Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі

№

 

Мемлекеттік органның/ұйымның атауы

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

 

Қабылданған шаралар

 

Ескерту

1

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметке субсидия алу үшін жиынтық тізілімді Басқармаға тапсыру қолма-қол арқылы қабылдауды жүзеге асырады.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беруді субсидиялау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық форматындағы разрядына ауыстыру қажеттігі туралы ұсыныс хат жолдау

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 2025 жылғы               29 қазандағы             №06-01-10-02-13/11321 ұсыныс хат жолданды.

 

2

Атырау облысы Су арнасы

Жанар-жағармай материалдары бойынша тәуекелдер

5934,9 мың теңге мөлшерінде залалды өтеу туралы сотқа талап арыз беру.

Қызметкердің іс-әрекеті мен келтірілген залал арасында себеп-салдарлық байланыс орнатылмаған, тиісті дәлелдемелермен расталмаған, қызметкер зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан шығарылған.

 

3

Атырау облысы Су арнасы

"Appaq company" ЖК жеткізушісіне жүргізілген төлемі бойынша

"Appaq company" ЖК-мен "Атырау облысы Су арнасы" КМК пайдасына 10 636 192 теңге мөлшерінде төленген соманы өндіріп алу туралы талап арыз беру. "Appaq company" ЖК-мен "Атырау облысы Су арнасы" КМК пайдасына 4 337 760 теңге мөлшерінде төленген соманы өндіріп алу туралы талап арыз беру.

Соттың 06.08.2025 жылғы шешімімен  "Миг Кредит Астана" микроқаржы ұйымы ЖШС талап-арызы бойынша 4 337 760 теңге сомасына бас тартылды;

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен14.08.2025 жылғы шешімімен           "I Factoring" ЖШС талап-арызы бойынша 10 636 192 теңге сомасына бас тартылды

 

4

Атырау облысы Су арнасы

"Атырау облысы Су арнасы" КМК қосымша есептеулер бойынша пайда болған борыштары бойынша

Өткізу қызметі бөлімі 2024 жылы заңды және жеке тұлғалардан қосымша есептеулерді өндіріп алу бойынша барлық шараларды қабылдау

1.Абоненттер санаттарын (халық, бюджеттік ұйымдар, заңды тұлғалар) бөле отырып, қосымша есептеулер бойынша дебиторлық берешектің жай-күйіне талдау жүргізілді.

2.Борышкерлерге берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарламалар және қарызды өтемеген кезде сумен жабдықтауды шектеу туралы ескертулер жіберілді.

3.Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін қасақана төлемейтіндерге қатысты сот органдарына талап арыздар дайындалып, берілді.

4.Берешектің одан әрі жинақталуына жол бермеу мақсатында есептеулердің дұрыстығына және шоттардың уақтылы берілуіне бақылау күшейтілді.

5.Берешекті өндіріп алу барысына және сот шешімдерінің орындалуына апта сайын мониторинг жүргізіледі.

 

5

Атырау облысы Су арнасы

"Атырау облысы Су арнасы" КМК Энергетика қызметі жол берген орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау тәртібін бұзу бойынша

Энергетика қызметі бөлімінің бастығы М. Қабиевті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастыру

Лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін "ескерту"түрінде тәртіптік жаза қолданылды

21.08.2025 ж. №414 бұйрық

 

Дата публикации
30 октября 2025