2025 жылы Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға барлығы 60 481 жолданым келіп түскен (2024 ж- 39 443), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,3% -ға өсіп отыр.
Өтініштердің түрлері бойынша: арыз – 37 961 (62,8%), шағым – 3 174 (5,3%), сұрау салу, үн қосу, хабарлама – 12 346 (20,4%), ұсыныс – 7 000 (11,6%).
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті ТОП-5 мәселесі анықталды:
ТОП-1: Білім беру – 10 960 (18,1%);
ТОП-2: Жер қатынастары – 7 392 (12,2%);
ТОП-3: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық – 6 563 (10,9%);
ТОП-4: Жеке қабылдау – 4 463 (7,4%);
ТОП-5: Құрылыс – 2 748 (4,5%).
2025 жылы Атырау облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кезеңде 3270 қабылдауы ұйымдастырылып, 8514 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 1311 өтініш оң шешілді, 7087 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді.
Оның ішінде облыс әкімімен 21 қабылдау ұйымдастырылып, 354 азамат, облыс әкімінің орынбасарларымен 47 қабылдау ұйымдастырылып, 145 азамат, облыс әкімі аппараты басшысы және орынбасарларымен барлығы 9 қабылдау өткізіліп, 11 азамат қабылданды.
Бұдан бөлек, ҚР Президентінің №826 Жарлығына сәйкес, облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесуден кейінгі өткізілген қабылдаулар саны - 106, қабылданған азаматтар саны - 590. Оның ішінде облыс әкімімен 7 қабылдау өткізіліп, 245 азамат жеке қабылданды.
2025 жылы Азаматтарды қабылдау орталықтарына келген азаматтардың саны – 20 983 (облыстық, қалалық және аудандық АҚО-ларда), оның ішінде: кеңес алғандар саны – 16 724, МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны – 4 259, АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 15 858.