ҚР жаңа Салық кодексіне зейнетақы төлемдеріне салынатын жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес, алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, 01.01.2026ж. бастап жеке табыс салығы (ЖТС) зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, сондай-ақ тұрғын үйге және/немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЗТ) ұсталмайды. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйге/емделуге БЗТ алып, одан ЖТС төлеу міндеттемесін кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алғанға дейін кейінге қалдырғандар, ол міндеттемеден босатылады.

Дата публикации
20 октября 2025