№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мақат ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

 

 

 

 

№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мақат ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды

тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының                  1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мақат ауданының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 26 қазанға тағайындалған Мақат ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Мақат тынысы» аудандық газетінде және Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                           Р.Мақсотов

 

Хатшы                                                                                           М.Уәли

 

 

Мақат кенті

27 тамыз 2025 ж.

№

 

Дата публикации
27 августа 2025