Индер аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 27 тамыздағы
№ қаулысына қосымша
2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған
№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
шығып қалған Индер аудандық мәслихаты депутатының
орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
|
1. Сайлау округінің шекарасы мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей (22-б. 2-т., 2-1-т.)
|
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)
|
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Индер ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Индер аудандық мәслихаты (бұдан әрі-аудандық мәслихат) депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну |
|
|
|
Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы 2025 жылдың 27 тамызда басталады және 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (103-б.)
|
|
6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.)
|
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.)
|
|
8. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы 2025 жылдың 27 тамызда басталады және 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (104-б)
|
|
9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.)
|
|
10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (104-б. 6-1-т. 1) тт., 16-1-б. 6) тт.)
|
|
11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (16-1-б, 6) тт., 31-б.)
|
|
12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.)
|
|
13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (жүгінген кезде) |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.)
|
|
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Айына екі рет (Қағиданың 23-т.)
|
|
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
|
|
|
Индер ауданы әкімдігі және Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін (28-б. 6-т.)
|
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады 2025 жылдың 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағаттан кейін басталады және 25 қазанда жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Индер ауданының әкімдігі және Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
18. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Индер ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылғы 5 қазан (26-1 б. 1-т.)
|
|
19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 10 қазаннан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
20. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 15 қазанға дейін (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)
|
|
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 23 қазан - 25 қазан (37-б. 3-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)
|
|
23. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижесі туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады және дауыстарды санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспайды (18-б. 8) тт., 43-б.)
|
|
25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
26. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
28. Аудандық мәслихат депутатының сайлау қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей 2025 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей (111-б. 1-т.)
|
|
29. Аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысы туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей (14-б. 9) тт., 44-б. 4-т. 2) тт.)
|
|
30. Шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру |
|
|
|
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (14-б. 9) тт., 46-б. 3-т., 1) тт., 112-б. 1-т.)
|
|
31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде (34-б. 4-т.) |
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.