Ата-аналарға нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды тексеру мүмкіндігі беріледі ме?

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері нысаналы талаптардың есептелуі туралы ақпаратты eGov mobile электрондық үкіметінің ұялы қосымшасынан, kids.enpf.kz сайтынан, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларынан да тексере алады.

Бала он сегіз жасқа толғанда оған «БЖЗҚ» АҚ-да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады.

Дата публикации
12 февраля 2025