|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Қабылданған шаралар |
Ескертпе |
|
1 |
Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы |
Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша: талдаумен қамтылған кезеңде Атырау облысы экономика және қаржы басқармасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Сонымен қатар,2023 жылы Атырау облысы экономика басқармасы және Атырау облысы экономика және қаржы басқармасы болып қайта құрылғаннан бері мекеменің бұрынғы құрамы мен жаңадан қосылған қызметкерлердің қызметтік қарым-қатынасының қалыптасуы мәселесі зерттелген жоқ. |
Осыған орай, қызметтік қарым-қатынастар барысында мүдделер қақтығысы туындау тәуекелін нықтау мақсатында әдеп жөніндегі өкілді тарта отырып, аталмыш мәселе бойынша басқарма қызметкерлері арасында анонимді сауалнама өткізу.
|
Жыл соңына дейін сауалнама өткізу |
|
|
2 |
Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы |
Бюджет қаражатының игерілу тиімділігі бойынша: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес, жыл сайын бекітілген бюджетке сәйкес қаражатты тиімді әрі толық игеру қажет. Алайда іс жүзінде көптеген келісім шарттар жылдың соңында жасасады. Мемлекеттік сатып алу бойынша тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету мерзімі келісім шартқа сай 90 күнге созылады. Жеткізуші тапсырыс берушіге тауарлармен қызметтерді мерзімнің соңғы күніне, яғги келесі қаржы жылына тақап жеткізеді. Соның салдарынан жеткізген тауарға немесе көрсетілген қызметке уақытылы тексеріс жүргізілмей қалады. Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылаудың нашарлау тәуекелі туындайды.
|
Игеру көлемін есептеу кезінде 4-тоқсанда жасалған келісім шарттарды жеке қарастыру және есепке тек жеткізілген және қабылданған тауарды немесе қызметті қосу.
|
Жұмыс барысында қабылдау |
|