|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Қабылданған шаралар |
|
|
1 |
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы |
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығының 25-тармағына сәйкес аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – ААШБ) СМАЖ арқылы "Міндеттемелердің орындалу мониторингі" бөлімінде субсидияланған мал басының сақталу мониторингін жүзеге асырады. Алайда, Қағидада ААШБ субсидияланған мал басының сақталу мониторингінің нәтижесі бойынша басқармаға есептілік ұсыну мерзімі көрсетілмеген. Бұл жағдай мал басының сақталу мониторингіне жүргізілетін бақылау жұмыстарын әлсіретеді.
|
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидасына өзгерістер енгізу барысында ААШБ субсидияланған мал басының сақталу мониторингінің нәтижесі бойынша басқармаға есептілік ұсыну бойынша ҚР АШМ-не ұсыныс енгізу |
Заңға өзгеріс енгізіліп, қазіргі таңда аудандар есептілік ұсынады |
|
|
2 |
|
Субсидияланған мал басының бірдейлендіру нөмірінің сырғаларының түсіп қалып ауысқан кезде СМАЖ арқылы "Міндеттемелердің орындалу мониторингі" бөлімінде сырға нөмірлері ауысқан мал басының автоматты түрде көрінбеу фактілері бар.
|
Бірдейлендіру нөмірі ауысқан субсидияланған мал басының мәліметі СМАЖ арқылы "Міндеттемелердің орындалу мониторингі" бөлімінде автоматты түрде көрінуді қамтамасыз ету бойынша ҚР АШМ ұсыныс енгізу |
Қазіргі таңда СМАЖ арқылы бір тетіс негізінде мал басының сырғалануы туралы мәлімет жүйеге қосылды. |
|
|
3 |
|
Қызметкерлердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігінің арттыру бойынша біліктілік арттыру семинарынан өтпеген, яғни сертификатының жоқ екені анықталды.
|
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес аталған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру.
|
Дәл осы сала бойынша оқытулар болған жағдайда жауапты мамандар біліктілік семинарынан өтетін болады. |
|