|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Қабылданған шаралар |
Ескертпе |
|
1 |
Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы |
ҚР Кәсіпкерлік кодексі 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағытында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілімді) жүргізу шаралары атқарылуда (ҚР ҰЭМ 17.07.2023ж №140 бұйрығы). Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі дегеніміз - дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор болып табылады. Тізілімге - қоғам үшін қандай да бір әлеуметтік мәселені шешу немесе пайдасын тигізу мақсатында тауарлар өндіру мен қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер енгізіледі. Тізілімге енгізу 4 санат бойынша жүрізіледі. Жалпы, Қағида талаптарына сәйкес тізілімді қалыптастыру және жүргізу кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, яғни Ұлттық экономика министрлігімен арнаулы комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады. Комиссия отырысы тоқсан сайын өткізіледі. Атырау облысы әкімінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 248-ө өкімімен «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды тізілімге қосу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия» құрылды. Әлеуметтік кәсіпкерлерді тізілімге енгізу – жеңілдетілген шарттарда мемлекеттік қаржылай қолдау мен салықтық жеңілдіктерді алуға, инфрақұрылымдарды тартуға, ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік кәсіпкерлерді тізілімге енгізу үшін өтінімдер мен құжаттар қағаз түрінде қабылданады. Әкімшілік кедергілерді болдырмау, сыбайлас жемқорлық жағдайларын алдын-алу мақсатында бұл қызмет түрін автоматтандыру қажет. |
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығы қағидаларына өзгерістер енгізу. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қажетті құжаттарды қабылдау шарасын автоматты жүйеге ауыстыру ұсынылады. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2025 жылғы 23 тамыздағы №06-01-04-01-2/7526 санды хатымен ұсыныс хат жолданды. |
|
|
|
Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 20.06.2022 жылғы №409 қаулысына сәйкес жобаларды индустрияландыру картасына енгізу жұмыстарын жүргізуде. Қағидалардың 4-тарауы 12 тармағына сәйкес өтінім берушінің жобасын бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін құжаттар топтамасын электрондық және қағаз жеткізгіштерде қолма-қол қабылдайды. Бөлім тарапынан ережеге сәйкес жұмыс жүргізу барысында бөлімдегі қызметкерлер жоба бастамашысымен тікелей байланыс орнатады. |
ҚР Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қолданыстағы бекітілген қаулыға жоба бастамашысы құжаттарды қолма-қол емес, «e-Otinish» веб-порталы арқылы тапсыруын немесе «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтің регламенті мен стандартын әзірлеу бойынша ұсыныс енгізу. |
ҚР Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2025 жылғы 23 тамыздағы №06-01-04-01-2/7526 санды хатымен ұсыныс хат жолданды. |
|