№3 және №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жылыой ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының                  1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №3 және №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жылыой ауданының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Жылыой ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Кең Жылыой» аудандық газетінде және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                       З.Калмуханова

 

Хатшы                                                                                              Г.Станова

 

 

Құлсары қаласы

27 тамыз 2025 ж.

№

Дата публикации
27 августа 2025