Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар

 

 №

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Басқарма басшысы

Атырау облысы бойынша цифрландыру, жобалық басқару, мемлекеттік қызметтер көрсетуді  және архив ісі саласында басшылықты жүзеге асыратын, ифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады т.б.

Басқару шешімдеріне әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі

2

 Цифрландыру бөлімі басшысы 

Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Уақтылы және мерзімінде жылға бөлінген қаражат көлемінде мемлекеттік сатып алу жоспарын жасақтайды. Сатып алынатын тауар, жұмыс, қызмет көрсету көлемін анықтайды және жоспарлайды.Басқарманың жылға бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарын веб-порталға орналастыруды қамтамасыз етеді. Веб-порталға мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес баға сұранысы бойынша электрондық сатып алуды және келісім-шарттардың жобаларын орналастырады.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру түрлеріне байланысты жасалатын келісім-шарттарды бақылайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Еркін жоспарлау, бәсекелестікті шектеу (техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын «түзету», сатып алудың конкурстық емес тәсілі, формальды негіздер бойынша өтінімдерді қабылдамау, балдарды дұрыс есептемеу, сатып алудың күшін жою, Тапсырыс беруші мен жабдықтаушының сөз байласуы кезінде бағалардың демпингі), шартты орындау кезінде сәйкестікке бақылау жүргізбеу, жалған актілер бойынша ТЖҚ сәйкес келмейтіндерді қабылдау және оларға ақы төлеу мүмкіндігі

 

 

 

Дата публикации
23 октября 2025