|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
|
Басқарма басшысы |
1. Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді; 2. Мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді; 3.Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады; 4. Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
|
1. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 2. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды жүргізу жұмыстарына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады
|
|
|
Арнаулы әлеуметтік қызмет бөлімінің басшысы
Арнаулы әлеуметтік қызмет бөлімінің бас маманы |
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; 2) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құруды қамтамасыз ету және олардың қызметі; 3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуыды қамтамасыз ету; 4) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізу; 5) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне статистикалық талдау, болжау жүргізуді қамтамасыз ету; 6) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 7) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау; 8) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемінің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну; 9) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру; 10) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құруды қамтамасыз ету; 11) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұсыну; 12) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастыру; 14) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, Брайльдің бедерлі-нүктелік қарпімен оқу және жазу жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 15) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету; 16) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші ( компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету; 17) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер мәлімдеген олардың сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін мониторингтеу; 18) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени, ағарту және өзге де іс-шараларын ұйымдастыру; 19) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру; 20) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз ету; |
1. Бөлімнің жұмысына әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі; 2. Бөлімді басқаруды бөлім басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 3. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды жүргізу жұмыстарына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін бөлімнің жұмыс бағыты бойынша дербес жауапты болады
|
|
|
Халықты жүмыспен қамту және көші-қон бөлімінің басшысы
Халықты жүмыспен қамту және көші-қон бөлімінің бас маманы |
1) облыстағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және уәкілетті мемлекеттік органға хабарлау; 2) өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекітуді ұйымдастыру және іске асыру; 3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу; 4) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеу; 5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау; 6) жұмыссыздарға, жұмыс іздеуші адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу; 7) мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілеуді ұйымдастыру; 8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережелерді бекітуді ұйымдастыру; 9) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру; 10) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін бекітуді ұйымдастыру; 11) еңбек мобильділігі орталығының басшысын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату; 12) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру; 13) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; 14) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; 15) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; 16) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асыру; 17) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдау; 18) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдау; 19) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдау; 20) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау; 21) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау; 22) Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияны құруды қамтамасыз етужәне оның қызметін ұйымдастыру; 23) қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету; 24) "Ата жолы" картасын беру туралы шешім қабылдау; 25) қандас куәлігін беру; 26) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құруды қамтамасыз ету және олардың қызметін ұйымдастыру; 27) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде , өз аумағы және (немесе) басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды беру немесе ұзарту, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу; 28) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру; 29) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарау және куәландыру; 30) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру; 31) пана іздеген адамның куәлігін беру; 32) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру; 33) босқын куәлігін беру; 34) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастыру және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жіберу; 35) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия құруды қамтамасыз ету; 36) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету; 37) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
|
1. Бөлімнің жұмысына әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі; 2. Бөлімді басқаруды бөлім басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 3. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды жүргізу жұмыстарына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін бөлімнің жұмыс бағыты бойынша дербес жауапты болады
|