Жолаушылар тасымалы бойынша АҚПАРАТ

 

Атырау облысында бүгінгі күні 95 (22 қалаішілік және                   16 қаламаңы, 11 облысішілік, 44 ауданішілік, 2 облысаралық) маршруты қызмет атқаруда, облыс бойынша тұрақты жолаушы тасымалымен 12 мекеме айналысуда, жалпы   288 автобуспен қызмет көрсетіп келеді.

Облыс орталығы Атырау қаласы мен  7 аудан орталықтары (Жылыой, Қызылқоға, Индер, Махамбет, Мақат, Құрманғазы, Исатай) арасында толықтай тұрақты маршруттармен қамтылған.

Басқармамен төмендегідей бағыттарда тұрақты маршруттар қатынауда:

  • облысішілік «Атырау-Құлсары», «Атырау-Индер», «Атырау-Аққыстау» бағыттарында– тасымалдаушы мекеме «ЛаВаТранс» ЖШС-і,
  • Облысішілік «Атырау-Сарытоғай-Махамбет», «Атырау-Бейбарыс», «Атырау - Таңдай» маршруттары – тасымалдаушы мекеме «Косубаева» ЖК-і;
  • Облысішілік «Атырау-Доссор-Мақат» маршруты – тасымалдаушы мекеме «Iln West Service» ЖШС-і;
  • «Атырау-Сағыз», «Атырау-Сарайшық-Жалғансай», «Атырау-Құрманғазы» – бағытында «Akzhaiyk –Avtopark» ЖШС-і.
  • «Атырау - Миялы» бағытында – «БатысТехИнвест» ЖШС-гі.

       Сонымен қатар қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидасына) Басқарма тарапынан әлеуметтік маңызы бар жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсететін тасымалдаушы мекемелерге субсидия төленуде. 

  • 2023 жылы облысішілік маршруттарға төленген субсидия көлемі - 405082,0 мың тенге. (5 тасымалдаушы мекемеге -«ЛаВаТранс» ЖШС-гі, «ILN WEST SERVICE» ЖШС-гі, «Қосубаева» ЖК, «Akzhayik Avtopark» ЖШС-гі, «БатысТехИнвест» ЖШС-гі )
  • 2024 жылы облысішілік маршруттарға төленген субсидия көлемі -169571,9 мың.теңге. (5 тасымалдаушы мекемеге -«ЛаВаТранс» ЖШС-гі, «ILN WEST SERVICE» ЖШС-гі, «Қосубаева» ЖК, «Akzhayik Avtopark» ЖШС-гі, «БатысТехИнвест» ЖШС-гі )
  • - 2025 жылы 9 айына  облысішілік маршруттарға төленген субсидия көлемі – 1042740,5 мың.тенге. (11 бағыт, 5 тасымалдаушы мекемеге -«ЛаВаТранс» ЖШС-гі, «ILN WEST SERVICE» ЖШС-гі, «Қосубаева» ЖК, «Akzhayik Avtopark» ЖШС-гі, «БатысТехИнвест» ЖШС-гі )

Халықтың қауіпсіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында жаңадан жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты  облысішілік (ауданаралық, қалааралық) маршрурттарын ашу бойынша «Атырау-Ақтоғай» «Атырау -Есбол - Ынтымак»,  «Атырау-Көктоғай-Өрлік» «Атырау-Исатай-Зинеден-Жанбай» бағыттарына  жоспарлануда.

 

Атырау қаласы бойынша

Атырау қаласында қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру және тұрғындардың көлікпен қамтылуын жақсарту мақсатында бірқатар жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда, қала аумағында 7 тасымалдаушы мекеме 38 маршрут бойынша 288 автобуспен жолаушыларға тұрақты қызмет көрсетуде. Атап айтқанда:

«Akzhayik Avtopark», «Atyrau Avtopark», «KG Transport», «AlgaBus», «ILN West Service», «Автомобиль-М» және «ИП Баймуханов».

Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдау бағыттарын қамтамасыз ету мақсатында, «KG Transport» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2025 жылы шығарылған Yutong ZK6890HGQ маркалы 90 жаңа автобус сатып алды. Оның ішінде: 48 автобус 2025 жылғы 2 қазаннан бастап пайдалануға берілсе, ал қалған 42 бірлік жыл соңына дейін кезең-кезеңімен іске қосылады деп жоспарлануда.

Аталған автобустар қаланың бұған дейін қоғамдық көлікпен қамтылмаған аумақтарын қосу, сондай-ақ тұрғындардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда тасымалдау қызметін қамтамасыз ету үшін іске қосылуда.

Қазіргі уақытта автобустар келесі әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушыларға қызмет көрсетуде:

  • №61, Авангард шағын ауданы-Қараөзек шағын ауданы
  • №64, Жұмыскер шағын ауданы-Авангард шағын ауданы
  • №66, Дина базары – Береке ауылы
  • №67, K7 Family тұрғын үй кешені – Авангард шағын ауданы
  • №69, Өндірістік аймақ (№1 бекет) – Теміржол вокзалы
  • №70, Көктем шағын ауданы-Мирас ш.ауданы-теміржол вокзалы

Атырау қаласы және қаламаңы қоғамдық көліктерде электрондық билеттеу жүйесі толықтай қамтылған («SMART-QALA» ЖШС) ,  тұрғындарға қолайлы болу үшін автобустардың қозғалысын қадағалайтын «Avtobys» мобилдік қосымшасын пайдалана алады.

Сонымен қатар, тасымалдаушы мекемелер өз автопарктерін жаңарту шеңберінде  80 автобусты ауыстыруды жоспарлап отыр. Аталған жұмыстар қала тұрғындарына ыңғайлы, қауіпсіз және сапалы көлік қызметін ұсынуға бағытталған және бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Қазіргі таңда, аудан орталықтары Жылыой, Индер, Махамбет, Мақат, Қызылқоға,Құрманғазы аудандарында ауданішілік, ауылішілік тұрақты жолаушылар тасымалы тұрақты жолға қойылған болса, 2025 жылдың тамыз айының 18-ші жұлдызынан бастап тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Исатай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тарапынан Исатай ауданы Аққыстау ауылішілік жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутары қызмет атқаруда.

 

 

 

Маршрут атауы

Тасымалдаушы

Жол ақысы

Автовокзалдан бағыты

Ауданнан бағыты

Ескерту

1.

№110    "Атырау-Индер"

 «ЛаВаТранс» ЖШС-гі Синкевича Вадима Вячеславовича

1000 теңге

08:30,  15:00, 16:30, 17:00, 17:50

08:00, 09:00, 10:00, 11:00, 17:00

 

2.

№133                           "Атырау-Доссор- Макат»

 «ILN WEST SERVICE» ЖШС-гі, Баймуханов Самат

800 теңге

11:30, 14:45, 18:20

 

08:00,08:00, 15:00, 09:00

Шілдеден бастап

3.

№104                          "Атырау-Махамбет-Сарытогай

ИП «Косубаева»

 Косубаева Алмагул Женисовна

500 теңге

11:00, 18:15

18:40

07:30, 9:30, 14:30

 

4.

№129                          "Атырау-Кульсары"

 «ЛаВаТранс» ЖШС-гі Синкевича Вадима Вячеславовича

2000 теңге

08:00, 10:00, 11:00, 12:00, 13:00, 14:00,  16:00, 16:45, 17:30, 18:00, 18:55.

07:00, 08:00, 09:00, 11:00, 13:00,  15:00, 16:00, 17:00,17:30, 18:00.

Жұма, сенбі,жексенбі және мейрам күндері 4 рейс қосылған

5.

№102 "Атырау-Сагиз"

 «Akzhaiyk –Avtopark» ЖШС-гі,

 ҚАЛМАН Қуантай Қалманұлы

2000 теңге

18:30

06:00

 

6.

№103 "Атырау- Сарайшық - Жалғансай-Атырау"

 «Akzhaiyk –Avtopark» ЖШС-гі,

 ҚАЛМАН Қуантай Қалманұлы

500 теңге

12:15, 19:00

08:00, 14:00

 

7.

№86, "Атырау-Миялы-Атырау"

 «БатысТехИнвест» ЖШС-гі

2500 теңге

16:15

06:00

 

8.

№105,                            Атырау-Бейбарыс

ЖК «Косубаева»

Косубаева Алмагул Женисовна

400 теңге

10:15, 18:35

07:30; 14:30 ,   

 

9.

№98 «Атырау-Аққыстау-Атырау»

 «ЛаВаТранс» ЖШС-гі Синкевича Вадима Вячеславовича

800 теңге

16:30

08:00

2024 жылдың қаңтар айынан бастап жаңадан ашылған бағыт

10.

№96 «Атырау-Құрманғазы-Атырау»

«Akzhaiyk –Avtopark» ЖШС-гі,

 ҚАЛМАН Қуантай Қалманұлы

2000 теңге

07:50, 12:10, 19:00

06:00, 11:00, 17:00

2024 жылдың желтоқсан айынан  бастап жаңадан қосылған бағыт

11.

№108 «Атырау-Таңдай-Атырау»

 -

500 теңге

18:30

09:00

20.02.2025 жылы конкурс өткізіліп, жаңа бағыт ашылды

 

 

 

 

Дата публикации
28 октября 2025