|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Қабылданған шаралар |
Ескерту |
|
1. |
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы |
1.Жеке көмекші қызметі бойынша Атырау қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жеке көмекші қызметін Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №288 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын басшылыққа ала отырып көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген Әлеуметтік кодекске сәйкес жеке көмекші қызметті Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде портал арқылы жүзеге асырады. 2024 жылдың қорытындысымен облыс бойынша жеке көмекші қызметін 1037 бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға көрсетілсе, 2025 жылдың 1 мамырына 967-не көрсетілген. Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен жеке көмекші қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау барысында әлеуметтік қызметтер порталдағы ілесіп жүру журналын толтыру кезінде жеке көмекшілер мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеумен объектілерге баруы үшін тәулігіне ең көп рұқсат етілген сағат санын (8 сағат) көрсететін қауіпі анықталды (Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді қалалық, аудандық жұмыспен қамту бөлімдері қызмет көрсетудің нақты уақыты үшін, бірақ Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес күніне сегіз сағаттан асырмай жүргізеді, Қағиданың 41 бабы). Сонымен қатар, жеке көмекшілермен мүгедекті бар адамдарды сүйемелдеу барысында нақты жұмсалған сағаттарын тексеру ешбір нормативті-құқықтық актімен реттелмеуіне байланысты, әлеуметтік қызметтер порталында ілесіп жүру журналын тексеру мүмкіндігі жоқ. Соған сәйкес жеке көмекшілермен төлемдердің максималды сомасын алу мақсатында, толтыру құжаттарын бұрмалауға итермелейді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. |
Ұсыным Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде, жеке көмекші қызметінің тіркеу, сондай-ақ, жеке көмекшіні ауыстыру мүмкіндігі және т.б. процедураларын қалдырып, көрсетілген қызметтер актісіне дұрыс емес мәліметтерді енгізуді болдырмау үшін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы мөлшерін өсіру. Бұл ретте Әлеуметтік кодексінің 187 бабында - «Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындалады»; және 188 бабында - «Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді» - делінген. Осыған сәйкес, жоғарыда көрсетілген жәрдемақының мөлшерін бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейінде (2025 жылы 46 228 теңге) есептелініп, биыл 74 427,08 теңгені құрап отырса, 2025 жылы жеке көмекші қызметіне 128 736,80 теңге есептелінеді. Осыған байланысты бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы мөлшерін жеке көмекші қызметінің ақысына теңестіруді қарастыру ұсынылады.
|
2024 жылы жеке көмекші қызметіне қатысты басқармамен жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша осындай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, осы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 11.06.2024 жылы №06-01-08/1169 санды ұсыныс хат жолданып, Министрліктен 09.08.2024 жылы №01-6-05/17912 санды хатымен жауап алынған. ҚР Еңбек министрлігіне 11.06.2024 жылғы №06-01-08/1169 және 25.06.2025 жылғы №06-01-08-05/1572 санды ұсыныс хаты. |
|
|
2. |
2. Инватакси қызметі бойынша Инватакси қызметі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 01.11.2013 жылғы «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және қажетілікке қарай облыс бойынша «Инватакси» қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі кеңейтіліп тұрады. 2024 жылдың қорытындысымен 118 (арнайы жабдықталған-15, жабдықталмаған -103) инватаксимен 478 қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге 210 092 тасымал жасалса, 2025 жылдың 1 мамаыр жағдайына 120 (арнайы жабдықталған-14, жабдықталмаған -106) инватаксимен 2 382 қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге 63 037 тасымал жасалды. Күні бүгінге облыс бойынша инватакси қызметін: «Мүгедек әлемі», «Сенім шыңы», «Атырау облыстық мүгедектігі бар жандардың қоғамы» және «Миялы мүгедектер» қоғамдық бірлестіктері көрсетеді. Инватакси қызметіне қатысты жоғарыда көрсетілген қағидада мүгедектігі бар адамдарға арналған инватакси қызметін пайдалану мерзімінің болмауы және мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін пайдаланған кезде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің таңдауы (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің түсіндірме хатына (2023 жылғы 21 тамыздағы No 27-27/35362) сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне ойын-сауық орындары (кафелер, мейрамханалар және клубтар), қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары және басқа да демалыс орындары сияқты орындар жатады. Сондықтан іс жүзінде мүгедектігі бар адамдар жоғарыда аталған мекемелер мен демалыс орындарына бару үшін инватакси қызметін пайдаланады) инватакси қызметінің құнын арттыруда. Сонымен қатар, №859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуқағидаларының 44-тармағына сәйкес белгіленген жерге келгеннен кейін такси жүргізушісінің маршруттық парағына мүгедектігі бар адам қол қояды, ал егер бұл мүмкін болмаса, яғни дене функцияларының бұзылуына байланысты ілесіп жүретін адам қол қояды. Жоғарыда айтылғандарды қорытындай келе бұл жағдайлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. |
Ұсыным Мүгедектігі бар адамдардың инватакси қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілерін болдырмау, сондай-ақ орындалған жұмыстар актілеріне қол қою кезінде сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін болдырмау мақсатында Әлеуметтік қызмет Порталына инватакси қызметін енгізу мүмкіндігін қарастыру; Инватакси қызметіне тасымал санына айына шектеу қоюды енгізу; Инватакси қызметін "Яндекс-такси", "Indrive", "TezTaxi" және басқалары сияқты бағдарламалармен цифрландыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. |
ҚР Еңбек министрлігіне 25.06.2025 жылғы №06-01-08-05/1572 санды ұсыныс хаты. |
|
|
|
3. |
3. Грантар бойынша: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығымен бекітілген «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының» 22 тармағына сәйкес грант алушы қағидалардың 21-тармағына орай жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде Порталда, жеке кабинетте Шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, ол «Еңбек нарығы» ААЖ-не жіберіледі. «Еңбек нарығы» ААЖ-де барлық грант алушыларға тіптік нысанда шарт ұсынылады және шарттың 2.2.4 тармағымен «тоқсан сайынғы негізде грант алған күннен 12 ай ішінде Еңбек мобильдігі орталығына растайтын құжаттарды (шот-фактуралар, жүккұжаттар, фискалдық чектер, түбіртектер, сатып алу-сату шарттары, жалдау туралы шарт және т.б.) қоса бере отырып, бизнес-жоба іс-шараларының орындалуы туралы және қаржылай қаражаттың пайдаланылуы туралы аралық және қорытынды есептерді ұсынуы» қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік гранттарды алған азаматтар, кейін өз кәсіпкерліктерін жауып, кері мансап орталықтарына жұмыссыз есебіне тіркелу арқылы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылуы мерзіміне мерзімдік шектеу қою мәселесі шешімін тапқан жоқ. |
Ұсыным Осы грант алушылармен қойылатын шартты Ережеге қосымша қылып бекітуді ұсынамыз. Сонымен қатар, Ереженің 24 тармағына сәйкес «Бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растайды. Гранттардың нысаналы пайдаланылу мониторингін бақылауды еңбек мобильділігі орталығы мансап орталығы арқылы жүзеге асырады». Аталған мониторинг жұмыстары мансап орталықтарымен грант алушының салған объектісіне бару, атқарылған жұмысымен танысу және фото, видео фиксация жасақтау арқылы дәлелденіп келеді. Осы іс әрекеттерді Ережемен бекітуді ұсынамыз. Себебі, кейбір жағдайда грант алушылардың жалған құжаттар (жалған фискальды чектер мен фото суреттер салу) тапсыратын фактілер орын алып отыр. Осыған байланысты, грант алушылармен порталда енгізілген құжаттарды дәлелдеу бағытында және грант алушылардың жұмысымен бару арқылы танысу үшін жүргізілген мониторинг жұмыстарын бір-бірімен байланыстырып, тексеру органдарымен қосымша құжаттар сұратылу фактілерін дәлелдеу үшін Ережеге өзгерістерді қабылдауды ұсынамыз. |
ҚР Еңбек министрлігіне 23.07.2024 жылғы №06-01-08-02/1524 санды ұсыныс хаты |
|