|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Басқарма басшысы |
Әлеуметтік даму болжамын әзірлеу,облыстың даму жоспарын жасақтау,даму әлеуеті бар ауылдардың тізбесін бекіту,жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарының инвестициялық жобаларының тізбесін анықтау, облым бюджетін нақтылау(түзету), әкімшілер шығыстарының лимитін және бюджеттік бағдарламаны айқындау, облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер көлемін анықтау, облыстық бюджеттік төтенше резервінен шығыстарды қаржыландыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, орталық атқарушы органдарға ақпарат,есептер, есептіліктердің ұсынылуын қадағалайды, заңнамалармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. |
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта негізсіз жұмыс орында болу |
|
2 |
Шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің бас маманы |
Шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөліміне басшылық етеді; - ай сайын облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қадағалайды; - облыс бойынша келесі бюджеттік есептілікті жасап, ұсынады: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп; филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есеп; облыс бойынша дебиторлық берешек туралы есеп; облыс бойынша кредиторлық берешек туралы есеп; облыс бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп; - облыс бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасап, ұсынады; - бюджеттік алып қоюлардан аударудың толықтығын бақылауды жүзеге асырады; - бюджеттік алып қоюлар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерге аударады; - тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде бюджеттік субвенцияларды төмен тұрған бюджеттерге аударады; - Басқарма аппараты бойынша қажетті тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырылуын қадағалайды; азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрі сапалы жауап беру және өтініштерді тіркеу карточкасына деректерді сапалы енгізу; - бухгалтерлік есеп жүргізу және мемлекеттік сатып алу салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. |
Өтініштерді қарау уақытында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтамау |