Ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан төлемдерді қалай және қашан алуға болады?

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Бұдан басқа, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан  ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, олар мүгедек адамдарға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

ЕЗЖ есебінен төлемдер алу үшін өтініш БЖЗҚ-ға enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте онлайн-форматта немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында, сондай-ақ Қордың кез келген бөлімшесінде беріледі.

Жарналардың барлық түрлері есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz  сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде бақылауға мүмкіндік бар.

"БЖЗҚ" АҚ салымшының ерікті зейнетақы жарналарын аудару туралы уақтылы шешім қабылдауы өзінің зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және одан әрі жоғары төлемдер алуға көмектесетінін еске салады.

Дата публикации
09 декабря 2025