Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Қабылданған шаралар

Ескертпе

1

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы бойынша 313-бап Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу. Осы көрсетілген бапта әкімшілік жаза бөлімінде әкімшілікке тартушы маманға (лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға-қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне- екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне- төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыпбұл салуға әкеліп соғады).

 

2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің жекелеген конструкциялық элементтерінің беріктігін, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соққан, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау (лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға-сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).

Лицензия тоқтату мерзімі көрсетілмеген.

 

 

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне көрсетілген мәселе бойынша осы негізінде қалай іс әрекет жасау жөнінде алгоритм сұрату.

Қазақстан Республиксы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне хат жолданды.

 

2

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы;

            «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы бойынша, 462-бабының 3-бөлігінде Осы кодекстің 162 және 227- баптарындакөзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау.

(Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға-бес, лауазымды адамдарға- он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне  немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне- екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді)

Нұсқама орындалмаған жағдайда айыппұл салынады. Дегенмен нұсқамада көзделген талап, орындалмаған жағдайда ары қарай әрекет заңмен айқындалмаған.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне көрсетілген мәселе бойынша осы негізінде қалай іс әрекет жасау жөнінде алгоритм сұрату.

Қазақстан Республиксы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне хат жолданды.

 

 

 

Дата публикации
29 октября 2025