Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақ қанша уақыт сақталады?

Нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл бойына АҚШ долларымен сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін қатысушы пайдаланбаған нысаналы жинақтау сомалары нысаналы жинақтау шотынан оның ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады. Қаражат ЕЗЖ есепке алынатын шотқа аударым күніндегі ресми бағам бойынша теңгемен есептеледі.

Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.

Дата публикации
12 февраля 2025