Облыс әкімінің «Атырау облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» есебін талқылау бойынша және қала, аудандар әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде тұрғындардан түскен ұсыныстар мен ескертулер жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылдың ІІІ тоқсанына орындалысы

Сұрақ қоюшы,

мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалысы

Ткач Павел Петрович –«Әлия» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, Коммунистік партия мүшесі.

Зираттарды бұзу, кірпіштерін және қоршауларын ұрлау мәселесі бойынша

2019 жылы Полиция қызметкерлерімен Атырау қаласы аумағында жедел профилактикалық іс - шара өткізу кезінде зираттардың темір қоршауларын ұрлаудың 2 фактісі анықталып, күдіктілер ұсталды.                   ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлімімен олардың қылмыстары дәлелденіп, істері сотқа жолданып, Заң баптарына сай тиісті жазаларын алды. Бүгінгі күні аталған фактіні болдырмау мақсатында қала сыртындағы зираттарға патрульдік полиция бекеттері жақындатылып, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.   

2020 жылдың 9 айында зираттарды бұзу фактісі тіркелген жоқ.

Шолақ Құбайдолла Зейноллаұлы – Атырау қаласының тұрғыны.

«Орал-Атырау», «Атырау-Индер» тасжолдарында рұқсат етілген массадан асатын ауыр жүк тасымалдайтын автокөліктердің жүрісіне шектеу қою 

Облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» автомобиль жолына 3.12 «Білікке түсетін салмақты шектеу»       8 тонна жол белгісі орнатылып, республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» және облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» жолдарына талапқа сай келмейтін ауыр салмақты және ірі көлемдегі жүк көліктерін қадағалау мақсатында тұрақты рейдтер ұйымдастырылып келеді.

      2020 жылдың 9 айында «Атырау-Индер» облыстық маңызы бар автокөлік жолында барлығы                       50 әкімшілік іс қозғалды, Оның ішінде, салмақ параметрлерін бұзу бойынша - 9, жүк тасымалы ережесін бұзу бойынша - 19, тауар-көлік жүк құжатынсыз жүк тасымалдау бойынша - 13 әкімшілік істер қозғалды. 2 млн. 356 мың 405 теңге айыппұл салынып, 652 мың 732 теңге жолда жүру алымы өндірілді.

     «Атырау-Орал» республикалық автокөлік жолында тасымалдаушыларға барлығы 730 әкімшілік іс қозғалды. Оларға 16 546 915 теңге айыппұл салынып, 3 948 367 жолда жүру алымы өндірілді.

      Сондай-ақ, «Ақ Жайық» газетінің тілшісімен және «Қазақстан-Атырау» телеарнасының ұйымдастыруымен теле-патруль, фото, бейне жазбасын жүргізу арқылы рейдтік шаралар ұйымдастырылды.

       Жергілікті БАҚ және Инспекцияның Fasebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы халықтың белсенді бөлігін «WhatsАpp» мессенджері мобильдік қосымшасы арқылы бұзушылық фактілері туралы Көлік комитетінің Ахуалдық орталығына хабарлама жолдау және тіркеу арқылы автомобиль көлігі саласындағы бұзушылық фактілеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Идиятов Айбек – Атырау қаласының тұрғыны.

Қоғамдық орындарда, автобустарда, жаяу жүргіншілер жолына зағип жандар үшін арнайы дыбысты дабылдар немесе басқа да белгілерді орнату және ірі сауда орындарындағы пандустарды талапқа сәйкестендіру мәселелері

Қала аумағында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында орталық, ауылдық округтерде және аулаларда келіп түскен арыз шағымдарға орай жол белгілері тексеріліп, орнатылуда.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында пандусы жоқ барлық мекемелерге, соның ішінде әлеуметтік нысандарға міндетті түрде пандус орнату қажеттігі туралы ескертпелер берілуде.

2020 жылдың III-ші тоқсанында 15 ғимараттың пандустарының стандартқа сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, қала әкімдігімен құрылған комиссия мүшелігіне сәулет және қалақұрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және басқа да үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері енгізілді. Пандустардың стандарттарға сәйкестігін және параметрлерін белгілеу мақсатында нысандарды тікелей тексеру және өлшеу үшін жұмыс топтары құрылып, оның мүшелері анықталды. Тексеру қорытындысымен пандустар стандартқа сәйкес келмеген жағдайда құзырлы мемлекеттік жұмыспен қамту органдарына шара қолдануға жолданады.

Аманбаева Жазира – Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон ауылының тұрғыны.

Жаңа Қаратон ауылына жол салу

Жаңа Қаратон кентінің кентішілік автомобиль жолдарын және жаяу жүргіншілер жолдарын қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Аталған жоба бойынша Жаңа Қаратон кентінің 117 көшеаралық өткелдеріне ұзындығы 33,4 шақырым асфальт жол салу көзделген. Жол құрылысын салу 2021-2022 жылдарға жоспарлануда.

Кенжеғалиев Қуанышбек – Атырау қаласының тұрғыны,                     2 топ мүгедегі.

Қаладағы ашық жатқан құдықтарды ретке келтіру мәселесі

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК қызмет көрсетілетін коммуналдық су құбыры мен кәріз желілерінде шамамен 20 мың бақылау құдықтары бар.

Жыл басынан бастап күні бүгінге дейін "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ның қызметкерлерімен су және кәріз құбыры желілеріндегі 1167 құдықтарды жабу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ашық құдықтар анықталған кезде жедел шаралар қабылдау және апаттық жағдайлардың алдын алу үшін әлеуметтік желілер арқылы немесе мекеменің диспетчерлік қызметіне (тел.: 45-47-12) хабарлау қажеттігі туралы хабарлама орналастырылған.

Чернова Галина Христофоровна – «Глобус» қоғамдық бірлестігі, Атырау қаласының тұрғыны.

Су ресурстарын, оның ішінде Жайық өзенін қалпына келтіру мәселесі

     Трансшекаралық Жайық өзенінің жай-күйі облыс әкімдігі тарапынан үнемі бақылауда және оны пайдалану мен қорғауда бірқатар шаралар атқарылуда.

Жайық өзенінен су алу көлемін мейлінше азайту арқылы оған түсетін салмақты төмендету мақсатында Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, батыс аймақтағы ірі кен орындардың бірі болып табылатын «Көкжиде» жер асты су қорын Атырау өңірі халқының игілігіне пайдалану мәселесі де қарастырылуда.

Қазіргі уақытта «Көкжиде» жер асты тұщы су қорларын қайта бағалау жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы әкімдігіне республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

Өзен атырабының экологиялық жүйесін жақсартуға, қалыпты деңгейін ұстауға бағытталған, оның жануарлар дүниесі мен балық қорының өсімін қамтамасыз ету мақсатында облыстық Құрылыс басқармасымен ауқымды жұмыс – «Жайық өзенінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту» жобасы іске асырылуда.

Оған қоса, «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалы Жайық өзенінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимін зерттеу мақсатында                                  5 гидрологиялық бекетте су деңгейі мен су шығынын бақылап отырады.

Атырау облысы әкімдігімен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Жайық өзенінің гидрологиялық режимін бірлесіп зерттеуге көңіл бөлу қажеттілігін және оны одан әрі жақсарту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді жеделдету туралы ұсыныс хат жолданды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айының 12-13 күндерінде Көкшетау қаласында екі мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық форумын өткізу жоспарлануда. Форумда трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экологиялық проблемалары қаралатын болады.

Тұрланова Ұлмекен – Атырау қаласының тұрғыны.

Көктем  ықшам ауданына жаңа балабақша салу мәселесін қарастыру

Көктем ықшам ауданында 160 орындық балабақша құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақалып мемелекеттік сараптамадан өткізілді. Құрылыс жұмыстарына қаражат 2021-2023 жылдарға бюджетті жасақтау кезінде қарастырылатын болады.                     

Әсел Лұқпанова – Атырау қаласы, Береке ауылының тұрғыны.

Береке ауылының жаңадан бой көтерген учаскелерін  толықтай инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электр жарығы, табиғи  газ, жол,  су желілері)

Береке ауылының 19,3 шақырымды құрайтын 42 көшесіне тас жол төсеу жұмыстарын іске асыратын «АИС» мекемесі анықталып құрылыс - монтаждау жұмыстары басталды.

Сонымен қатар Береке ауылының жобадан тыс қалып қойған көшелеріне тас жол төсеу, жаяу жүргінші жолдарын салу мақсатында ЖСҚ жасақталуда.

     Береке ауылына ескі бағаналарды ауыстыру, электр жарығын жүргізу үшін 23,1 шақырым электр желісі жобасы жасақталып мемлекеттік сараптамадан өтті. Қаражат бөлінуі күтілуде. 

       Береке елді мекеніне 57,6 шақырым су желілерінің  құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады. Береке ауылы табиғи газбен толықтай қамтылды.

Сахиев Айболат – Атырау қаласы, Алмалы ауылының тұрғыны.

Алмалы ауылына түнгі көше жарығын жүргізу және жол төсеу мәселелері бойынша

Алмалы ауылына 15 шақырым тас жол құрылысының ЖСҚ жасақталуда, Алмалы ауылының тозығы жеткен ескі электр бағаналары мен 4,1 шақырым электр желілерінің құрылысының ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Құрылыс жұмыстары қаржының бөлінуіне қарай басталатын болады.

Атырау қаласы, Сарыөзек аулының тұрғындары

Сарыөзек ауылына таза ауыз су және жол салу мәселесі

Атырау қаласында сумен жабдықтау нысандарын салу жоспарына сәйкес, Сарыөзек ауданында (Черная речка) Д-110-300 мм су құбырын салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тас жол төсеу жұмыстарының ЖСҚ жасақталып, қазіргі уақытта  мемлекеттік сараптамаға енгізуге құжаттамалары жинақталуда.

Куанышев Серікбай – Ақсай-2 ауылының тұрғыны.

Ақсай ауылының тұрғындары үшін арнайы спорт нысанын  салу

Ақсай-2 ауылынан көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өткізілді. Қажетті қаражат көзі қарастырылуда.               

Жамал Халел – Құлсары қаласының тұрғыны.

Құлсары қаласына жаңа стадион салу

Құлсары қаласына орталық стадионның құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «Игілік» бағдарламасымен жоба «Теңізшевройл» ЖШС-на ұсынылып, құрылыс жұмыстарын жүргізу 2021 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарлануда.

Жамал Халел – Құлсары қаласының тұрғыны.

Құлсары қаласына 75 орындық аурухана салу

Құлсары қаласына 75 орындық жаңа аурухананың құрылыс жұмыстары «Игілік» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталды, аяқталуы 2021 жылдың желтоқсан айы.

Ибрашева Ғалия – Индербор кентінің тұрғыны.

Аудандағы қоқыс алаңшаларын қоршау

Аудандағы полигондардың саны – 11, жалпы аумағы 71 га. Аудан бойынша 8 елді мекеннің қатты тұрмыстық қалдықтарын жинайтын алаңшаларды қоршау үшін қажетті қаржыға бюджеттік өтінім берілді.

Наурызова Гүлсім Ханатқызы – Индер ауданы, Есбол ауылының тұрғыны, Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің мұғалімі

Апатты жағдайдағы Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің орнына жаңа мектеп салу

Есбол ауылынан 320 орындық мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаны «NCOC» компаниясының демеушілік көмегі арқылы салуға келіссөздер жүргізілуде.

Дәулетов Болат – Индер ауданы, Өрлік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Көктоғай, Өрлік ауылдарының ауылішілік жолдарын жөндеу

Көктоғай ауылының ауылішілік жолдарын жөндеу жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталды. Аяқталу мерзімі 2020 жылдың аяғы.

Өрлік ауылының ауылішілік жолдарын жөндеу жұмыстарына тендерлік рәсімдер өткізіліп мердігер мекеме анықталды. Қаржыландыру мәселесі алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай                             қаралатын болады.

Машаева Айымгүл – Исатай ауданы, Аққыстау ауылының тұрғыны.

Ауылішілік көшелерге жол салу

Исатай ауданы әкімдігімен «Аққыстау ауылындағы ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңарту» (16,3 шақырым, 25 көше) және «Аққыстау ауылындағы ауылішілік  жолдарын күрделі жөндеу»                          (8,2 шақырым, 19 көше) 2 жоба жасақталған.

      Қазіргі уақытта «Аққыстау ауылындағы ауылішілік  жолдарын күрделі жөндеу» жұмыс жобасына конкурстық рәсімдер жүргізіліп, мердігер мекеме анықталып, Аққыстау ауылындағы ауылішілік  жолдарын күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Аққыстау ауылындағы ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңарту» жұмыстары қаражат бөлінуіне қарай жүргізілетін болады.

Сағынғалиев Кенжебай - Исатай ауданы, Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Е.Есжанұлы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу, жол белгілерін орнату

Исатай ауданының Аққыстау ауылына жалпы ұзындығы 24,4 шақырымды құрайтын 2 жоба жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жобаларда Е.Есжанұлы көшесіне жаяу жүргіншілер жолы қарастырылмағандықтан, басталған екі жоба аяқталғаннан кейін жасалатын жаңа жобаға жаяу жүргінші жолы енгізілетін болады.

Қазіргі таңда Е.Есжанұлы мен Әбілхайыров көшелері қиылысында 2 жаяу жүргінші жол белгісі орнатылды.

Аюпов Марат –Құрманғазы ауылының тұрғыны, зейнеткер. Құрманғазы ауылынан тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін беру

      «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылындағы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы» нысанының құрылысы жүргізілуде. Мердігер мекеменің қаржы есебінен Құрманғазы ауылының «Болашақ», «Шипажай» жаңа шағын аудандарына тұрғын үй құрылысы салынатын аумақтарды инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамту мақсатында жол салынып, газ, су, электр желілері жүргізілуде. Бұл мөлтек аудандар тапсырылған соң жер алу кезегінде тұрған жеке тұрғындарға үй салуға «Болашақ» шағын ауданында 68, «Шипажай» шағын ауданында 400 жер учаскелері берілетін болады. Құрылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін толық аяқтап, жер учаскелерін беру жоспарлануда.

Баукешев Кендебай – Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны.

Ақкөл ауылындағы 290 орындық балабақшаны пайдалануға беру

Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылындағы 290 орындық балабақша құрылысы» «Мұнай Автоматика Сервис LTD» ЖШС-мен жүргізілуде. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында пайдалануға беру жоспарланған.

Хамзаев Мәдениет – Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Құрманғазы - Бірлік ауылдық округтері арасындағы автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау

Облыстық маңызы бар «Құрманғазы–Приморье–Бірлік– Котяевка 0-29» автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп,  мердігер мекеме «Бекет Сәт Жол» ЖШС жол құрылыс жұмыстарын бастады. Жол құрылысының мерзімі ауыспалы болғандықтан, жол құрылыс жұмыстары 2018-2020 жылдарды қамтиды. Құрылыс жұмыстары жыл соңында аяқталады.

Сарманов Мұратай – «Нұрлы дала агрофирмасы» шаруа қожалығының төрағасы, жеке кәсіпкер.

Миялы ауылына Халел Досмұхамедұлының ескерткішін орнату

     Қызылқоға ауданы әкімдігімен Миялы ауылына Х.Досмұхамедұлы ескерткішін орнату бағытында облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан қазіргі таңда ескерткішке арнайы таңдау жөнінде конкурс өткізіп, мүсіндер жобасы дайындалды.

Салықов Орынғали Досанұлы – Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тұрғыны, зейнеткер. Миялы ауылының орталық көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу

 

     Миялы ауылында көшелерге тас жол және жаяу жүргінші жолдарын салу үшін ЖСҚ 2018 жылы басталды. ЖСҚ-ға 2020 жылдың 25 маусым айында № alash 0010/20 cараптамадан өтіп, жобаға сай Миялы ауылында Т.Қарабалин, Ж.Жабаев, Қазыбек би көшелеріне жаяу жүргінші жолы, Қ.Аққуов, А.Сабиров, Қ.Сәтпаев, С.Үсенов, Қ.Тасжанов, Қ.Қуанышев, Бөкен би, Қ.Сағырбайұлы көшелеріне тас жолмен бірге жаяу жүргінші жолдары салынады. Құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылдарға жоспарлануда.

Сағынов Серік – Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылының тұрғыны.

Сағыз ауылын үздіксіз таза ауыз сумен қамту

     «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырын қайта жаңғырту жобасы арқылы Сағыз ауылынан көлемі 1500 текше метр су қоймасын, тәулігіне 1200 м3 су айдау ғимаратын салуға ЖСҚ дайындау үшін  аудандық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, жобалау жұмыстары қазан айының соңына аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Кереген жер асты су қорынан қосымша 3 ұңғыма қазу үшін ЖСҚ дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Халенов Сәбит Сүлейменұлы – Мақат ауданы, Мақат кентінің тұрғыны, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Мақат және Доссор кенттеріндегі вокзал перрондарын жөндеуден өткізу

Мақат және Доссор кенттеріндегі вокзал перрондарын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақталып сараптаманың оң қорытындысы алынды. Тиісті қаражат бөлінген жағдайда мемлекеттік сатып-алу рәсімдері негізінде тиісті жұмыстар өз бастауын табады.

Қабдолов Аманияз Тәженұлы – Мақат ауданы, Доссор кентінің тұрғыны, Құқық қорғау саласының ардагері.

Мақат кентіндегі 2008 жылы салынған 2 су қазандығын жөндеуден өткізіп, пайдалануға беру

Мақат кентіндегі  сыйымдылығы  3000м3 болатын 2  ауыз су қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарына  жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Аманбаев Төлембай – Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының тұрғыны «Шабай» шаруа қожалығының жетекшісі.

Есбол-Қазыбай каналын іске қосып, су жіберу мәселесін шешу

    «Есбол-Қазыбай» каналын күрделі жөндеу үшін ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыға бюджеттік өтінім жолданды.

Қадыржан Қазымбекұлы – Махамбет ауданы, Таңдай ауылының тұрғыны.

Таңдай, Талдыкөл, Ақтоғай ауылдарына ауылішілік жолдар салу

     Талдыкөл, Ақтоғай ауылдарының ішкі жолдарын жөндеу «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына енгізіліп, құрылыс жұмыстары «Казкомсервис» мекемесімен жүргізілуде және жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Таңдай ауылының ауылішілік жолын күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ жасақтау жоспарлануда.

Төлегенов Ұзақбай – Махамбет ауданының тұрғыны,  зейнеткер.

Алға ауылына жаңа балабақша салу мәселесі

     Алға ауылындағы балабақша кезегіндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында 160 орындық жаңа балабақша ғимаратының құрылысына ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолданды.

 

Облыс әкімінің «Атырау облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» есебін талқылау бойынша және қала, аудандар әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде тұрғындардан түскен ұсыныстар мен ескертулер жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылдың ІІІ тоқсанына орындалысы
Дата публикации
30 октября 2020