«Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының                 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4801 болып тіркелген)  қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні



Дата публикации
26 января 2026