|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
|||
|
1 |
Қаржыландыру және жоспарлау бөлімінің бас маманы |
Ауыз сумен қамтудың баламасыз көздері болып табылатын сумен қамтудың айрықша маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру жұмыстарын жүргізу; Облыстың аумақтық даму бағдарламасы шеңберінде халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету аясында Атырау облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту, Атырау облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту жұмыстарын жүргізу т.б.
|
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметке субсидия алу үшін жиынтық тізілімді Басқармаға тапсыру қолма-қол арқылы қабылдауды жүзеге асырады.
|
|
«Атырау облысы Су арнасы» КМК |
|||
|
2 |
Энергетика қызметінің басшысы |
Электр қондырғылары мен электр жабдықтарының техникалық жай-күйінің электр қондырғыларын орнату қағидаларының, электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету. |
Жеткізуші ұсынған жұмыстардың қабылдау тәртібін бұзу.
|
|
3 |
Мамандар және сату қызметінің басшысы |
Жасалған келісімшарттарға сәйкес кәсіпорын өнімдерін мерзімінде және келісімшартқа сәйкес көлемде сатуды ұйымдастыру. |
Міндеттерді уақтылы және тиісінше орындамау. |
|
4 |
ЖЖМ бойынша экспедитор |
Мұнай өнімдерін белгіленген тәртіппен қоймадан шығару: есеп беретін материалдық құндылықтардың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз етеді, оларды түгендеуге қатысады. |
Жанар-жағармай материалдарын есепке алу және жүргізу тәртібін бұзу. |
|
5 |
Оператор кассир |
Ақшалай қаражатты қабылдау,есепке алу, беру және сақтау бойынша операцияларды жүзеге асырады. |
Төлемдерді қабылдауды жүргізу және есепке алу тәртібін бұзу. |