55 жасқа толған, олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген тұлғаларға қайда хабарласу қажет?

55 жасқа толған, олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген тұлғаларға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау шеңберінде проактивті қызмет көрсету арқылы не жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ банк шоты туралы мәліметтерді ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінген кезде тағайындалады.

Егер аталған адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болса, онда бұл тұлғаға оларды алуға келісімі болған кезде міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан қосымша зейнетақы төлемдері тағайындалуы мүмкін.

Дата публикации
23 мая 2025