Салық салынатын кірісті қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі ҚР Салық кодексінің 346-бабы 2) және 3) тармақтарында көрсетілген.
БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, шұғыл түрде – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) – БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен («Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ААЖ-да алушының мүгедектігін растайтын мәліметтер болған жағдайда, тиісті растаушы құжаттар ұсыну талап етілмейді) шұғыл түрде жүгінуі қажет