|
№ |
Мемлекетттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Қабылданған шаралар |
Ескертпе |
|
1 |
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
|
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды өндіру кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. №245 Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық атқарушы органдардың құзыретіне жатады. 2024 жылы облыста жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, негізінен орта, күрделі, ағымдағы жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Іс жүзінде жол жұмыстарын ұйымдастыру мынадай түрде жүзеге асырылады: Басқарма (немесе Атырау облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы атынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) мемлекеттік сатып алу порталы арқылы әлеуетті өнім берушілер арасында жөндеу жұмыстарын орындауға конкурсты және олардың орындалуына техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін жеке лотты одан әрі өткізу туралы хабарландыруды орналастырады. Жұмыстың толық көлемі аяқталғаннан кейін нысанды пайдалануға қабылдау актісі жасалады, оған мердігер, тапсырыс беруші және техникалық қадағалауды жүзеге асырған ұйым қол қояды. Бұл ретте, № 245 Заңына сәйкес, автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын қоспағанда, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асыруға тиіс. Заңның жоғарыда аталған бабына сәйкес күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстарын қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асыруы тиіс.
|
мемлекеттік қабылдау комиссиясының аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдау бөлігінде екі нормативтік құқықтық актіні: №245 Заңды және №242 Заңды сәйкес келтіру қажеттілігі туралы ұсныс хат жолдансын.
|
Ұсыныс хат жолданды 31.10.2025 №06-01-17-01-3/1270 |
|
|
2 |
«Хиуаз Доспанова атындағы Атырау әуежайы» АҚт |
Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ азаматтардың барлық өтініштерін «е-Өтініш» қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасында «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес келіп түскен өтініштерді орындау мерзімі автоматты түрде толтырылады (қалыптастырылады). 4-параграфтың негізінде «Құжаттарды тіркеу тәртібі» қағидаларына сәйкес тіркелуге жататын (жүгінуге кіретін) құжат туралы мәліметтердің белгіленетін құрамының арасында тіркеу карточкасында орындалу мерзімін қағаз жеткізгіште көрсету туралы талап бар. Қоғам Кеңсесi Ереженiң жоғарыда көрсетiлген нормаларын орындамайды (егер өтініште орындалу мерзімі көрсетілсе, қоспағанда). Бұл факт орындалу барысын реттеуді бақылауды бұзуға, орындалған құжатты бақылаудан алуға, орындалған құжатты іске жіберуге, құжаттардың орындалу барысы мен нәтижелерін есепке алуға, қорытуға және талдауға, құжаттардың орындалу жай-күйі туралы басшылықты хабардар етуге әкеп соғуы мүмкін.
|
Кеңсе «Құжаттарды тіркеу тәртібі» Ережесінің 4-параграфының тіркелуге жататын (жүгінуге кіретін) құжат туралы мәліметтердің белгіленген құрамы арасында орындалуын, яғни тіркеу карточкасында орындау мерзімін қағаз тасығышта көрсету туралы талаптың орындалуын қамтамасыз етсін |
Кеңсе «Құжаттарды тіркеу тәртібі» Ережесінің 4-параграфының тіркелуге жататын (жүгінуге кіретін) құжат туралы мәліметтердің белгіленген құрамы арасында орындалуын, яғни тіркеу карточкасында орындау мерзімін қағаз тасығышта көрсету туралы талаптың орындалуын қамтамасыз етті |
Реттеу талаптарын елеусіз бұзу, талдау объектісінің қызметкерлерін жауапкершілікке тарту үшін негіздердің болмауы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзудың болмауы. |
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі - ҚБ 96/2020) талаптарына сәйкесмедициналық ұйымның жауапты адамы нысан бойынша журналда пайда болған медициналық қалдықтардың күн сайынғы есебін жүргізеді. Қоғамның медициналық пунктінде жоғарыда көрсетілген талаптың тиісті түрде орындалуы қамтамасыз етілмейді, яғни толтыру уақыт өткен соң жүзеге асырылады.
|
Қоғамның медициналық пункті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары талаптарының тиісті түрде орындалуын қамтамасыз етсін, яғни пайда болған медициналық қалдықтардың күнделікті есебін жүргізсін.
|
Қоғамның медициналық пункті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары талаптарының тиісті түрде орындалуда, яғни пайда болған медициналық қалдықтардың күнделікті есебі жүргізуде. |
Реттеу талаптарын елеусіз бұзу, талдау объектісінің қызметкерлерін жауапкершілікке тарту үшін негіздердің болмауы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзудың болмауы. |