|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Қабылданған шаралар |
Ескерту |
|
1. |
Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы |
ҚР Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №721 бұйрығымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуына жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекеленген түрлерінің бұзылуын және жойылуын рәсімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидалардың 17-тармағына сәйкес, мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға үш данадан жасалған актілерді күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия мынадай құжаттарды қоса бере отырып, келісуге жібереді:
|
ҚР Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №721 бұйрығымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуына жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекеленген түрлерінің бұзылуын және жойылуын рәсімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидалардың 17тармағына «ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен жабдықтарды және басқа да мүлікті пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті мамандардың қорытындысы» (атауын, шығарылған жылын (теңгерімге түскен жылын), түгендеу нөмірін көрсете отырып) тиісті тармақшасына ұсыныс енгізу бойынша хат жолдау.
|
№06-01-03-06-3/6314 от 24.06.2025ж Қаржы министрлігіне хат жолданды
|
- |
|
|
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 58-4 бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, «камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды» - делінген. Алайда, уәкілетті органмен қарсылық қарау мерзімі заңнамада белгіленгеннен мерзімнен ұзап жатады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттардың кешіктіріліп жасақталуына, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарға сәйкес, белгіленген мерзімде тапсырылмауына әкеп соғады.
|
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 58-4 бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, «камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды» - делінген. Қарсылықты қарау мерзімін он жұмыс күніне дейін қысқарту туралы хат жолдау.
|
№06-01-03-10-2/6603 от 30.06.2025 ж Қаржы министрлігіне хат жолданды
|
- |
|
|
|
2015 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Қаржы министрінің №694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 18-тармағына сәйкес Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынылуы керек. Алайда, кейбір мемлекеттік мекемелер аталған талаптарды сақтамауы орын алуда. Аталған бұйрықтың талаптарының орындалмауы салдарынан жоссықсыз деп танылған мердігер мекеменің басқа да мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, келісім шарт жасақтауға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орын алуын айқындайды.
|
Барлық мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары 2015 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Қаржы министрінің №694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 18-тармағында көзделген міндеттемені қатаң түрде бақылауды және мемлекеттік сатып алуда жосықсыз қатысушы деп танылған мердігер мекемелердің мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уақытылы енгізуді қадағалау.
|
№06-01-03-04-3/1152 от 20.06.2025ж Бағдарлама әкімгерлеріне хат жолданды |
- |
|
|
|
Барлық мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағында көзделген міндеттемені қатаң түрде сақтауды және аталған заң талаптарын сақтамаған өнім берушілерді уақытылы сотқа талап арызбен жүгінуін бақылау.
|
Барлық мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағында көзделген міндеттемені қатаң түрде сақтауды және аталған заң талаптарын сақтамаған өнім берушілерді, уақытылы сотқа талап арызбен жүгінуді бақылау.
|
№06-01-03-04-3/1152 от 20.06.2025ж Бағдарлама әкімгерлеріне хат жолданды |
- |