкерлерге ұсыныс беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Орындалды.

Махамбет ауданы әкімдігі

31.12.2025 жыл

82.           

Жалғансай ауылына жүргізіліп жатырған жол құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуын қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Жалғансай ауылының ауылішілік жолдарының негізгі қабаты салынып, қазіргі уақытта жоба бойынша асфальт жабындысы толықтай төселінді. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 9,6 шақырым. 2026 жылы аялдама орнату жұмыстары және қабылдау-тапсыру жұмыстары жүргізілетін болады. Мердігер мекеме - «АтырауИнжСтрой» ЖШС.

Орындалуда.

Махамбет ауданы әкімдігі

01.12.2025 жыл

83.           

Ақтоғай ауылындағы дәрігерлік акушерлік пунктінің дәрігер мамандары еңбек демалысына шығып немесе т.б себептермен жұмыста болмаған жағдайда, орнына «Махамбет аудандық аурухана» ШЖҚ КМК-нан білікті дәрігерлермен қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Махамбет ауданы бойынша  елді мекендердің тұрғындарына сапалы, білікті медициналық көмек көрсету мақсатында жылжымалы консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту бойынша 1 жылжымалы кешен қызмет жасап тұр. Жылжымалы консультациялық-диагностикалық кешен құрамында хирург, гинеколог, отоларинголог, дерматолог, психолог, невропатолог, педиатр, онколог, кардиолог мамандар қарап,тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жылжымалы кешен құрамында рентген (флюрография) жұмыс істейді. 2025 жылға  арналған Махамбет ауданына қарасты елді мекендерді арнайы бекітілген кесте бойынша 1 жылда 4-5 рет  қарап, тексеру жұмыстары үнемі жүргізіліп отыр. Орындалды.

Денсаулық сақтау басқармасы

Үнемі

84.           

Ақтоғай ауылының кірме жолының құрылыс жұмыстарын бақылауға алып, сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етсін;

Орындалысы: Ақтоғай ауылының 2,152 шақырым кірме жолын күрделі жөндеуге 217 203,0 мың теңге қаражат бөлініп жұмыстары басталған болатын (жоба құны 517 603,0 мың теңге). Алайда 2024 жылы соңғы қабаты қыс мезгілінде төселген себепті, жазғы уақытта асфальт жабындысының бүлінуі байқала бастады. Қазіргі уақытта асфальт жабындысы толықтай қайта төселініп, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді. Нысан ұлттық сараптамадан өткеннен кейін қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Жобаны жүзеге асырып жатырған мердігер мекеме «Team Development» ЖШС. 2026 жылға 24 877,0 мың теңге қаржысы қалды. Орындалуда.

Махамбет ауданы әкімдігі

01.12.2025 жыл

85.           

«Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының тұрғын үй кезегінде әр аудан бөлінісінде кезекте тұрған азаматтардың тізімі мен кезектілігі және кезектілікпен беріліп жатырған адамдар туралы мәліметті аудан әкімдіктеріне ұсынсын;

Орындалысы: Әр аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімі мен кезектілігі туралы ақпарат orken.otbasybank.kz  сайтына жарияланған. Бұл жөнінде қала және аудандар әкімдіктеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

«Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалы (келісім бойынша)

 

Әр апта сайын

Мақат ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

86.           

Ескене, Таскескен елді мекендері тұрғындарын Атырау қаласына көшіру мәселесі бойынша бірлескен комиссия құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті ұсыныс енгізу.

Орындалысы: Мақат ауданы әкімдігі тарапынан елді мекен тұрғындарын Атырау қаласына көшіру мәселесі бойынша аудандық комиссия құрылып, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Орындалуда.

Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жиын),
Мақат ауданы әкімдігі,
Атырау қаласы әкімдігі

01.06.2026 жыл

87.           

Аппатты деп танылған және барак типтес тұрғын үйлерді жою мақсатында тұрғын үйлер салу үшін тиісті қаражат бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Аудандағы аппатты деп танылған және барак типтес тұрғын үйлерді жою мақсатында тұрғын үйлер салу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен 1,780 млн.теңге қаражат бөлінді. Орындалды.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

25.12.2025 жыл

88.           

Аудандағы қалған көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен төбе шатырларының құрылыс жұмыстарына тиісті қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Аудандағы қалған көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен төбе шатырларының құрылыс жұмыстарына облыстық бюджет қаражаты есебінен 398 млн.теңге қаражат бөлінді. Орындалды.

Мақат ауданы әкімдігі,
Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

01.03.2026 жыл

89.           

Мақат кентіне кәріз желілерін жүргізу мәселесі  бойынша ЖСҚ жасақтауға тиісті қаржы бөлу.

Орындалысы: Мақат кентіне кәріз желілерін жүргізу мақсатында ЖСҚ жасақтауға облыстық бюджет қаражаты есебінен 30 млн.теңге қаражат бөлінді. Орындалды.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

01.04.2026 жыл

90.           

Мақат кентіне жазғы су құбырын жүргізу үшін ЖСҚ жасақтауға тиісті қаржы бөлуге.

Орындалысы: Мақат кентіне жазғы су құбырын жүргізу мақсатында ЖСҚ жасақтауға қажетті қаржы бөлу мәселесі облыстық маслихаттың кезекті сессиясында қаралады. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

01.04.2026 жыл

91.           

Мақат кентінен Жастар орталығын салу үшін тиісті қаражат бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Мақат кентінен Жастар орталығын салу үшін қажетті қаржы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бөлуді қажет етеді. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі,
Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Ішкі саясат басқармасы

25.12.2025 жыл

92.           

Мақат кентіне «Келешек мектеп», «Бином» мектептерінің үлгісінде мектеп салу үшін ЖСҚ жасақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен жобалар қарастырылуда. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,
 Білім беру басқармасы

01.06.2026 жыл

93.           

Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебінің жапсарлас ғимаратының ЖСҚ-на түзетулер енгізу. Орындалысы:  Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебінің жапсарлас ғимаратының ЖСҚ-на түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Білім беру басқармасы

01.03.2026 жыл

94.           

Доссор кентінен жаңадан мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ жасақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы:  Республикалық және жергілікті бюджеттердің оңтайландыру және басымдық беру мақсатында ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №792 қаулысымен мәдениет ұйымдарының жаңа объектілерін салуға бюджет қаражатын бөлуге 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізілді.

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,
 Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

01.06.2026 жыл

95.           

Доссор кентінен заманауи үлгідегі аурухана салу үшін ЖСҚ жасақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,
Денсаулық сақтау басқармасы

01.06.2026 жыл

96.           

Мақат кентінен заманауи үлгідегі Өнер мектебін салу үшін ЖСҚ жасақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы: Мақат кентінен 250 орындық Өнер мектебін салу үшін ЖСҚ жасақтауға облыстық бюджеттен  қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдер жүргізілуде.

 

Мақат ауданы әкімдігі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,
 Білім беру басқармасы

01.06.2026 жыл

97.           

«NCOC» компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында қаралатын қаржыны, алдын ала жолданған ұсыныстарға сәйкес толық қолдау шараларын ұйымдастыру.

Орындалысы: Мақат ауданында «NCOC» компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында Мақат кентінің орталық алаңын қайта жаңғырту және Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы(жиын),
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

01.12.2026 жыл

98.           

Мақат кентіндегі 13 шақырым болатын жол құрылысына тиісті қаражат бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы:

13 шақырым болатын жол құрылысына қажетті қаржыны облыстық мәслихаттың кезекті сессиясынан бөлуді қажет етеді. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

25.12.2025 жыл

99.           

Мақат кентіне 4,5 шақырым болатын кірме жолды жөндеу жұмыстарына тиісті қаражат бөлу.

Орындалысы:

4,5 шақырым болатын жол құрылысына қажетті қаржыны алдағы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясынан бөлуді қажет етеді.Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы (жиын),
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

25.12.2025 жыл

100.       

Сағыз өзеніне шлюздер салу мәселесі бойынша ЖСҚ жасақтау.

Орындалысы:

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен жобалау жұмысы қаралуда. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі,
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жиын),
Экономика және қаржы басқармасы,
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, «Табиғат» КМК

01.06.2026 жыл

101.       

Аудандағы орнатылып жатырған бейнебақылау камералары үшін Мақат аудандық Полиция бөлімінен Жедел басқару орталығын салу мәселесі бойынша тиісті қаржы бөлу.

Орындалысы: Бүгінде аудандық полиция ғимаратының ішінен Жедел басқару орталығын орнату жұмысы жүргізілуде. Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі,
 Атырау облысы Полиция департаменті (келісім бойынша), Экономика және қаржы басқармасы (жиын)

25.12.2025 жыл

102.       

Мақат кентіне заманауи үлгідегі өрт сөндіру бөлімшесінің құрылысына тиісті қаражат бөлу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалысы:

Қажетті қаржыны алдағы облыстық мәслихат сессиясынан бөлуді қажет етеді.  Орындалуда.

Мақат ауданы әкімдігі,
 Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша),
Экономика және қаржы басқармасы (жиын),

Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы

25.12.2025 жыл

103.       

«Атырау-Алматы» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының Мақат станциясына тоқтауын ұйымдастыру.

Орындалысы: 2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы Мақат станциясына тоқтап, қазіргі таңда аудан тұрғындары тұрақты қатынайды. Орындалды.

Мақат ауданы әкімдігі, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жиын),
 «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Атырау магистралдық желі бөлімшесі (келісім бойынша)

01.03.2026 жыл

Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

104.       

Миялы және Сағыз ауылдарындағы мектептердің ауласынан спорт алаңдарының құрылысын салу.

Орындалысы:

Аудандық құрылыс бөлімімен аудан бойынша 5 мектептің аумағына спорт алаңын салуға ЖСҚ дайындалды.

Оның ішінде:

-   Ы. Шөреков атындағы орта мектебі (Миялы а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. № ALTS-0055/25. Жоба құны – 220442,0 мың теңге;

-   Б. Аманшин атындағы орта мектебі (Миялы а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. №ALTS-0053/25. Жоба құны – 69482,0 мың теңге;

-   Х. Досмұхамедов атындағы орта мектебі (Миялы а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. № ALTS-0054/25. Жоба құны – 194657,0 мың теңге;

-   №9 орта мектебі (Сағыз а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. № ALTS-0051/25. Жоба құны – 105281,0 мың теңге;

-   Кенбай орта мектебі (Сағыз а.)

Сараптама қорытындысы 01.04.2025 ж. № ALTS-0052/25. Жоба құны – 178233,0 мың теңге; Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы; Білім беру басқармасы (жиын); Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы;

Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

2025-2026 жыл

105.       

Миялы ауылының маңында орналасқан 5 зиратқа қоршау жұмыстарын жүргізу.

Орындалысы:

Миялы ауылының (Байсеу, Еспақмола, Сақал ата, Бәйгетөбе, Ескі Бекет зираты) маңындағы зираттарды қоршау жұмыстары.
Жоба құны – 456 747,0 мың теңге. Сараптама қорытындысы 25.11.2025 жылы №ASAR-0704/24. 2026 жылға 456 747,0 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылуда. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Экономика және қаржы басқармасы, Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

2026 жыл

106.       

Миялы ауылының 3-мөлтек ауылына ауылішілік жол салу.

Орындалысы:

Миялы ауылындағы ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу бойынша Жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. 27.12.2024 ж. № ACЭК-0022/24 сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2026 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс берілді. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Экономика және қаржы басқармасы,

 Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

2025-2026 жыл

107.       

Миялы-Сағыз тас жолының аралығын толық қамтитын ұялы байланыс желісін орнату.

Орындалысы: Зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы,

Цифрландыру және архивтер басқармасы (жиын).

2026 жыл

108.       

Жангелдин ауылына жаңадан мәдениет үйін салу.

Орындалысы:

Жоба құны – 1 858 664,0 мың теңге. Мердігер «ГТЭС-Строй» ЖШС. 2026 жылға 500,0 млн.тг бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталуда. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Экономика және қаржы басқармасы; Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

2026-2027 жыл

109.       

Жамбыл, Қызылқоға, Көздіғара, Мұқыр ауылдық округі әкімі аппараттарына жаңа ғимарат беру.

Орындалысы:

ҚР Үкіметінің «Жоспарлау кезінде бюджет қаражатын жекелеген шығыстарға бөлуге және бюджетті атқару кезінде жекелеген шығыстар бойынша қалыптасқан үнемдеуді дербес пайдалануға мораторий» енгізу туралы қаулысына сәйкес жаңа ғимараттар сатып алу тоқтатылды. Объективті тұрғыда жауап берілді.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын),

Экономика және қаржы басқармасы.

2026-2027 жыл

110.       

Қаракөлден-Миялыға және Қаракөлден-Қарабауға дейінгі аралыққа жаңа тоқ желілерін тарту.

Орындалысы: «Қызылқоға ауданындағы №35 «Райгородок» қосалқы станциясынан №37 «Н. Аралов» атындағы және                         №39 «Қарабау» қосалқы станциясына дейін ашық тарату құрылғысын кеңейтумен 35кВ әуе желісінің құрылысына ЖСҚ дайындау» жобасы дайындалуда. Жобалаушы «Игілік Стройпроект» ЖШС. Жобалау жұмыстары 2026 жылдың шілде айында аяқталады. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі,

Экономика және қаржы басқармасы;

Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жиын).

 

2026 -2028 жыл

111.       

Миялы ауылынан аурухана құрылысын салу.

Орындалысы:

Миялы ауылынан 75 төсектік аурухана емханасымен салуға бастапқы құжаттары дайындалды (жер таңдау актісі, мемлекеттік жер актісі, СТЖ). Жоба дайындау жұмыстары қаралуда. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын),  Денсаулық сақтау басқармасы.

2026-2027 жыл

112.       

Миялы ауылынан трансформаторлық станса (подстанция) құрылсын салу.

Орындалысы: Қызылқоға ауданы әкімдігімен Миялы ауылынан трансформаторлық станса (подстанция) құрылысын салу қажеттілігі зерттелуде. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жиын).

 

2026-2028 жыл

113.       

Ауданда жаңадан құрылған «Қызылқоға Сервис» мекемесінің қызметі тездетіп басталса.

Орындалысы:«Қызылқоға Сервис» мекемесі құрылды.
2026 жылдан бастап Мемлекеттік сатып алу порталына тіркеу үшін төлемдер жасалды. 2026 жылдың 1 қаңтар айынан бастап мекеме Миялы және Сағыз ауылдарындағы тазалық жұмыстарын жүргізіп бастады. Орындалды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын),

Экономика және қаржы басқармасы;

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы;

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

2025-2026 жыл

114.       

Тайсойған ауылынан жаңа балабақша құрылысын салу.

Орындалысы:

ЖСҚ-ға түзету енгізілуде. 2026 жылдың наурыз айында сараптамаға жолданады. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы; Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын).

2026-2027 жыл

115.       

Сұлтан-Уәйіс атаның басына газ желісін тарту.

Орындалысы:

2025 жылдың қараша айында Тайсойған ауылындағы Сұлтан-Уәйіс атаның басына газ желісі тартылды. Орындалды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

2026 жыл

116.       

Тайсойған ауылындағы саябаққа жеңіл жөндеу жұмысын жүргізу (брусчатка төсеу, жарық шам орнату т.б.).

Орындалысы:

Аудандық бюджеттен 37 млн 490 мың теңге қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы жүргізіледі. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

2026 жыл

117.       

Мұқыр ауылынан өнер мектебі мен балабақша құрылысын салу.

Орындалысы:

160 орындық балабақша және өнер мектебін салуға облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен жоба қаралуда. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы,

 Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын).

2026-2027 жыл

118.       

Мұқыр ауылының кіре беріс жолын жарықтандыру және бейне бақылау камерасын орнату (Атырау-Ақтөбе тас жолының Мұқыр ауылының тұсы, Қазавтожол арқылы жүзеге асыру).

Орындалысы:

ЖСҚ дайындауға қаражат сұрау үшін жобалау іздестіру жұмыстары дайындалуда. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Атырау облыстық полиция департаменті,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жиын),

«Қазавтожол» ҰК АҚ Атырау облыстық филиалы

2026 жыл

119.       

Қаракөл, Қоныстану ауылдарынан балабақша құрылысын салу.

Орындалысы:

100 орындық балабақша салуға облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен жобалар қарастырылуда. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі,

Экономика және қаржы басқармасы, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (жиын),

Білім беру басқармасы.

2026-2028 жыл

120.       

Ғ.Сланов атындағы орта мектепке жаңа автобус алып беру.

Орындалысы:

2026 жылға Мұқыр орта мектебі мен Ғ.Сланов атындағы орта мектептерге жаңа автобус алу үшін Облыстық білім беру басқармасына Облыстық мәслихат сессиясында қарау үшін бюджеттік өтінім жолданды. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Экономика және қаржы басқармасы, Білім беру басқармасы (жиын).

2026 жыл

121.       

Тайсойған ауылының интернет желісін күшейту.

Орындалысы:

Интернет жылдамдығын күшейту мақсатында қосымша құрылғы қондыру қарастырылуда.

Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Цифрландыру және архивтер басқармасы (жиын).

2026 жыл

122.       

Жасөспірімдер және учаскелік полиция инспекторларының Тайсойған ауылында тұрақты тұрып қызмет етуін қамтамасыз ету.

Орындалысы:

Тайсойған ауылында 2025 жылдың қараша айынан бастап учаскелік полиция инспекторы тұрақты қызметке тағайындылды. Орындалды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі,

Атырау облыстық полиция департаменті (жиын).

2025-2026 жыл

123.       

Ғ.Сланов атындағы орта мектепке музыкалық аспаптар алу. Орындалысы:

2026 жылға қажетті 5 домбыра мен 1 баян алуға сұраныс берілді. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыныс дайындалуда.  Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі; Экономика және қаржы басқармасы, білім беру басқармасы (жиын).

2026 жыл

124.       

Миялы ауылы Ы.Алтынсарин көшесіне толық автокөлік жолын салу мәселесі.

Орындалысы:

Ы.Алтынсарин көшесіне толық тас жол төсеу үшін ЖСҚ жасақтау жоспарлануда.  Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Экономика және қаржы басқармасы; Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

2026-2027 жыл

125.       

Миялы ауылынан ірі компаниялардың (Нефтэк, Qazaq Oil, PromGaz, Helios) жанар-жағармай құю бекеті салынса.

Орындалысы:

Қызылқоға ауданы бойынша жанар-жағармаймен «Qazaq oil» мекемесінің 1 бекеті, «Сабиров Б», «Сабытаев», «Ермеков», «Таласбаев Ж»  қамтамасыз етуде. Қосымша бекеттер салу бойынша ұсыныстары қарастырылуда. Орындалуда.

Қызылқоға ауданы әкімдігі, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жиын).

2026-2027 жыл

126.       

Сақал Ата қауымы басындағы түнек үйге ауыз су құбырын тарту мәселесі.

Орындалысы:

2025 жылдың қараша айында Сақал Ата зиратының басындағы түнек үйге ауыз су құбыры тартылды. Орындалды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі (жиын), Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

2026 жыл

 

Дата публикации
02 апреля 2026