БЖЗҚ-ның әр салымшысының зейнетақы жинақтары оның зейнетақы шотына түсетін жарналар мен инвестициялық кірістерден құралады. БЖЗҚ барлық жинақтардың есебін жүргізеді, ал ҚР ҰБ мен салымшы таңдаған инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) оларды басқарады. Табыс алу мақсатында зейнетақы активтері елдегі және шетелдегі әртүрлі валютадағы түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Инвестициялық кіріс әртүрлі көздерден құралады: бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер; қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер; сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б.
Қаржы нарықтарындағы жағдай бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыстарға және т. б. әсер ететін экономикалық, саяси және басқа факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Сондықтан кейде инвестициялық кіріс оң да, теріс те болуы мүмкін. Бұл зейнетақы жинақтарының жалпы сомасына уақытша әсер етеді. Инвестициялық қызметтің нәтижелерін орта және ұзақ мерзімді кезең аралығында бағалаған жөн.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық – әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтында немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетте 24/7 режимінде көре алады.