Егер біржолғы зейнетақы төлемдерін алған кезде кейінге қалдырылған ЖТС таңдалса, 2026 жылдан бастап ЖТС-тың жойылуына байланысты зейнетақы жинақтары осы сомаға ұлғая ма?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты:

  • алушы Қазақстан Республикасының резиденті болса, ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайды, оның ішінде БЗТ да бар.
  • Өзгерістер сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйге/емделуге алынған БЗТ-дан зейнеткерлікке шыққанға дейін кейінге қалдырылған салықтар бойынша міндеттемелердің күшін жоюды қамтиды. Бірақ бюджетке бұрын төленген салықтарды қайтару көзделмеген.

 

Алайда кейінге қалдырылған ЖТС-тың күшін жою – алуға болатын қолжетімді соманы қоса алғанда, МЗЖ/МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасының ұлғаюы деген сөз емес. Бұл кейінге қалдырылған ЖТС сомасы есептен шығарылатынын және салымшының ЖТС бойынша мемлекет алдында берешегі болмайтынын білдіреді.

 Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін БЗТ алу кезінде ЖТС ұстап қалудың екі тәсілі қолданылады: БЗТ алған кезде бірден төлеу және зейнетақы алғанға дейін кейінге қалдыру (барлық пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының 10%-ы алушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ұсталады. Бұл ретте салық сомасы тең бөліктерге бөлінеді және 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінен шегеріледі).  ЖТС-ты қалай ұстау керектігін уәкілетті операторға өтініш берген кезде БЗТ алушы ғана шешеді.

Дата публикации
17 декабря 2025