Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеуге арналған төлемдерді алу үшін қайда жүгінуге болады?

Зейнетақы жинақтарын тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы пайдалануға болады. БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасаған уәкілетті операторлардың тізімі:

  • "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ (Тұрғын үй және емделу);
  • "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Тұрғын үй);
  • "Банк Центр Кредит" АҚ (Тұрғын үй);
  • "Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) (тұрғын үй);
  • "Банк Фридом Финанс Казахстан" АҚ (Тұрғын үй).

БЗТ-ны жүзеге асыру тәртібі төмендегідей:

- алушылар БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алуға болатын жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді көшірмесінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алуға қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді алады;  

- содан кейін алушы уәкілетті операторға уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы БЗТ алу туралы өтінішпен жүгінеді және өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды;

- уәкілетті оператор екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға БЗТ алу туралы алушылар тарапынан түсіп, тіркелген өтініштер туралы электрондық хабарлама жібереді;

- БЖЗҚ өз өкілеттігі шеңберінде жеке зейнетақы шотында сұрау салынған соманың болуын тексереді және бас тартуға негіздер болмаған жағдайда электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға өтініште көрсетілген БЗТ сомасын (көрсетілген сома ЖЗШ-да болған кезде) алушының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемі үшін уәкілетті оператор арнайы ашқан шотқа есептеу үшін аударады;

- зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды алушылар тек уәкілетті операторларға ұсынады.

Құжаттарды тексеріп, қаражатты өтініш берушінің түпкі мақсатына аудару туралы шешімді уәкілетті оператор қабылдайды.

Егер алушы тұрғын үйге немесе емделуге зейнетақы жинақтарының пайдаланылғанын растайтын құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаса, онда қаражат БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына қайтарылады. 

Дата публикации
17 декабря 2025