Иә, 2025 жылы 18 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін балаларға 2024 жылға, яғни бала әлі 18 жасқа толмаған есепті жылға нысаналы талаптар есептелді. Нысаналы талаптар бірден нысаналы жинақтар мәртебесіне ие болды және алушының БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы барлық балаларға 100,52 АҚШ доллары есептелген. 2025 жылы 129,38 доллар және өткен жылғы мақсатты талаптарға 3,04 доллар инвестициялық кіріс. Осылайша, 2007 жылы туылған азаматтардың мақсатты жинақтау шоттарында 232 доллар және 94 цент бар. Бұл есептеулерді кәмелетке толғандар enpf.kz электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен сайттағы жеке кабинетте көре алады.
Алайда, жас отандастарымыз оны нысаналы мақсаттарына тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана қолдана алады. Мысалы, бала 18 жасқа 2025 жылдың қазан айында толады делік. Оған тиесілі АҚШ долларындағы нысаналы жинақтары баланың БЖЗҚ-дағы шотына 2025 жылдың басында есептеліп қойды. Бірақ ол аталмыш қаражатты тек 2025 жылдың қазан айында, яғни кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалана алады.