Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың айырмашылығы неде?

Нысаналы талаптар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің он сегіз жасқа толмаған азаматтары алдындағы Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы есебінен жыл сайынғы міндеттемелері.

Нысаналы жинақтар  – алушының – он сегіз жасқа толған және нысаналы жинақтарды алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматының нысаналы жинақ шотында жинақталған ақшасы.

Нысаналы талаптар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақ шотына есепке алынатын, ақшалай эквивалент түріндегі (АҚШ долларымен) нысаналы жинақ мәртебесіне кәмелеттік жасқа толған кезде ие болады. Нысаналы жинақты алушы 18 жасқа толған кезінде бұл қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалануға құқылы.

Дата публикации
12 февраля 2025