|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Қабылданған шаралар |
Ескерту |
|
1 |
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
|
ҚР Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес, азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорын басшыларын тағайындау тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен регламенттелген. Ал, коммуналдық мемлекеттік мекеме басшыларын тағайындау тәртібін регламенттейтін заңынан туындаған акттың болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыру мүмкін. |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекетттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер басшыларын тағайындау тәртібін әзірлеу бойынша ұсыныс беру. |
Жұмыс барысында қабылдау. |
|
|
2 |
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
|
ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабтықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлеу және бекіту құзіреті белгіленген. Алайда, Спортшылар, олардың жаттықтырушылары және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерін белгіленгендерді анықтау және жабтықталым төлеу тәртібінің нормасы жоқ. |
Спортшылар, олардың жаттықтырушылары және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерін белгіленгендерді анықтау және жабтықталым төлеу тәртібін реттеу мәселесін қарастыру үшін Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс жолдау.
|
Жұмыс барысында қабылдау. |
|
|
3 |
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
|
Басқарманың спорттық-бұқаралық күндізбелік жоспарына сәйкес, спортшылармен жаттықтырушыларды іссапарға жіберу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар. |
Қазіргі таңда басқарма бойынша 2024-2025 қортындысымен 975 – ге жуық іссапар бұйрықтары шыққан. Іссапар бұйықтарын қолданыстағы заңнамалар негізінде уақытылы шығару және қаржыландыруын қатаң сақтау.
|
Жұмыс барысында қабылдау. |
|
|
4 |
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
|
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар, қазіргі таңда фактілері анықталған жоқ. |
Басқармада қаржылық жұмыстарды жүргізу, бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қызметкерді өз саласы бойынша біліктілік арттыру семинарларына жіберу. |
Жұмыс барысында қабылдау. |
|
|
5 |
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
|
ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлеу және бекіту құзіреті белгіленген. Басқарма қызметкерлерімен қызмет алатындардың арасындағы тікелей байланысты жою мақсатында көрсетілетін қызметті мемлекеттік қызмет көрсету тізіміне енгізу қажет деп санаймыз.
|
Спортшылар, олардың жаттықтырушылары және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерін жүргізуді мемлекеттік қызмет көрсету тізіміне енгізу мәселесін қарастыру үшін Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс жолдау.
|
Жұмыс барысында қабылдау. |
|