Салық салынатын табыс пен ЖТС-ты қайта есептеуге құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген. ЖТС қайтаруға қажетті құжаттарды беру мерзімі үш жылдан бес жылға дейін ұзартылды. Алайда, ол 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады, өйткені 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Сондықтан БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына барып, өтінішіңіз пен қажетті құжаттарды тапсыру қажет. Қайта есептелгеннен кейін ақша сіздің зейнетақы шотыңызға қайтарылады.