Айтыңызшы, ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу болашақ зейнетақы мөлшеріне әсер ете ме?

Еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі ең алдымен азаматтарды зейнеткерлікке шыққаннан кейін қамтамасыз етуге бағытталған. Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыс есебінен қалыптастырылады. Болашақ зейнетақы деңгейіне жарналардың жүйелілігі мен мөлшері, сондай-ақ зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістілігі әсер етеді.

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңінің азаюына себеп болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын алу туралы шешім қабылдамай тұрып, зейнеткерлік жасқа жеткенде қандай зейнетақы алатыныңызды шешіп, өзіңіз үшін басымдықтарды анықтауыңыз керек. Болашақ зейнетақының мөлшерін білу үшін Сіз зейнетақының неден құралатынын көрсететін болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана аласыз. Оны үш сценарий бойынша есептейді: пессимистік, шынайы және оптимистік, бұл салымшыға нақты инвестициялық кірістің болжамды деңгейін ескеретін барлық мүмкін нұсқалармен танысуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл құрал әрбір салымшыға болашақ зейнетақы мөлшерінің мерзімінен бұрын пайдаланылған және пайдаланылмаған жағдайда қандай болатынын есептеуге көмектеседі. "Зейнетақы калькуляторы" қызметімен БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында толығырақ танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) – бұл ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) ай сайынғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл салымшы зейнеткерлік жасқа толған кезде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (мемлекеттік бюджеттен ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі көрсеткіш. 

 

Дата публикации
17 декабря 2025