Атырау облысы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама
26 желтоқсан 2025 жыл Атырау қаласы
Атырау облысы әкімі аппараты басшысының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №53-НҚ бұйрығы негізінде 2025 жылдың 11-26 желтоқсан аралығында Атырау облысы әкімі аппаратында 2025 жылдың 1 қаңтары мен 1 желтоқсаны аралығындағы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі -Талдау) жүргізілді.
Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
|
Жұмабай Ербол Ізмұқанұлы |
- |
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Жұмыс тобының жетекшісі; |
|
Қабдешов Ержан Ғабитұлы |
- |
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы; |
|
Әлиева Лаура Өзбекқызы |
- |
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы. |
Талдау кезінде мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметі бойынша келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды.
1) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес Атырау облысы әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын өзектендіру қажеттілігі туындады.
Осыған байланысты қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты жаңа әдістемелік ұсынымдарың талаптарына толық сәйкес келмейтіні анықталады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына ықпал етуі мүмкін. Аталған мән-жайларды ескере отырып, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №536 «Атырау облысы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы» және 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №474 «Атырау облысы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №536 «Атырау облысы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы» бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрықтарының күшін жойып, жаңа редакциядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту ұсынылып, аталған тәуекел ішкі талдау жүргізу барысында жойылды.
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 қаулысымен бекітілген Орталық және жергілікті атқарушы органдардың заң қызметі туралы үлгілік ережесімен сот актілерін шағымдану мәселелері бойынша уәкілетті лауазымды тұлғаның келісімін көздейді және қелісім беру мерзімі көзделген. Алайда ережеде талап қоюлар бойынша осындай негізделген уәжді ұстанымды дайындауды реттейтін тәртібі мен дайындау мерзімі белгіленбеген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады деп көзделген.
Бұл нормада құқықтық олқылық анықталды. Осыған байланысты талап қою бойынша уәжді ұстанымды дайындауды реттейтін тәртібі мен дайындау мерзімінің болмауы шешім қабылдау кезінде субъективтілікке жол беруіне және мемлекеттік органның мүдделерін уақытылы қорғау тәуекелдерінің туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Аталған мәселені реттеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне уәжді ұстанымды дайындауды реттейтін тәртібі мен дайындау мерзімін белгілеу бойынша тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдау ұсынылады.
3) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабына сәйкес құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлықтық құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды.
Сонымен қатар, 27-бабына сәйкес күші жойылды деп танылуға жататын нормалар айқын көзделген. Алайда, құқықтық мониторинг барысында анықталған ескірген және тиімсіз іске асырылатын нормативтік құқықтық актілерді жою бойынша нормалар аталған талаптарға толық көлемде сәйкес келмейтіні көрінеді.
Аталған олқылықты ескере отырып, анықталған тәукелді жою мақсатында тиісті құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, не болмаса оларды белгіленген тәртіппен күшін жою мәселесін реттеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсыныс жолдау ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесі жасақталды (қосымша жалғанды).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде 3 тәуекел анықталып оларды жою бойыншы 3 ұсыным берілді.
Жұмыс тобының жетекшісі Е. Жұмабай
мүшелері А.Нажимов
Л.Әлиева
Келісілді:
Атырау облысы әкімі
аппаратының басшысы Н.Жеңісбекұлы